«Қазақ» газеті мен «Айқап» журналының халықтың ой-өрісін көтеруге тиізген ықпалы
“Айқап” журналы ағарту ісі мен мәдениеттің жаршысы болды. “Айқап” нөмірден-нөмірге жер мәселесіне зор көңіл бөліп отырды. “Айқап” журналының қазақ фольклорын зерттеудегі, абайтануды қалыптастырудағы, орыс және дүниежүзі классикалық әдебиетінің рухани мұрасын насихаттауда атқарған рөлі зор.
“Қазақ” газеті өз беттерінде халық ағарту, кітап шығару мәселелеріне басымдық берді. Бұл эволюцияда А. Байтұрсыновтың ғылыми-педагогикалық ізденістері ерекше рөл атқарды, соның арқасында ұлт қазақ әліпбиін алды, қазақ тілінің фонетикасы, синтаксисі, этимологиясы, сөз өнері теориясы мен мәдениет тарихы дамытылды. “Қазақ” газетінің беттерінде аграрлық проблеманың Ә. Бөкейханов бастаған көрнекті білгірлері отаршылдықтың мәнін, қазақ шаруаларының құнарлы жерлерін алып қою арқылы қоныс аудару қоры құрылуының, шаруалардың жерсіз қалуы үрдісінің мәнін ашып көрсетті. “Қазақ” газеті мұсылман діні мәселесі бойынша ғылыми негізделген тактика ұстанды. Ол қазақ халқының артта қалған бөлігінің діншіл екеніне, Алланы және оның “жердегі өкілдері” молдаларды шын жүректен қадірлейтініне көңіл бөлді. “Қазақ” газеті беттеріндегі жарияланымдардың едәуір бөлігі тіл мен әдебиет, этнография, мәдениет пен тәрбие, педагогика мәселелеріне, рыногтық жағдайларға бейімдей отырып, халық санасын жетілдіруге арналды. Газет өзінің нысаналы жарияланымдары арқылы ұлттың тарихи санасын қалаптастырды, Абай сияқты аса көрнекті тұлғалардың өмірі мен қызметі үлгісімен ұлттық мақтанышқа тәрбиелеу міндеттерін белгіледі, Абай даналығы деңгейіне көтерілуге, өз халқының қамын ойластыруға, оның дәстүрлерінен, гуманистік принциптерінен таймауға шақырды. Газет демократиялық, тәуелсіз мемлекет орнату үшін бірінші кезекте ана тілі мен әдебиетін білу, кәсібилік ұлттық экономиканың бай болуы қажет екенін дәлелдеді. А. Байтұрсынов былай деп атап айтты: “басқалардан қалып қоймау үшін біз сауатты, бай және күшті болуға тиіспіз. Саутты болу үшін оқу керек. Бай болу үшін кәсібилік керек. Мығым болу үшін бірлік керек. Осы бағытта жұмыс істеу керек”. Газетке қатысып тұрған бүкіл авторлар ұжымының А. Байтұрсынов бағдарламасына толық қосылғанын атап өткен жөн. “Қазақ” шын мәнінде бүкілресейлік газет болды. Ол халықаралық жағдайға жүйелі түрде талдау жасап, ондағы Ресейдің рөлін анықтап отырды, елдегі және шетелдегі демографиялық жағдайды ашып көрсетіп, бүкіл түрік дүниесінің, мұсылмандар қозғалысының тағдырын қадағалады. Газет Мемлекеттік Думаның жұмысына, оның мінберінен қазақ халқының мүдделерін қорғау мәселелеріне ерекше мүдделілік танытты. “Қазақ” газеті қазақ халқы тарихының бетбұрысты кезеңінде шығарылды. Ол тұжырымдылығымен, жоғары көсемсөзділігімен, қазақ әдеби тілінің мағыналылығымен, өз халқының көкейтесті мүдделеріне адал қызмет етуімен ерекшеленді. Демократиялық қазақ баспасөзі революция, Мемлекеттік Дума, оның мұсылман фракциясы, мұсылман съездері туралы, империяның ішкі және сыртқы саясаты, соның ішінде оның отаршылдық саясаты туралы жазды. Ол шет аймақтардың ғасырлар бойындағы ұйқыдан оянып жатқан халықтарының мүдделерін көрсетті, өркениетті дүниежүзілік қоғам жүйесіндегі оның болашағы туралы армандарға берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |