Қазақстандағы конфессияаралық келісімнің басты ұстанымдары
Конфессияаралық келісім – Қазақстан халқы үшін өзара түсіністікті қажет ететін қастерлі құндылық. Әр түрлі конфессия өкілдерімен достық қарым-қатынас орнатып, оларға қамқорлық таныту саясаттан бөлек адамгершілік құндылық болып табылады.
Қазақстанның әлемдік және дәстүрлі діндер арасында сенімді байланыстар орнықтыратын өркениетаралық үнқатысу алаңына айналуы – Елбасының жаһандық үнқатысуға бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді жүргізудің нәтижесі. Оның жемісін Елордамызда үш жыл сайын өткізілетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің жұмысы арқылы көрсетудеміз. Мағыналы конфессияаралық орталық болып қалыптасқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі төңірегінде діни қауымдастықтар өзара түсіністік пен сыйластық табуда. Сонымен қатар, съезд әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің қазіргі заманғы шешімін таппаған жаһандық проблемаларды бірлесе шешуге бағдарланған мағыналы жиыны болып отыр. Елбасының бастамасымен жүзеге асырылған аса өзекті де, ауқымды бұл жобаға БҰҰ және ЮНЕСКО секілді басқа да көптеген халықаралық ұйымдардың жетекшілері, белгілі саяси қайраткерлер, әлемдік сарапшылар жоғары баға беруде.
Толеранттылық пен діни тағаттылық – конфессияаралық келісімді орнату қағидаттарының басты тетігі. Еліміз үшін төзімділік қағидаттары саяси мәдениеттің бағыттары ғана емес, мәдениетті қолдап-қуаттайтын мемлекеттің негізгі ұстанымдары болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |