Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


Қазақстандағы (1917-1940 жж.) мәдениеттің негізгі даму бағыттары. Қазақ кеңес зиялы қауымының қалыптасуы



бет89/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   354
Байланысты:
100 сұрақ

Қазақстандағы (1917-1940 жж.) мәдениеттің негізгі даму бағыттары. Қазақ кеңес зиялы қауымының қалыптасуы

Мәдени салада Кеңкс өкіметі мынандай стратегиялық міндеттерді анықтап берді: Дәстүрлі өмір салтынан қол үзу; сауатсыздықпен күрес жүргізу және кеңестік білім беру жүйесін қалыптастыру; атеистік тәрбиені күшейту; мем-к және партия билігіне комм-к идеология рухында тәрбиеленген шенеуніктерді даярлау. Осы міндеттердің ең негізгісі - білім беруді дұрыс жолға қою болды.

1919 жылы 26 желтоқсанда Халық Комиссарлар Кеңесі сауатсыздықты жою жөніндегі декретке қол қойды. Бұл мәселемен айналысатын арнайы комиссия құрылды.

1920-1921 оқу жылында Қазақ өлкесінде 72232 адам оқитын 2412 сауатсыздықты жою пункттері жұмыс істеді. Ауылға жаппай мәдени-ағарту жорығы ұйымдастырылды. Сауатсыздықты жоюдың жылжымалы бөлімшелері жұмыс істей бастады, әйелдерді оқыту үшін "Қызыл отаулар" құрылды. Білім беру жүйесінің бастауыш, толық емес орта білім, орта бәләм беретін мектептері қалыптаса бастады.

1928 жылы қазақ әліпбиі араб графикасынан латын әліпбиіне ауысып, ұлттық дәстүріміз бен мәдениеттің дамуына үлкен кедергілер туғызды. Әліпбидің ауысуы қазақ тілі ғылымының дамуына да өз зардабын тигізді.

Қазақ кеңес мәдениеті туралы әңгіме еткенде оның тарихи ерекшеліктері мен өзіндік белгілеріне тоқталып өткен жөн. Егер бұрынғы қазақ мәдениетін дәстүрлік өркениет деп бағаласақ, онда тоталитарлық жүйеде ұлттық негіздерді жойып жіберуге бағытталған болышевиктік шараларды ескеру керек. «Тағдыры ортақ жаңа қауым», «тарихта бұрын болмаған адамдардың жоғары бірлестігі — кеңес халқы», сондай-ақ, «мазмұны пролетарлық және түрі ұлттық социалистік мәдениет» ұрандарын басшылыққа алған идеологтар мен саясатшылар рухани мәдениеттің тамырына балта шапты. Ерте заманның өзінде атақты Аристотель мазмұн мен форманың бірлігін дәлелдесе, революционер марксистер мәдениеттегі ұлттық мазмұнды бекерге шығарды. Шын мәнінде, ең алдымен, мәдени туындының мазмұны ұлттық болып табылады. Өйткені мәдени қайраткерлер өз шығармашылығында нақтылы ұлттық көкейкесті мәселелерді көтереді; қаңдай абстрактылы шығарма болғанымен, оның тамыры этностық фольклордан, халықтық педагогика, этика, дүниетанымнан нәр алады. Жоғарыдағы «социалистік» мазмұнды көмкерген ұлттық форманы Сталин тек тілге әкеп тіреген. Олай болса, өз ұлтының тарих-талғамын орыс тілінде жазған Ш. Айтматов пен О. Сүлейменовты қалайша ұлттық мәдениеттен аластаймыз. Әдеби тілден басқа әр этностың өзіндік рәміздері, таңбалары, музыка, театр, көркемөнер тілі бар. Әр этностың төлтума мәдениетіне үлкен нұқсан келтірген большевиктік «тәжірибелердің» бірі — ұлтаралық некелесуді дәріптеу. Әрине, табиғи-тарихи жағдайларда бұл — прогрессивті процесс, дүниежүзілік мәдени сұхбаттасу ағынының бір бұлағы. Әр түрлі этностардың, тіпті нәсілдердің араласуы нәтижесінде қазіргі әлемде көрнекті рөл атқаратын американдар, бразилиялықтар, мексикандар, үнділер сияқты халықтар қалыптасты. Этнобиологиялық және этноинтеграциялық тұтастануды оқшаулану деп түсінудің ауылы ақиқаттан алыс. Алайда Кеңес Одағында бұл процесс өктемділікпен жүргізіліп, империядағы басқа халықтарды орыстандыру саясатында өтті. Саяси-идеологиялық ұрандардың желеуімен 200-ден астам этностар араластырылып жіберілді. «Нәтижесінде жүзге тарта төлтума мәдениет мәңгілік жоқ болып, жұмыр жердің мәдени-рухани болмысы солғын тартты. Осынау жойқын да жойдасыз қасіреттің орнында мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан төлтума мәдениетін әбден таптап, химералық күйге жеткен 300 миллион тобыр қалды; басқа ұлтпен некелескен 60 миллион дүбара қалды; 60 мың тірі жетім балалар қалды (тіркеуге алынғаны ғана); абақтының тұрақты тұрғындарының саны 20 миллионға жетті». (Тарақты А. Ауызша тарихнама — Қазақ, 36-бет). Шын мәнінде, Кеңес Одағы маргиналдар қоғамына айналды.

Әр ұлттың мәдени архетиптерін шайқалту Кеңес Одағында мемлекеттік саясат дәрежесінде нысаналы түрде жүргізілді. Мысалы, 1951 жылы Орталық мұсылман халықтарының «Деде Қорқыт», «Алпамыс», «Манас». «Ер Сайын», «Шора Батыр», «Қобыланды» сияқты эпостарын діншіл және ақсүйектік деп жариялап, оларға тыйым салды. Халықтық мәдениетті қудалаудың сорақы бір көрінісі — домбыраны феодализмге апарып тіркеу. Тоталитарлық жүйенің мәдениет саласында жүргізген саясаты тек кеңестік ұлттарды «тазалаумен» шектелген жоқ. «Жаңа коммунистік мәдениетті қалыптастыру» дегенді басшылыққа алған партократия дүниежүзілік озық мәдениет үлгілеріне тосқауыл жасады. Белгілі «темір пердемен» қоршалып қойылған КСРО-да таза пролетарлық мәдениет дәріптелді; бүкіл Батыс — буржуазиялық, ал Шығыс — ескішіл феодалдық деп жарияланды. Мұның бір дәлелі — Отан соғысынан кейін сталинизмнің жүргізген шаралары. «Космополиттік мәдениет», «империализм ықпалдарына түскен» ғылымдар қатарына кибернетика, генетика, тілтану т.б. қойылды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет