Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің аумақтық құрылымына енген жерлер



бет108/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   354
Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің аумақтық құрылымына енген жерлер

1925 ж. Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеу аяқталды. Осы кезде Қазақ АКСР-нің құрамына Сырдария және Жетісу облыстары, Қара-Қалпақ автономиялы облысы және көптеген уездер қосылған болатын. Осындай қиын жағдайда қазақ халқының тарихи жерлері өз иелігіне қайтарылды, жерлердің қосылуынан республика халқының саны өсті. Қазақстан мен Қырғызстан шекарасын анықтау мақсатында Әулие-Ата уезінің аумағы, табиғи және тарихи, ұлттық бөлінісі анықталуы қажет болды, уезд батысында Ташкент уезінен Арабик өзенінің сағасына дейін, бұл арадан Арық бел өзенінен Көк саймен түйісетін жеріне дейін созылып барады. Шекара сипаттамасы 1926 ж. Әулие – Ата уезі арқылы жүргізіліп, Қазақстан мен Қырғызстан үшін картаға енгізілуге ұсынылды. 1926 ж. БОАК жиналысы өтіп қабылданған қаулы бойынша, Қазақстан мен Қырғызстанның шекаралық сызығы анықталды. Оңтүстік Қазақстанның Жамбыл облысы жерімен шектескен жеріндегі Сусамыр жайлауы Қазақ пен Қырғыз АКСР-ларына жалпы пайдалануға шешім қабылданды.

1920 жылдың маусымында КСРО басшылығымен қырғыз-қайсақтардың (ол кезде қазақтарды қырғыз не қырғыз-қайсақ деп, ал қырғыздарды қырғыз не қара-қырғыз (кара-киргиз) деп атаған) мекен еткен жерлері Орал, Торғай, Семей облыстары, Закаспийский облысының Адай уезі, Бөкей Ордасы және Орынбор облыстары аумағынан қазақтардың ұлттық автономиялық республика құру шешімі қабылданды. Республика астанасы - Орынбор қаласы деп жарияланды.

ВЦИК-тің 1921 жылғы 17 қаңтардағы Жарлығымен Омбы губерниясынан республика құрамына қазақ халқы ертеден шоғырланған Ақмола, Атбасар, Көкшетау және Қызылжар (Петропавл) уездері Ақмола облысы болып енді.Сондай-ақ, 1921 жылдың 1 қазанында қазақтар шоғырланған Омбы облысының 15 ауданы да республика құрамына өтті.

ВЦИК-тің 1924 жылғы 21 қазанындағы Жарлығымен бұрын Орынбор облысынан Башқұрт АКСР-ның құрамына өтіп кеткенТоқ-Сұран және Иманғұл аудандары Қазақ АКСР-ы құрамына қайтарылды.

1924 жылы Түркістан КСР-ның таратылуына орай, қазақтар шоғырланған Жетісу, Сырдария, Самарқанд облыстары Қазақ АКСР-ы құрамына кірді. Жетісу облысы аумағынан Қара-қырғыз автономиялы облысы құрылды.

1925 жылы республиканың батысында, Арал теңізінің оңтүстігінде Қарақалпақ автономиялы облысы Қазақ АКСР-ы ішінен құрылды.

1925 жылдың сәуірінде республиканын орысша атауы Киргизкая АССР-дан Казакская АССР болып өзгертіліп, ел астанасы Орынбордан Қызылорда қаласына көшірілді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет