Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС). ЖЭС-тің мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері



бет117/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   354
Байланысты:
100 сұрақ

Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС). ЖЭС-тің мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері

Шетелдік интервенция мен азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдай елдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Қазақстанның 307 кәсіпорынның 250-і жұмыс істемеді. Қазақстанда мұнай өндіру 4 есе, Қарағанды көмірін өндіру 5 есе қысқарды, ал мыс кенін өндіру мүлде тоқтап қалды. Риддер кеніштері, Екібастұз көмір орындары және Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты. Өлке халық шаруашылығының жалпы өніміндегі өнеркәсіптің үлесі 1920 жылы небары 6,3 % болды. Республиканың ауыл шаруашылығы құлдырап кетті. Егіс көлемі Орал губерниясында 2 еседен астам, Жетісуда 3 еседей қысқарды. Мал саны да едәуір азайып, 29,9 млн. – нан 16,3 млн. – ға дейін кеміді. Осы жағдайлардан азық – түлік салғыртының орнына азық – түлік салығын енгізудің қажеттілігі айқындала түсті.

1921 жылдың 8 – 16 наурызда өткен партияның X съезі салғырттан азық – түлік салығына көшудің, жаңа экономикалық саясатқа көшудің қажеттігін негіздеп берді. Жаңа экономикалық саясаттың белгілері:

- Азық – түлік салығының енгізілуі.

- Сауда еркіндігі.

- Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру.

- Ауылшаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту.

- Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру.

- Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану.

Жаңа экономикалық саясаттың мәні – салғыртты салықпен ауыстыру болды.

Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа көшу барысында көп қиыншылықтар кездесті. 1921 жылы жазда Еділ өзені бойының, Қазақстанның халықтары күшті қуаңшылық болуына байланысты аштыққа ұшырады. Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей және Қостанай губернияларында егістің көбі күйіп кетті. Малға азық болмай, 80 %-і қырылды. Елде аштық басталды. Ашыққандарға Кеңестік Түркістан туысқандық көмек көрсетті. 2 млн. пұт астық жіберді, Республикадан 20 мың ашыққан адам қабылданды. 1921 – 1922 жылдардағы аштықтың салдары:

1) Демографиялық жағдай нашарлап кетті. Орынбор, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Торғай губернияларында халық саны 1/3 – ке дейін азайды.

2) 700 мыңнан астам адам республикадан тыс жерлерге көшіп кетті.

- Жер-су реформасы

Жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдық саясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды - 1921 жылғы сәуірде Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерлерді қазақтарға қайтару туралы декрет шығарылды, Нәтижесінде - Ертіс өңіріндегі 177 мың десятина жер қайтарылды, Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді, 1921 жылы Жетісуда жер реформасы жүргізілді, Қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды, 1 млн десятинадан астам жер қоры құрылды, Ауылдарды Кеңес өкіметінің нығаюы мен қазақ еңбекшілердің мемлекеттік және шаруашылық құрылысын тарту кезінде ерекше роль атқарған - 1921 жылы Қосшы одағы құрылды, 1930 жылдан Кедей одағы болып өзгертілді, 1921-1922 жылдардағы жүргізілген жер реформасының маңызы - Отаршылдық аграрлық саясатқа қарсы соққы берді, Қазақ ауылындағы патриархаттық-феодалдық негізді әлсіретті, Ұлттық келісімнің орнығуына жағдай жасады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет