Конкурстың қорытындылары туралы Қазақстанның Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің



Pdf көрінісі
Дата06.03.2017
өлшемі157,45 Kb.
#8248
түріКонкурс

                                                                             ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 

ҰЛТТЫҚ БАНКІ 

    № 4 4  Б А С П А С Ө З - Р Е Л И З І  

2011 жылғы 27 желтоқсан 

 

 

Монетаның ең үздік дизайнына арналған      

конкурстың қорытындылары  туралы 

 

 



Қазақстанның  Ұлттық  Банкі    Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігінің            

20-жылдығын  мерекелеуге  арналған  Монетаның  ең  үздік  дизайнына  арналған  

конкурсты аяқтады. 

 Озық  идеяларды  іздеу  мен  қолдауға  және  ұлттық  валюта  –  Теңгенің 

имиджін нығайтуға бағытталған конкурс «Менің Қазақстаным» тақырыбына – 

«Халық  монетасы»  және  «Балалар  монетасы»  деген  екі  номинация  бойынша  

ӛткізілді. 

2011 жылғы 21 қыркүйек – 10 желтоқсан аралығындағы кезеңде Конкурсқа  

Қазақстанның  барлық  жерінен  –  Солтүстік  Қазақстан,  Оңтүстік  Қазақстан, 

Павлодар,  Ақмола  және  республиканың  басқа  да  облыстарынан    1000  астам 

дизайн  жобасы  түсті.  «Халық  монетасы»  номинациясына  дизайнерлер  мен 

суретшілер  ғана  емес,  сондай-ақ  кәсіби  емес  суретшілер  де  белсене  қатысты. 

Сонымен  қатар  Конкурс  мектептер,  балалар  үйі және  шығармалық  ұжымдары 

арасында үлкен қызығушылық туғызды. 

2011 жылғы 12 желтоқсанда құрамына елдің қаржы нарығының жетекші 

сарапшылары,  белгілі  суретшілер  мен  дизайнерлер,  БАҚ  ӛкілдері  кіретін 

Конкурстық комиссияның отырысы болып ӛтті.  

Конкурстық  комиссия  мүшелерінің  отырысы  барысында  Қазақстан 

Республикасы  Ұлттық  Банкінің 

www.nationalbank.kz

.  ресми  Интернет-

ресурсында  Кӛрермендер  кӛзайымы жүлдесіне  онлайн дауыс беру  үшін  70 

конкурстық жұмыс іріктеліп алынды. Дауыс беру 2011 жылғы  27 желтоқсанға 

дейін  жалғасты.  

Конкурс  қорытындылары  Ә.  Қастеев  атындағы  Мемлекеттік  Ӛнер  

мұражайында  2011 жылғы    27  желтоқсанда  ӛткен  жеңімпаздарды    марапаттау  

рәсімінде  жарияланды. 

«Балалар  монетасы» номинациясы. 

 Конкурстық комиссия бірінші орынды Алматы қаласының  тұрғыны  Әдем 

Хасеноваға  берді.  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Банкінің  Тӛрағасы 

Григорий Александрович Марченко  500 000 теңгеге  чек тапсырды.  

Екінші    орын  Орал  қаласының    тұрғыны  Аминат  Серіковаға  және    3-ші 

жүлделі орын Ӛскемен қаласының  тұрғыны  Мира Жаңахметоваға  берілді.   

«Халық монетасы» номинациясы. 



2-ші жүлделі орын Алматы қ. тұрғыны Қанат Кенжинге және Шортанды қ. 

тұрғыны  Сабыржан  Мақашевқа  берілді.  3-ші  жүлделі  орын  Алматы  қ. 

тұрғындары Адина Жаминоваға және Аслан Жаңабаевқа берілді. 

Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Банкінің 

www.nationalbank.kz

  ресми 


Интернет-ресурсында онлайн-дауыс беру қорытындысы бойынша Кӛрермендер 

кӛзайымы жүлдесінің жеңімпазы Мәди Әбілмансұров болды.  

Екі  номинацияда  2-ші  орынның  иегерлеріне  «Барыс»  ескерткіш  алтын 

монеталары  тапсырылды,  монетадағы  барыс  бейнесінің  кӛздеріне  гауһар 

орнатылған. 

3-ші 


орындардың 

және 


Кӛрермендер 

кӛзайымы 

жүлдесінің 

жеңімпаздарына  Қазақстан  Тәуелсіздігінің  20  жылдығына  арналған  ескерткіш 

күміс  монеталар  және  «Қазақстан.  Сұлулыққа  іңкәрлік»  таныстыру 

фотоальбомдары тапсырылды.  

 

 

 



Неғұрлым  толық  ақпаратты  мына  телефондар  бойынша  алуға  болады: 

+7  (727) 

2 596 833, +7 (727) 330 24 52

; e-mail: 

press@nationalbank.kz

 

www.nationalbank.kz

  

 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет