Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


Әлемдік және Дәстүрлі Діндер Лидерлерінің Съезі



бет305/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   354
Байланысты:
100 сұрақ

Әлемдік және Дәстүрлі Діндер Лидерлерінің Съезі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев мемлекет басшысы және қоғамда діннің өсіп отырған рөлін толық шамада сезінетін саясаткер ретінде әлемдік және дәстүрлі діндер форумын Қазақстан Республикасының бас қаласы - Астана қаласында өткізуді ұсынды. Осындай іс-шаралардың ұйымдастырушы ретінде жетекші діндер мен конфессия өкілдері тарапынан ғана бұндай ұсыныс түсетін еді. Конфессияаралық келіссөздерді орнатуға бағытталған осындай іс-шаралардың бірі Италияның Ассизи қаласында 1986 жылдың қазан айында және 2002 жылғы қаңтарда әлем діндері мен конфессиялары өкілдерінің кездесуі ғана болатын.

Қазақстан Президентінің ойы бойынша бір бірі туралы жалпы аспектілер мен дәл мәліметтер негізінде құрылған әлем және дәстүрлі дін лидерлері арасындағы келіссөз өзара ынтымақтастық үшін кең болашаққа жол ашып біздің заманымыздың зомбылық, фанатизм, экстремизм және терроризм сияқты теріс көріністерді болдырмауға септігін тигізеді.

І Съездің тұжырымдық ойы және дауларды шешу құралы ретіндегі діндер келіссөзі конфессияаралық және ұлтаралық қатынастардағы зорлық пен терроризм әдістеріне қарсы қойылды. І Съездің мақсаты әлемдік және дәстүрлі дін нысандарында жалпы адами бейіндерді іздестіруге, дін келіссөзін жүзеге асыру және келісілген шешімдер қабылдау үшін үнемі әрекет ететін халықаралық конфессияаралық институт құруға негізделді. І Съезде өркениеттер, конфессиялар, елдер мен халықтар арасында құрылымдық келісімді нығайту мен келіссөз орнату жолында батыл адым жасалды. Дінаралық келіссөз қоғамдық даму мен барлық халықтың әл-әуқатын жақсартудың негізгі кілттерінің бірі болып табылатындығы баса айтылды.

2006 жылғы 12-13 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың төрағалық етуімен әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІ Съезі өтті. Съезд жаңа, арнайы форум өткізу үшін салынған «Бейбітшілік және келісім сарайында» өтті. Съезд «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» жалпы тақырыбымен, «Діни сенім еркіндігі және өзге дін өкілдеріне құрмет» және «Дін лидерлерінің халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ролі» деген екі бағытта өтті. Форумның бірінші күні «Дінаралық келіссөз қағидаттары» қабылданды, онда Съезд жұмысының барысында Форумға қатысушылар басшылыққа алатын негізгі құраушылар көрініс тапты. Съезде сөз сөйлемшілер баяндамаларында Қазақстан Республикасының атына, оның Президентіне діндер келіссөзі дауларды шешу құралы ретінде конфессияаралық және ұлтаралық қатынастарда зорлық пен террор әдістеріне қарсы қойылған Дін форумын ұйымдастырғаны үшін алғыстар айтылып жатты. Съезд қорытындысы бойынша оған қатысушылар барлық дін және этникалық топтар өкілдерін мәдени және діни айырмашылықтар негізінде қақтығыстар тудырмауға шақыратын бірлескен Декларацияны қабылдады. Бұл құжатта «қақтығыстар идеологиясына» «әлем мәдениетіне» алмастырудың жаһандық қажеттігі көрініс тапты.

Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІІ Съезі 2009 жылғы 1-2 шілдеде Астана қаласында (Қазақстан) өтті. Оған әлемдік діни конфессиялардың 60-тан астам делегациялары қатысты. Съезге қатысқан делегациялардың құрамында БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЮНЕСКО және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері болған. Съезд барысында Ислам діні тарапынан Египет, Үндістан, Индонезия, Иран, Түркия, Ливия, БАӘ, Кувейт, Қытай, Ресей, Қырғызстан, АҚШ, Сауд Арабиясы және Пәкістан елдерінен Әл-Азхар университетінің Жоғарғы имамы Шейх Мұхаммед Саид Тантауи, Бүкіләлемдік Ислам Лигасының Бас хатшысы Шейх Абдалла Бен Абдель Мухсин Ат-Турки және Бүкіләлемдік Исламды уағыздау қауымдастығының Бас хатшысы Мұхаммед Ахмад аш-Шариф сынды белгілі дін тұлғалары қатысты. Христиан конфессиясынан рим - католик, орыс православиелік, англикандық, константинопольдегі православиелік, румындық православие және армян апостолдық шіркеу, Бүкіләлемдік лютерандық федерация өкілдері қатысуға ниетті екендіктерін білдірді. Ватиканнан дінаралық сұхбат жөніндегі Папа кеңесінің президенті, кардинал Жан Луи Торан, ағылшын шіркеуінен епископ Николас Бэйнс, Константинополь шіркеуінен Франция митрополиті Эммануель, лютерандық федерациядан Бүкіләлемдік лютерандық одақтың Бас хатшысы доктор Ишмаел Ноко бастаған делегациялар қатысады. Иудаизм делегацияларын Израильдің Бас раввині Иона Мецгер және Израильдің Бас сефард раввині Шломо Амар бастап келді. Сонымен қатар Съезд жұмысына Қытай Халық Республикасы, Моңғолия, Жапония, Таиланд және Оңтүстік Корея елдерінен будда дінінің өкілдері қатысты.

2012 жылы 30-31 мамырда Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезі болды. Форумның негізгі тақырыбы «Бейбітшілік пен келісім адамзаттың таңдауы» болып, онда 40 мемлекеттен 85 делегация қатысты. IV съез барысында діни көшбасшылар кеңесінің бірінші отырысы болып өтті, онда басымдықтар мен диалог тетіктерін айқындауға және басқа форумдармен және халықаралық ұйымдармен мәдени және экономикалық өзара іс-қимылды ынтымақтастықты қамтамасыз етуге бағытталған.[1]

Съез қортындысы бойынша қатысушылардың үндеуі қабылданды. Бұл құжатта терең мағаналы рухани үндеулер көрініс тапқан. Діни көшбасшылар бүкіл адамзатты осы жер жарының болашағы үшін өзара іс-қимыл, бейбітшілік пен келісім, әділеттілік пен жасампаздық шақырды.

2015 жылы 10-11 маусымда әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі Астана қаласында өткізілді. Бұл іс-шараға 42 мемлекеттен 80-нен астам делегация келіп, БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун, Иордания королі Абдалла ІІ, Финляндия Президенті Саули Ниинистелер қатысты. Форумның жұмысына аса бір өзектілік берілгендігі сол уақыттағы әлемнің әр түрлі нүктелерінде этникалық және діни қақтығыстардың өршіп тұруы мен әлемде геосаяси қысымның жоғарылауы болды.

Съездің басты тақырыбы «Бейбітшілік пен даму үшін диалог» болып белгіленді, себебі әлемде тыныштық пен келісімді орнатуға негізгі қадам ымыраға келуге дайын болу. Съезд жұмысының қортындысына сәйкес қатысышылар тарапынан бірлескен декларация қабылданып, түрлі елдердің барлық саяси және діни қайраткерлеріне 21 ғасырдың сын-тегеуіріндері мен қауіптеріне қарсы бірлесе қарсы тұру қажеттігі туралы үндеу жасалды.


  1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің негізгі қағидалары. Соғысқа, ядролық қаруға және терроризмге қарсы күресу жөніндегі бастамалары

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін Америка Құрама Штаттарының астанасы – Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте жариялады. Бұл манифест Қазақстан басшысының Карнеги қорының штаб-пәтерінде АҚШ-тың қоғам және саяси қайраткерлерімен өткен кездесуі кезінде жан-жақты талқыланған еді.

«Әлем. XXI ғасыр» манифесінде Қазақстан Республикасының Президенті мемлекет басшылары мен саясаткерлердің, адамзаттың болашағы үшін зор жауапкершілікті арқалап отырғандықтарын,

болашаққа бастар бейбітшілік жолында ел сенімін абыроймен атқару қажеттігін, бұл үшін нақты істерге көшетін уақыттың жеткендігін айтты.

 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Әлем. XXI ғасыр» Манифесіне 1991 жылы 29 тамызда қол қойды.

 ҚР Президенті Архивінің директорының айтуынша, Семей ядролық сынақ полигонын жабу оңайға түспеген. Бұған Қазақстан Республикасы

Президенті Архивінде сақтаулы құнды құжаттар дәлел.

 Семей полигоны - КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды.

 «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығы 1991 жылдың 28 тамызы шықты. Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды.

ТМД парламент өкілі Юрии Андреев: «Бұл құжат бейбіт болашақ кепілі» деп айтты.

«Әлем. ХХІ ғасыр» БҰҰ-ның сонғы саммитіндегі ең басты ресми құжат. Бұл Қазақстанның 25 жыл бойы жасап келе жатқан еңбегі дейді.

Манифестің соңында Елбасы: «Көптеген тар жол, тайғақ кешуден өткен адам, саясаткер ретінде, Семей ядролық полигонын жабу туралы күрделі шешім қабылдаған мемлекет қайраткері ретінде мен әлемдік лидерлер мен бүкіл халықаралық қоғамдастыққа ақыл-парасатқа жүгініңдер деген табанды талаппен қайрылып отырмын. Адамзатты ажал сепкен соғыс қатерінен мүлде арылту үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Біз үшін қазір және таяу болашақта бұдан көкейкесті міндет жоқ»-деп сөзін түйіндеді.

Әлемдік қоғамдастық іс-қимылының тұтастық алгоритмдерін мына бағыттар бойынша осы кешенді негізде түзу керек.

БІРІНШІ. Ядролық және басқа да жаппай-қырып жоятын қарудан толықтай азат әлемге қарай дәйектілікпен ілгерілеу. Бұл бағыттағы маңызды қадам қазірдің өзінде жасалып отыр. 2015 жылдың 7 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасы бойынша Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға ортақ декларация қабылдады. Қазақстан 25 жыл бұрын әлемде алғашқы болып Семей ядролық сынақ полигонын біржолата жапты. Бұл - әзірше әлемдік тәжірибедегі алғашқы және бірден-бір оқиға. Жас мемлекет содан соң КСРО ыдырағаннан кейін мұраға қалған атом қаруының әлемдегі төртінші әлеуетіне және оны жеткізу құралдарына иелік етуден өз еркімен бас тартты. Бұл шешім жетекші ядролық державаларды ядролық сынаққа мораторий жариялауға қозғау салды. 20 жыл бұрын БҰҰ аясында Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт жасалды және қол қою үшін ашық деп жарияланды, бірақ ол осы күнге дейін күшіне енбей келеді. Қазақстан аумағында МАГАТЭ туы астында атом энергетикасын дамытуды жоспарлап отырған мемлекеттерге арналған Төмен байытылған ядролық отын банкі құрылды. Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммиттердің маңызы аса жоғары. Енді өлім себетін қаруларды ғарыш кеңістігіне, Әлемдік мұхиттың бейтарап суларының түбіне, Арктикаға орналастыруға тыйым салатын жаһандық шешім қабылдаған жөн. Жаппай қырып-жоятын жаңа қару түрлерін жасау үшін ғылыми жаңалықтарды пайдалануға тыйым салатын халықаралық құжат әзірлеп, оны орындауды міндеттеу маңызды. БҰҰ-да жаппай қырып-жоятын қару жасау және жетілдіру үшін пайдалануға болатын ғылыми жаңалықтардың Тіркеу реестрін құрған абзал.

ЕКІНШІ. ХХІ ғасырда өмірлік іс-әрекеттің тәсілі ретінде соғыстың түп-тамырын біртіндеп жойып, орнықты әлемнің географиясын қалыптастыру қажет. Әлемде ядролық қарудан азат алты аймақ бар. Олар Антарктиданы, Латын Америкасын, Африканы, Австралия мен Океанияны қоса алғанда, іс жүзінде бүкіл Оңтүстік жарты шарды қамтиды. Олардың ішіндегі ең «жасы» 10 жыл бұрын Семейде өңірдің бес мемлекеті құрған Орталықазиялық ядросыз аймақ болып табылады. Таяу Шығыста ядросыз аймақ құру жөніндегі халықаралық күш-жігерді белсендірек ете түсу керек. 1992 жылы Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыруға бастамашы болды.

ҮШІНШІ. ХХІ ғасырда милитаризмнің жаһандық қауіпсіздікке қатер төндіріп, кең ауқымды халықаралық ынтымақтастыққа кедергі келтіретін әскери блоктар секілді рудиментін еңсеру керек. Геосаяси ахуалдың мәні мынада: егер тым болмаса бір ірі әскери блок бар болса, онда оның антиподы құрылатыны заңдылық. Күш қарсы күшті тудырады. Әскери блоктарға бейбітшілік пен қауіпсіздікке өзінің жауапкершілігін әркез сезіне бермейтін түрлі мемлекеттер де еніп отыр. Оның үстіне, әскери блок зонттарын, өздерінің тікелей көршілерін қоса алғанда, үшінші елдермен өзара қарым-қатынасында басымдық алу үшін пайдалануға әрекеттенушілік те жоқ емес. Осылайша қарсы тұру ахуалы жекелеген өңірлерде, сондай-ақ, бүкіл жаһандық кеңістікте шексіз жалғаса беруі ықтимал. Бұған қоса, өткен соғыстар мен жанжалдардың тәжірибесі көрсетіп отырғандай, өзіңнің қауіпсіздігіңді өзге мемлекеттердің қауіпсіздігіне қысым жасау есебінен қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан әскери блоктарға БҰҰ туы астында Мемлекеттердің бейбітшілік, тұрақтылық, сенім мен қауіпсіздік жолындағы үшін жаһандық коалициясын қарсы қою қажет.

ТӨРТІНШІ. Халықаралық қарусыздану үдерістерін жаңа тарихи жағдайларға бейімдеу маңызды. Зымыранға қарсы жүйелер мен кәдімгі қару-жарақ жөніндегі бұрынғы уағдаластықтар кезіндегі алысты болжай алмаушылық Еуразия кеңістігін саяси милитарландыруға алып келді. Бұл, тіпті, қорғанысты басқарудың электрондық жүйесінің ықтимал ақауына байланысты жаһандық соғыстың басталу қаупін күшейте түседі. БҰҰ-ның Қарусыздану жөніндегі конференциясы қызметінің жаңа стратегиясы қажет. Алдымызда мүлде жаңа қатер - терроршылардың қолындағы аса қауіпті қаруға айналуы мүмкін киберқылмысты жоюмен айналысу міндеті тұр.

БЕСІНШІ. Соғыссыз әлем - бұл, бірінші кезекте, халықаралық қаржы, сауда-саттық және даму саласындағы жаһандық бәсекелестіктің әділетті парадигмасы. БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында Қазақстан Жаһандық Стратегиялық Бастама-2045 Жоспарын жасау бастамасын ілгерілетті. Бұл Жоспар соғыстар мен жанжалдардың түбегейлі себептерін жоюды көздейді. Барлық ұлттардың инфрақұрылымға, ресурстар мен нарықтарға теңдей және әділетті қолжетімділігі негізінде дамудың жаңа үрдісін қалыптастыру маңызды. Оны БҰҰ-ның 100 жылдығы мерейтойына қарай жүзеге асыру ұсынылып отыр. Қазақстан 2016 жылы БҰҰ-ның жоғары деңгейдегі Халықаралық конференциясын шақыруды ұсынады. Оның барысында ХХІ ғасырда қиратып-бүлдіруге әкеліп соқтыратын соғыстар мен жанжалдардың алдын алу мақсатында халықаралық құқықтың қағидаттарын қуаттаған жөн. Ақыл мен үнқатысуға, сабырлылық пен парасат-пайымға шақыру әректі жаһандық әлем қарсыластарының ақпараттық шабуылдарының құрбандықтарына айналмауға тиіс.

Қорытындылай келе, адамдардың өткен ғасырдағы жасағаны секілді, ХХІ ғасырда да бейбітшілік үшін байыптылықпен және табандылықпен күресу керек. Біз балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы туралы ойлауға тиіспіз. Өткен ғасырлардың қасіретті қателіктерін қайталауға жол бермей, әлемді соғыс қатерінен түпкілікті арылту үшін бүкіл әлем үкіметтерінің, саясаткерлерінің, ғалымдарының, бизнесмендерінің, өнер қайраткерлерінің және миллиондаған адамдарының күш-жігерін жұмылдыру қажет. Іс-әрекетсіз отыру немесе бітімгершілік қызметпен айналысқан кейіп көрсету әлемдік апатпен барабар.

Менің «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесім ХХІ ғасырда өмір сүретін және жұмыс істейтін өскелең ұрпақтың тағдырына шынайы алаңдаушылықтан туындап отыр. Біздер, мемлекет басшылары мен саясаткерлер, адамзаттың болашағы үшін зор жауапкершілік арқалап отырмыз. Көптеген тар жол, тайғақ кешуден өткен адам, саясаткер ретінде, Семей ядролық полигонын жабу туралы күрделі шешім қабылдаған мемлекет қайраткері ретінде мен әлемдік лидерлер мен бүкіл халықаралық қоғамдастыққа ақыл-парасатқа жүгініңдер деген табанды талаппен қайрылып отырмын. Адамзатты ажал сепкен соғыс қатерінен мүлде арылту үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Біз үшін қазір және таяу болашақта бұдан көкейкесті міндет жоқ» деді ҚР Елбасы Н. Ә. Назарбаев.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет