Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


«Қазақстан - 2030» стратегиясының жеті басымдығын ашып көрсетіңіз



бет222/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   354
Байланысты:
100 сұрақ

«Қазақстан - 2030» стратегиясының жеті басымдығын ашып көрсетіңіз.

Еліміздің 2030 жылға дейін даму стратегиясы Қазақстан Президентінің қойылған мақсаттарға жеткізетін келесідей жеті ұзақ мерзімді басымдықты іске асыру қажеттігін атап көрсетті. Ол басымдықтар төмендегідей жіктеледі:

ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК. Аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып, қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету.

ІШКІ САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМНЫҢ ТОПТАСУЫ. Қазақстанға бүгін және алдағы ондаған жылдар ішінде ұлттық стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық біртұтастықты сақтап, нығайта беру. Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ. Экономикалық өрлеудің нақтылы, тұрлаулы және барған сайын арта түсетін қарқынына қол жеткізу.

ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ, БІЛІМІ МЕН ӘЛ-АУҚАТЫ. Барлық қазақстандықтардың өмір сүру жағдайларын, денсаулығын, білімі менмүмкіндіктерін ұдайы жақсарту, экологиялық ортаны жақсарту.

ЭНЕРГЕТИКА РЕСУРСТАРЫ. Мұнай мен газ өндіруді және экспорттауды қалыпты экономикалық өрлеу мен халықтың тұрмысын жақсартуға жәрдемдесетін табыс алу мақсатында жедел арттыру жолымен Қазақстанның энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану.

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ, ӘСІРЕСЕ КӨЛІК ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС. Осы шектеулі секторларды ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға, саяси тұрақтылық пен экономикалық өрлеуге жәрдемдесетін етіп дамыту.

КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТ. Ісінде адал әрі біздің мақсаттарымызға қол жеткізуде халықтық өкілдері болуға қабілетті. Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің ықпалды және осы заманғы корпусын жасақтау.

Осы ұзақ мерзімді басымдықтардың әрқайсысы үшін бір жылдық, үш, ал кейіннен бес жылдық жоспарларда белгіленгеннақты іс-қимылдарға күш-жігерді жұмылдыра отырып, осы стратегияны талдау жасауға және оны дәйекті түрде іске асруға тиіспіз.

Осы ұзақ мерзімді басымдықтар мемлекет пен азаматтардың күш-жігерін жұмылдыру үшін қызмет етуге, еліміздің бюджеті мен кадр саясатын қалыптастыру кезінде өлшемдер негізіне алынуға тиіс. Стратегия экономикалық жағынан қарағандықтан тереңірек үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы басымдықтарға келесі бөлімдерде баса назар аударамыз.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет