Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі. Азаматтық қарсыласу жылдарындағы Қазақстан
Осыдан 100 жыл бұрын, Ресей империясының сол кездегі астанасы Санкт-Петербургте, дәлірек айтқанда, 1917 жылдың 25 қазанында (7 қараша) адамзат тарихының сүрлеуін өзгерткен «Қазан төңкерісі» атты тарихи оқиға болды. Қазақтың осы бір жалпақ сөзі саясат¬қа келіңкіремесе де патшаны тақтан тайдырған кездегі қоғамдық ахуалдың ауырлығы, өкімет басына келгендердің сылбырлығы оны еріксіз еске салып отыр. Больше¬виꬬтер де соны шебер пайдаланып ке¬тіп еді.
Қай күнде өзгеріс, қайта құру, өмірлік тәртіптер мен қағидаларды басқа бағытқа бұру жеке адамға да аса қиындықпен келеді. Ал мемлекеттің тәртібі мен мизамын басқа бағытқа өзгерту, бәрін жаңаша құру – бұл енді аса күрделі, қайшылықты процесс. Мұндайда тек елге танымал, беделі зор, биліктегі тәжірибесі мол, басқару дарыны орасан тұлғалар ғана ішкі-сыртқы күштердің кесірлі әсерін еңсере отырып, жаңа тәртіптер мен мизамдарды қиюын келтіріп енгізіп, таласқандар мен дауласқандарды келістіре отырып, қантөгіссіз жүргізіп кете алады.
Оның мысалын кеше ғана басымыздан өткіздік. Тәуелсіздік туын көтерген кешегі бағынышты республикаларда көшбасшылары мықты болғандарының түтіні түзу ұшып, жаңа тұрпаттағы дамудың жолына қантөгіссіз түсіп кетті. Ал ли¬дерлері нақты билікте болмаған, тек демократиялық пиғыл, өткір ұран¬дармен жүріп, билікке келгендері тақ¬тың талабын еңсере алмай, ел¬дерінде қантөгіске орын беріп алды. Ке¬й¬бі¬реулері, тіпті өзі де шағын жер кө¬ле¬мінің біразынан айырылып қалды...
1917 жылы ақпанда патша тақтан бас тартқаннан кейін Ресейде мемлекет билігі қолына тиген Уақытша өкімет те елді меңгеріп, өзінің алдына қойған мақсатын іс жүзіне толық асырып кете алмады. Оның бас¬ты себебі – экономикалық дағдарыс¬тың, ішкі-сыртқы күштердің кері әсерімен қатар бірінші басшылық¬қа елге танылған дарынды тұлға табылмағаны еді. ІІ Николай тақтан бас тартқанда Уақытша өкіметтің басына князь Георгий Львовты отырғызып кеткен. Коалициялық жолмен құрылған Уақытша өкімет те оның өкілеттігін қолдап, өздерінің төрағалығына сайлады. Бірақ ол шыққан тегі ежелгі орыс дворян-дығы, көп оқыған, қоғам қайрат¬кері, белсенді депутат болғанымен нақты билікте отырмаған, оның қитұрқы тәсілдерімен танысып көрмеген, демократиялық пиғылдағы ақсүйек адам болатын. Сондықтан да ол басқарған коалициялық өкімет билікті қолына алғанымен елді баурай алмады.
Елдегі бей-берекетсіздік, стачкалар, өнеркәсіптің құлдырауы, азық-түлік жетімсіздігі, соғыстан қашқан солдат¬тардың тәртіпсіздіктері, боль¬ше¬виктердің көтеріліске үндейтін үгіт-насихаты – бәрі империяның астана¬сын ғана емес ірі қалаларының бәрінде анархия тудырды. Төңкеріске көптен дайындалған большевиктер 24 қазанның түнінде «Қызыл гвардия» мен Балтық флоты матростарының күшімен өкі¬мет-тің барлық күзетшілерін қарусыз¬дан¬дырып, вокзалдарды, электр мен теле¬граф стансаларын, поштаны және т.б. басып алады. Түн ортасы ауа Ке¬рен¬скийдің өкіметі орналасқан Қыс¬¬¬¬қы сарайдың жарығын өшіргенде ғана Уақытша өкімет өздерінің соңғы са¬ғат¬¬тары жеткенін біледі. 25 қазан күні таңертең Керенский өкіметінің қарауында әйелдерден құралған 200 адам¬дық батальон мен юнкерлердің 2-3 ротасы және Георгий орденінің 40 кавалерінен тұратын шағын отряд қорғаған Қысқы сарай ғана қалады.
26 қазан күні «Аврора» крейсері¬нен құр дәрімен гүрс етіп атыл¬ған оқ Қысқы сарайға шабуылдың басталғанын жария етеді. Кеңестердің қарауына өткен Петроград гарни¬зоны¬ның солдаттары мен Балтық теңізі флотының матростары және қарулы жұмысшылар отряды Антонов-Овсеенконың бастауымен Қыс-қы сарайға лап қояды. Бір сағатқа созыл¬ған алғашқы шабуыл сәтсіз аяқ¬¬талады. Сарайды қорғаушылар өздерін оңай берілмейтіндіктерін көр¬се¬теді. Екінші шабуылда большевик¬тер Петропавл қорғанында тұрған зеңбіректерді қолданып, олардан 35 рет снарядтар атылады. Алайда бұл жолғы шабуыл да тойтарылады.
Қысқы сарайды қорғаушылар да аз жапа шекпеген, әсіресе, әйелдер батальонының жауынгерлерін зорлау мен өлтірулерге алғашқы кезеңде ешкім қарсы тұрмаған. Қолға түскен юнкерлер мен офицерлер де түрлі мазаққа ұшырап, әбден зардап шеккен.
Міне, большевиктер өкімет басына осылай қанды жолмен келген еді. Қантөгісті болдырмай, қараша айына белгіленген Құрылтай жиналысына қатысып, онда өкіметті басқарудың демократиялық жүйесі белгіленсе, большевиктер бәлки билікке бейбіт жолмен жетер еді. Бірақ большевиктердің көсемі Ленин өз партиясының бейбіт жолмен абсолютті билікке қол жеткізе алмасын бірден болжап, осылай қанды жолмен төңкеріс жасауды дұрыс деп санаған.
Уақытша үкіметтің халық күткен аграрлық мәселені шеше алмауы, езілген халықтарға өзін-өзі билеуі немесе автономия алу мәселесін күн тәртібіне қоюға тырыспауы, жұмысшыларға 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу сияқты көкейкесті мәселелерді шешпеуі халық наразылығын одан әрі күшейтті. 1917 ж. жазының соңы мен күзінің бас кезінде бүкіл Ресейдің жер-жерінде бұқараның Уақытша үкіметке деген қарсылығы өсе түсті. Бұл Кеңестердегі большевиктердің ықпалының артуына жағдай жасады. Ал Корнилов бүлігінің талқандалуы большевиктер беделін біржола көтерді. Осындай жағдайда большевиктер партиясы 1917 жылғы шілде оқиғасынан кейін алынып тасталған “Барлық билік Кеңестерге берілсін” деген ұранды қайта көтерді. Енді бұл ұран қарулы көтеріліске, Уақытша үкіметті құлатуға, пролетариат диктатурасын орнатуға бағытталды. Қазан төңкерісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ облыстық және уездік орталықтарда да жұмысшылар мен шаруалардың өкіметін нығайту ісі, ауылдық және селолық Кеңестерді құру ісімен бірге жүргізілді. Алайда ауылдың экономикалық және мәдени жағынан артта қалуынан туындаған қиыншылықтар, әлі де күшті рулық байланыстар қазақ ауылдары мен болыстарында Кеңес өкіметінің органдарын ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарын қиындатты. 1918 жылдың күзінен бастап басқарудағы ала-құлалық жойылып, билік Кеңес атқару комитеттері қолына алына бастады. Сонда да болса, ауыл-селоларда әлі Кеңестер күш ала алмай жатты. Кеңес өкіметінің нұсқау, жарлықтарын іске асыруға қарсылық күшті болды. Халық азық-түлік тапшылығынан зардап шекті. Кеңес өкіметіне қарсы күштер бас көтерді. Кеңеске қарсы күштердің қарсылығын басу үшін, жергілікті жерлерде өкімет билігін нығайту қажет болды. Кеңес өкіметін нығайту жолындағы күресте облыстық және уездік кеңестер съездері көп роль атқарды. Облыстық, уездік, болыстық кеңестерде жер, азық-түлік, шаруашылық, сот, бақылау, қаржы бөлімдерінің жұмысын жолға қоюға бағытталған шаралар іске асырылды. Кеңестердің жанынан еңбек, ағарту, денсаулық сақтау т.б. бөлімдері ашылды. Кеңес қызметкерлерін даярлайтын курстар жұмыс істей бастады. Осындай төңкерістік шараларды іске асыру барысында, асыра сілтеушілік, солақайлық, теріс әрекеттер орын алып, Кеңес өкіметіне деген сенімсіздік күшейді.
Достарыңызбен бөлісу: |