Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


"Қазақстан 2020: болашаққа жол" Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы. 2013 ж. 1 наурыз



бет296/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   354
Байланысты:
100 сұрақ

"Қазақстан 2020: болашаққа жол" Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы. 2013 ж. 1 наурыз

«Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы Мазмұны Кіріспе 1-бӛлім. Мемлекеттік жастар саясатын дамыту пайымы 2-бӛлім. Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың негізгі қағидаттары мен жалпы тәсілдері 3-бӛлім. «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тҧжырымдамасын іске асыру кӛзделетін нормативтік қҧқықтық актілердің тізбесі Кіріспе Қазақстандықтар – жасампаз және жас ҧлт: республиканың әрбір екінші тҧрғыны 30 жасқа толмаған жастар. Қазақстанның болашағы Қазақстан жастарының даму деңгейімен, олардың қоғамға ықпалдасуымен байланысты, болашақтың негізі бҥгін қаланады. Жастар саясатының басымдықтары Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев бастама жасаған «Қазақстан – 2050» стратегиясының тҥйінді мақсаттарының бірі болып табылады. Бҥгінде еліміз ӛзінің алдына әлеуметтік жаңғыру, ҥдемелі инновациялық индустрияландыру және экономикалық ықпалдасу бойынша жаңа ауқымды міндеттер қояды. Тәуелсіздіктің 20 жылындағы жетістіктерді бекіте отырып, Қазақстан XXI ғасырдың ҥшінші он жылдығында әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруге ниет білдіреді. Бҧл жағдайларда аға буынның жасампаз істерін жалғастыруға, ҧлттық бәсекелестікке қабілеттіліктің деңгейін одан әрі жоғарылатуға, Қазақстанның XXI ғасырда гҥлденуі мен әлемдік танылуын қамтамасыз етуге тиіс жастарға ҥлкен ҥміт пен жауапкершілік жҥктеледі. Мҧндай миссия кәсіптік білімі, дені сау әрі адамгершілігі мол, бәсекеге қабілетті, патриот және әлеуметтік тҧрғыдан жауапты жастардың ғана қолынан келеді. Осыған байланысты мемлекеттің басым міндеті мемлекеттік жастар саясатын уақыт талаптарына сай бейімдеу арқылы жастарды Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторына айналдыру. Мемлекеттік жастар саясаты Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап жас ҧрпақтың ойдағыдай әлеуметтенуі мемлекет назарында болды және қала береді. 1994 жылы Қазақстан Бала қҧқықтары туралы конвенцияны ратификациялады. Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 28 тамыздағы ӛкімімен Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының тҧжырымдамасы мақҧлданды. Кейіннен аталған қҧжатты Ҥкімет қабылдаған соң 2001 жылдан бастап бірқатар бағдарламалар, оның ішінде «Қазақстан жастары», «Жастар саясатының 2003 – 2004 жылдарға арналған бағдарламасы», «Жастар саясатының 2005 – 2007 жылдарға арналған бағдарламасы», сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеудің 2006 – 2008 жылдарға арналған бағдарламасы іске асырылды. Аталған бағдарламалардың бәрі жастардың білім, еңбек және жҧмыспен қамту, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қҧқықтарын қамтамасыз етуге, шығармашылық әлеуетін дамытуға, жастарды ауқымды әлеуметтендіру және патриотизм қҧндылықтарын қалыптастыру ҥшін жағдай жасауға бағытталған. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар

саясаты туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануы жастар саясатын одан әрі іске асырудың институционалдық негізіне айналды. 2010 жылдан бастап жастар саясаты Білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде іске асырылуда. 2008 жылы «Нҧр-Отан» халықтық- демократиялық партиясының (бҧдан әрі – «Нҧр-Отан» ХДП) «Жас Отан» Жастар қанаты I съезінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Жастар саясаты жӛніндегі кеңес қҧрылды. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде

жастар ҧйымдарының бастамаларын қолдау мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарының бірі болып табылды, ӛткен 7 жылда оның кӛлемі 10 еседен астам ӛсті. Білім және ғылым министрлігінің қҧрылымынан Жастар ісі комитеті мен Астана, Алматы қалаларының және облыстардың жастар саясаты мәселелері бойынша басқармаларының қҧрылуы мемлекет пен жастардың ӛзара іс- қимыл жасау процестерін жетілдірудің келесі кезеңіне айналды. Жалпы алғанда, қазіргі уақытта әлеуметтік-экономикалық жағдайларды жақсартуға, болашақ ҧрпақтың қалыптасуы мен жан-жақты дамуына тек арнайы жастар бағдарламалары ғана емес, бҥгінде елімізде іске асырылып жатқан білім беруді, денсаулық сақтауды, тілдерді дамытудың, ҥдемелі индустриялық- инновациялық дамудың ауқымды мемлекеттік бағдарламалары; «100 мектеп, 100 аурухана», «Балапан», «Жҧмыспен қамту – 2020», «Бизнестің жол картасы – 2020», «Қол жетімді тҧрғын ҥй – 2020» бағдарламалары бағытталған. Демографиялық ахуал Ел тҧрғындарының 26 %-дан астамын 14 – 29 жас аралығындағы Қазақстан жастары қҧрайды. 2012 жылы олардың саны 4,4 млн. адамға жақындады. Облыс, сондай-ақ республикалық маңызы бар қала тҧрғындарының жалпы санынан жастардың ең қомақты ҥлес салмағы Астана және Алматы қалаларына, сондай-ақ Ақтӛбе облысына тиесілі, мҧнда 14 – 29 жас аралығындағы жастар 29 %-ды қҧрайды. Тҧрғындардың жалпы санынан жастардың ең аз ҥлес салмағы Солтҥстік Қазақстан облысына – 22 %, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарына – 24 % келеді. Қазақстан жастарына білім деңгейінің жоғары болуы тән. Жоғары білімі бар жастардың саны соңғы онжылдықта 3 есе, арнаулы орта білімі бар жастардың саны 2 есе дерлік ӛсті. Жоғары білімі бар ауыл жастарының саны 6 есе, қала жастарының саны 4 есе ӛсті. Тҧтастай алғанда, Қазақстан жастарының 40 %-ының жоғары, аяқталмаған жоғары және арнаулы орта білімі бар. Жастар ұйымдары Соңғы онжылдықта елімізде олардың саны 7 еседен астам ӛсті. Қазақстан жастар конгресі (2002) және «Нҧр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты (2008) сияқты бҧқаралық ҧйымдарға жастардың шоғырлану процесі жалғасуда. 2005 жылы «Қазақстан студенттерінің альянсы» студент жастардың қоғамдық бірлестігі қҧрылды. 2011 жылдан бастап «Қазақстан жас депутаттарының қауымдастығы», ал республиканың бҥкіл ӛңірлерінде – жастар мәслихаттары жҧмыс істейді. 2011 жылы «Жас Қыран» және «Жас Ҧлан» балалар мен жасӛспірімдерге арналған жаңа

ҧйымдар пайда болды, олардың басым міндеті патриоттық тәрбиелеу болып табылады. Бірқатар жастар бағдарламалары мен бастамалары: «Жастар практикасы», «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға!», «Жастар кадрлық резерві», «Мемлекеттік қызмет мектебі», «Жастар - Отанға!» іске асырылуда, олар мол қоғамдық оң резонансқа ие. Жұмыспен қамту Еңбек және жҧмыспен қамту саласында мемлекеттік жастар саясаты жастарды жҧмысқа орналастыру, қоғамдық жҧмыстарды дамыту және жастарды кәсіптік даярлық пен біліктілікті жоғарылату курстарында оқыту бағдарламаларын іске асыру арқылы жҥзеге асырылады. 2011 жылы 15 жастағы және одан ҥлкен экономикалық белсенді тҧрғындардың саны 8,8 млн. адамға жетті. Жҧмыспен қамтылғандар қҧрылымының (8,3 млн. адам) шамамен ҥштен бір бӛлігін (30,5 %) 25 – 34 жастағы адамдар және 14,5 %-ын 15 – 24 жас аралығындағы жастар қҧраqды. Жҧмыспен қамту қҧрылымында жалдамалы еңбек қала жастарында 78,3%-ға басым, ауыл жастарында – 40,9%. Орта мерзімді кезеңде жастар арасындағы жҧмыссыздық деңгейі (2005 жылдан бастап) 13,4 – 4,6 % шегінде (жҧмыссыздықтың жалпы деңгейі 8,1 – 5,4%) болды. 2012 жылы жастар арасындағы жҧмыссыздық деңгейі (4,6 %) кӛп жылдардан бері алғаш рет жҧмыссыздықтың жалпы деңгейінен (5,4 %) тӛмендеді. Жастар жҧмыссыздығының деңгейі қалаларда жоғары. 2011 жылы ол 5,6 %, ал ауылда – 3,8 % болды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап жҥргізіліп келе жатқан мемлекеттік жастар саясаты қоғам ӛмірінде тҧрақтандырушы рӛл атқарды, жастарға кӛп кездесетін ӛмір ағымының қиындықтарын жеңілдетуге мҥмкіндік берді, жастардың әлеуметтенуіне жағдай жасады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет