Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


ҚР бұқаралық ақпарат құралдарының даму ерекшеліктері



бет217/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   354
Байланысты:
100 сұрақ

ҚР бұқаралық ақпарат құралдарының даму ерекшеліктері

  • Қазіргі заманғы мемлекет және азаматтық қоғам бұқаралық ақпарат құралдарымен өте тығыз байланыста өмір сүреді. БАҚ дамуының өзі қоғамның демократиялану үдерісінің белігіл бір көрсеткіші болып табылады.

  • Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстанда небәрі 10 республикалық газет-журнал, теле-радио хабарларын тарататын 21 станция бар болса, 2016ж. шілдесіне қарай 2695 БАҚ жұмыс істеді. Олардың жалпы құрылмында басым көпшілігін, яғни 90%-ын – газеттер (1619) мен журналдар (808), 9,5%-ын – электрондық БАҚ (63 телекомпания, 42 радиокомпания, 145 кабельдік теледидар операторы, 6 жерсерік хабар тарату желісі) және 0,5%-ын ақпарат агенттіктері (11) алады. Жұмыс істеп жатқан 2695 БАҚ-тың ішінде 436-сы – мемлекеттік, 2259 – мемлекеттік емес. Бұқаралық ақпарат құралдары көбінесе қоғамның жай-күйінің қозғаушы күші болып, тарихтың дамуы сипатын айқындайды.

  • БАҚ-тың тәуелсіздік кезеңінде қалыптасуына 1999ж. 23 щілдеде қабылданған «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚР Заңының (2016ж. 29 наурызда өзгертулер мен толықтырулар енгізілді) үлкен көмегі тиді.

  • Қазақстандық БАҚ мемлекет саясатын баяндаудың және қоғамдық пікір қалыптастырудың маңызды айналарына айналды. Қазақстан әлемдік ақпарат кеңістігінде өзінің лайықты орнын тапты. Бұл тұрғыда 2002 жылдан бері қарай жыл сайын Алматыда өтетін дәстүрлі Еуразия медиа форумының маңызы өте зор. Аса өзекті бұл халықаралық форум Қазақстанның ақпараттық ұстанымдарының дүниежүзі бойынша нығаюының маңызды факторына айналды.

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы ақпараттың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі зор.

Қазақстан – Тәуелсіздік дәуірінің алғашқы жылдарынан бастап баспасөз саласындағы халықаралық беделді құжаттардың аясында БАҚ-тың еркіндігін қамтамасыз етіп келе жатқан мемлекет. Ақпарат құралдары бостандығының кепілі – Ата заңымыз және Республика Президенті. Осы орайда бұқаралық ақпарат құралдарың құруда болған қиындықтарға тоқталсам:қоғамдар алмасып, нарықтық экономикалық қатынастар орныға бастаған тұстан бергі уақытты БАҚ саласындағы өзгерістермен сараласақ, ақпарат көздерінің даму сатыларын үш кезеңге бөлуге болады. Біріншісі -жалғыз идеологияның пәрменінде болып келген біртұтас ақпарат жүйесінің ыдырауы және қаржылық, идеялық тоқырауға ұшырауы. Екінші кезең - ақпарат әлемінің мемлекеттік және жекеменшік түрінде қайтадан қалыптасуы, кәсіпкерлік баспасөздің құрылуы. Үшінші кезең – еліміздегі экономикалық-әлеуметтік, мәдени реформалардың тереңдеуіне сәйкес әлемдік ақпараттың республиканың эфирлік кеңістігіне енуі және Қазақстанның ғаламдық ақпарат айдынына талпынысымен сипатталады.

Алғашқы кезеңдердің қиындыққа толы болғаны белгілі. Сол күрделі тұста Республика Президенті жаңа қоғамға ақпараттық берік демеу керектігін ойлап, баспасөздің беделін және ел мен мемлекет алдындағы жауапкершілігін көтерудің мүмкін жолдарының бәрін қарастырды. Президент 1998 жылдың 3-шілдесінде БАҚ-ты өндірістік және тарату кезіндегі қосымша құн салығынан босату туралы Жарлыққа қол қойды. Республика 1991 жылдан бері қарай ақпарат құралдары туралы заңнаманы ұдайы жетілдірумен болды. Осы жылғы 28-тамызда «Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң қабылданды. Ол елімізде мемлекеттік емес БАҚ-тың пайда болуына және жедел дамуына қолайлы жағдай туғызды. Ақпарат әлемінде бәсекелестік туды. Баспасөз бен эфирлерге жаңа мазмұн берген ірі медиа бірлестіктер өмірге келді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет