Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


Н.Ә. Назарбаевтың Ұлытау төріндегі толғаныс (2014 ж. 26 тамыз) сұхбатында айтылған Қазақстанның киелі жерлері туралы ойларының тарихи-мәдени маңызы



бет299/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   354
Байланысты:
100 сұрақ

Н.Ә. Назарбаевтың Ұлытау төріндегі толғаныс (2014 ж. 26 тамыз) сұхбатында айтылған Қазақстанның киелі жерлері туралы ойларының тарихи-мәдени маңызы

Мына өзіміз келіп отырған Ұлытау – өте қасиетті жер. Ұлытау деп аталуының өзінің тарихи мәні бар. Қазақтың ен даласының қай шетіне барсаң да, осындай қасиетті жерлер табылады. Шығысқа барсаң – Берел қорғаны бар, Орталыққа келсең – қалмақтармен соғысқан Аңырақай шайқасы өткен жер бар. Батысқа барсаң – Алтын Орданың хандары тұрған Сарайшық сияқты қасиетті мекен бар, Оңтүстікке барсаң – Түркістан тұр. Қазақстанда осындай қасиетті жерлер көп. Дегенмен Ұлытаудың орны бір басқа. Біздің жастарымыз оны біле бермейді. Біз өз тарихымызды жаңадан игеріп, біліп жатқан елміз. Қазақтың тарихы өте бай. Оны білуіміз керек, қолға алып та жүрміз. Тарих жылы деген жылды жарияладық. Дүние жүзінен – Қытайдан, Ираннан қазақ тарихының жазба жәдігерлерін жинадық. Қазақтың көп дүниелері атадан балаға ауызекі түрде беріліп келген.

Ұлытаудың қасиеті осындай. Кең байтақ жерде қазіргідей ұшақ, теміржол, автокөлік жоқ. Бір-біріне барып көмектескенше не заман? Әрқайсысы өзін өзі сақтап қалу керек болды. Сондай замандар өткен. Мысалы, Отан деген үлкен ұғым. Отанды қорғау дегенде, әрине, адам баласы алдымен өзінің шаңырағын ойлайды. Әкеңді, шешеңді, бауырларыңды, балаларыңды, немерелеріңді ойлайсың. Сол жүрекпен, сол тілекпен Отаныңды қорғайсың. Сондықтан тарихыңды білген жөн болады. Тарихын білмеген ұлттың болашағы да бұлыңғыр. Мысалы, керемет үлкен еменнің тамыры терең болмаса, ол дауылға шыдап тұра алмайды. Сондықтан тарихымызды таныту үшін қазір көп нәрсе жасап жатырмыз. Сондай тарихтың куәгері – Ұлытау. Оны білуіміз керек.

Кезінде мен астана болатын жер іздегенде Ұлытауды көрейін деп әдейі келдім. Қазақ жерінің нағыз орта тұсы екені рас. Бірақ қазіргі заман талабымен қарасақ, бұл жерде не жол, не су, не әуежай жоқ – ешнәрсе де жоқ. Бұл жерге қыруар қаражат керек болар еді. Бәрібір елдің ордасына лайықты жер емес-ті. Бірақ қасиетті мекен ретінде бағалана береді. Міне, теміржол, басқа да жолдар салынып жатыр. Келешекте туризм орталығы болып, халқымыз келіп тәу ететін қастерлі жер болып қала береді. Мұнда Жошы ханның ордасы болған деп те айтады. Жошының қазасын естірткен кезде «Ақсақ құлан» деген күй шыққан. Бұл мекеннің осындай кереметтерін тани білуіміз керек.

Кезінде мен астана болатын жер іздегенде Ұлытауды көрейін деп әдейі келдім. Қазақ жерінің нағыз орта тұсы екені рас. Бірақ қазіргі заман талабымен қарасақ, бұл жерде не жол, не су, не әуежай жоқ – ешнәрсе де жоқ. Бұл жерге қыруар қаражат керек болар еді. Бәрібір елдің ордасына лайықты жер емес-ті. Бірақ қасиетті мекен ретінде бағалана береді. Міне, теміржол, басқа да жолдар салынып жатыр.



Келешекте туризм орталығы болып, халқымыз келіп тәу ететін қастерлі жер болып қала береді. Мұнда Жошы ханның ордасы болған деп те айтады. Жошының қазасын естірткен кезде «Ақсақ құлан» деген күй шыққан. Бұл мекеннің осындай кереметтерін тани білуіміз керек.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет