1920-30 жж. Қазақстанда ашылған жоғары оқу орындары мен мәдени мекемелер
Сауатсыздықты жою қоғамы ұйымдастырылды 1924 ж.
➢ 15 жастан 50 жасқа дейінгі жалпыға бірдей міндетті сауат ашу енгізілді 1931 ж.желтоқсанда
➢ Республиканың Халық Комиссарлар Кеңесі «Қазақ АКСР бірыңғай еңбек мектептерінің жарғысын» қабылдады: 1926 ж .мамырда
➢ Көшпелі аудандарда жалпыға бірдей білім беру енгізілді 1931 жылдың көктемінен бастап
➢ 1928 жылдың аяғына қарай республикадағы қазақтар арасындағы сауаттылық деңгейі 10 %
➢ Қазақстандағы тұңғыш оқу орны – педагогикалық институт ашылды: 1928 ж.
➢ Қазақстанда тұңғыш жоғары оқу орны- педагогикалық институт 1928 ж. ашылған, оған кейін есімі берілді Абайдың
➢ Алматы медицина институты ашылды 1931 жылы
➢ Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік институты ашылды 1929 жылы
➢ Орал және Қызылорда пединституттары ашылды 1931-1932 жылдары
➢ С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті ашылды 1934 ж.
➢ Республикада инженер-техник кадрларын даярлаудың негізін қалады Қазақ кен-металлургия институты
➢ Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстанда жоғарғы оқу орындарының саны 20
➢ Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстанда орта арнаулы оқу орындарының саны 118
➢ Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстанда жоғары және орта арнаулы оқу орындарында 40 мыңдай адам оқыды
➢ 1930 жылдары өзге республикалардың жоғары оқу орындары мен техникумдарында қазақстандық жастар білім алды 20 мыңдай
➢ Қазақстан ғылымының қалыптасқан кезеңі 1920-1930 жылдар
➢ Қазақстанды зерттеу қоғамы құрылды 1920-1930 жылдары
➢ Ежелгі Тараз қаласының орнында қазба жұмысын жүргізген М.Е.Массон (1926 жылы)
➢ КСРО Ғылым академиясының кешенді экспедициясы бүкіл Қазақстан аумағында статистикалық-экономикалық, топырақ-ботаникалық, геологиялық, гидрогеологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді 1926-1927 жылдары
➢ КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы базасы құрылды: 1932ж
➢ КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы базасының құрамында екі сектор болды ботаникалық және зоологиялық
➢ ХХ ғ. 20-30 жылдары Қазақстан ғылымының штабын басқарған, кеңестік ірі түрколог, академик А.Н. Самойлович
➢ Геология және тарих секторлары құрылды 1935 жылы
➢ 1935 жылы жарық көрген «Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы» атты еңбектің авторы С.Асфендияров
➢ Соғыс қарсаңында Қазақстанның 57 ғылыми мекемесінде 1700-ден астам ғалым еңбек етті
➢ Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанда ашылған жоғары оқу орындары :
➢ 1.Алматы шет тілдер институты
➢ 2. Шымкент технология институты
3. Қазақ мемлекеттік консерваториясы
➢ 4.Қазақ педагогикалық қыздар инст-ы
➢ 5. Дене шынықтыру институты
Шаруашылықты дамытып, жақсы өмір сүру үшін ең алдымен халықтар арасында сауатсыздықты жою және ағарту ісін дамыту міндеті тұрды. 1924 жылы Қазақстанда «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы ұйымдастырылды. 1921–1927 жылдар аралығында Қазақстанда 200 мыңға жуық адам әр түрлі жерде оқыды. 1928 жылы Қазақстанда барлық халықтың 28%-ы сауатты болды. Ал қазақтар арасындағы бұл көрсеткіш 10% болды. 1931 жылы Қазақстанда 15–20 жас аралығындағы барлық адамдардың сауатын ашу, яғни оларға міндетті білім беру жүйесі енгізілді. Сауатсыздықты жою мақсатында республикада ағарту ісіне жұмсалатын қаржының мөлшері көбейді. Сауатсыздық жою ісі жөнінде Қазақстан одақ құрамындағы басқа мемлекеттерден артта қалды. Мұның себебі – әміршіл-әкімшіл жүйенің бюрократтық саясаты. Сауатсыздықты жою ісінде ең алдымен комсомол ұйымы белсенділік танытты. Тек қана 1930 жылы бұл іске комсомол құрамындағы 5000-ға жуық жастар қатысты. 1936 жылы жер-жерден ашылған сауатсыздықты жою мекемелерінде 500000-нан астам адам оқыды. Республикада ересектер арасында сауатсыздықты жою ісіне сол кездегі «Ауыл мұғалімі» журналы мен «Төте жол» газеті әдістемелік құрал ретіндегі көмегін тигізді. 1939 жылы Қазақстандағы сауатты адамдардың үлесі 65% болды, қазақ халқының арасында бұл көрсеткіш 40%-ға жетті. Республикадағы ірі қалалар, негізінен, сауатты қалаларға айналды (Алматы, Шымкент, Қарағанды, Лениногорск, Тараз, Орал т. б.)
Халыққа білім беру ісі.
Достарыңызбен бөлісу: |