Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


-1920 жж. азамат соғысы және әскери коммунизм саясатының Қазақ өлкесіндегі экономикалық жағдайға тигізген әсері



бет106/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   354
Байланысты:
100 сұрақ

1918-1920 жж. азамат соғысы және әскери коммунизм саясатының Қазақ өлкесіндегі экономикалық жағдайға тигізген әсері

Кеңес еліндегі сияқты Қазақстанда да азамат соғысы жағдайында ел экономикасын соғыс жағдайына ыңғайлап қайта құру және майданды азық – түлікпен қамтамасыз ету мақсатында тарихта «Әскери коммунизм» деген атпен әйгілі және уақытша сипаты болған экономикалық саясат орнады. Бұл саясаттың ең бірінші міндеті өнім өндірісі мен бөлісін толық орталықтандыру, еліміздің азық – түлік, шикізат және басқа ресурстарын мемлекеттің қолына жинап, қорғаныс мүдделері үшін дұрыстап пайдалану болды.

1919 жылы 11 қаңтарда азық – түлік қиыншылықтары бұрынғыдан да бетер шиеленісе түсіп, мемлекеттің қолындағы өнеркәсіп товарларының қоры одан әрі азайған жағдайларда Кеңес үкіметі азық – түлік салғыртын енгізу туралы декрет шығарды.

«Әскери коммунизм» саясаты негізінде азақ-түлік мәселесін шешу үшін төтенше шара азық-түлік салығы «салғырт» енгізілді. Оның мәні: ауыл шаруашылығы өнімінің артылғанының бәрін шаруалардың мемлекетке міндетті түрде өткізуі. Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың қолындағы тауарлы астықтың көп бөлігі ешқандай қайтарымсыз алынды, бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету көзделді, ауыл шаруашылық өнімдерін өз еркімен сатуға тиым салынды.Ауыл шаруашылығында «әскери коммунизм» саясатының жиынтық бейнесі ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындаудың салғырттық жүйесі түрінде көрініс тапты. Азық-түлік салғырты жөніндегі большевиктік науқанды селолық кедейлер комитеттері (кедейлер комитеттерінің саны Қазақстанда онша көп болған жоқ) мен шаруалар өндірген өнімдерді (ең бастысы, астықты) «революция пайдасына» күштеп жинап алатын қарулы жұмысшылар отрядтары жүргізді. Өлкеге азық-түлік дайындауға 11500 –ге жуық жұмысшы келді.«Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты бойын­ша ел­де жап­пай еңбек ету міндеттілігі та­лап етілді. Жұмыс күшін есепке алу мен бөлу жүйесі енгізілді. Егістіктерді суландыру, жол салу, отын дайындау, жүк тасу жұмыстарына еңбек салығы енгізілді.

Бүкілресейлік Атқару Комитетінің 1918 жылғы мамырдағы жарлығымен әскерге өз еркімен бару ісі жалпыға бірдей міндетті әскери борышты орындаумен алмастырылды. 1918 жыл­дың жа­зын­да өлке­де Қызыл Ар­ми­яның құра­мын­да ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастады. Қазақстан­да «әскери коммунизм» саясаты негізінде өнеркәсіпті кеңес органдарының қолына шоғырландыру, оны Қызыл Армияны қару-жарақ және жабдықтар мен қамтамасыз етуге жұмылдыру шаралары жүргізілді.Өндіріс құрал-жабдықтарын мемлекеттің қарамағына беру идеясы большевиктік революцияның алтын арқауы болды. Ол жүйелі түрде толық жүзеге асырылды. Жер қоры сияқты, өнеркәсіп, көлік инфрақұрылымдары мен банктер түгелдей дерлік мемлекет меншігіне айналдырылды.

Қазақстанда 300-ден астам өнеркәсіп орны мемлекет меншігіне берілді. Олардың қатарында Спасск мыс балқыту және Шымкент дермене зауыттары, Қырғыз тау-кен өнеркәсібі акционерлік қоғамының қорғасын-мырыш зауыты, Риддер кеніші кәсіпорындары, Екібастұз және Байкоңыр көмір кені орындары, Ембі мұнай кәсіпшіліктері бар.Орынбор-Ташкент және Жетісу теміржолы, Арал теңізі, Ертіс пен Жайық өзендеріндегі кемелер мен барлық сауда флоты, Қазақстан қалаларындағы Орыс-Азия, Еділ-Кама, Сібір сауда банктері капиталымен қоса және банк бөлімшелерінің объектілері де мемлекет меншігіне жатқызылды

Азамат соғысы жылдарында енгізілген «Әскери коммунизм» жылдарында Қазақ өлкесіндегі еңбекшілер күйзеліске, ашаршылыққа қарамастан жанқиярлықпен еңбек етті.

Қостанай уезінен 6 млн. пұт астық жиналды. Қарғалы шуға фабрикасы әскери шинельдер тігу үшін шұға дайындады. 1920 жылдың басында «Майдан апталығы» өткізіліп, мыңдаған пұт астық киім – кешек жиналды. 1920 жылы Атыраудан Орталық Россияға 600 мың пұт мұнай әкетілді.Майдан қажетіне әр сенбі сайын жұмыс уақытынан тыс тегін еңбек ету шешіміне сәйкес 1919 жылы сәуірде Россияда алғашқы сенбіліктер өткізілді. Семейде 500 жұмысшы сенбіліктер ұйымдастырып, паровоздарды тегін жөндеуден өткізді1919 жылы желтоқсанда Александров – Ғай – Ембі темір жол желісі салынды. Оның маңызы Орал – Ембі мұнайлы ауданын Орталық Россиямен жалғастырды. Бұдан басқа Жетісу темір жолы, Петропавл – Көкшетау темір жол желісі салынды. Маңызы: елдің ашыққан облыстарының халқын астықпен қамтамасыз етті.Сөйтіп, осының бәрі Қызыл Армияны ұйымдастыруға, жау басып алған облыстар мен аудандарда партизан қозғалысын өрістетуге көмектесті




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет