Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


Қазіргі кезеңдегі этникалық процестер және демографиялық жағдай



бет285/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   354
Байланысты:
100 сұрақ

Қазіргі кезеңдегі этникалық процестер және демографиялық жағдай

Этностың әртүрлі компоненттерінің өзгеруі (рухани және материалдық мәдениеттің жеке элементтері, тіл, әлеуметтік құрылымдар, сана және т.б.), тарихи даму барысында этникалық процестер атауына ие болған. Этникалық қоғамның өзгеруі немесе этникалық процестер адамзаттың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуымен бірге жүріп бір-бірімен тығыз байланысты болады. Бұл өзгерістерді тудыратын процестер этникалық қауымдастықтың жақтарына әсер етуі әр түрлі. Алғашқы қауымдық құрлыстан қазіргі кезеңге дейінгі қоғамдық тарихи формацияның ауысып отыруына байланысты олардың ішінде ең әуелі әлеуметтікэкономикалық процестерді бөліп алуымыз қажет. Мәнді өзгерістерге алып келетін этностардың өзара әрекетін этникалық процесс деп атайды.

Мәнді өзгерістерге алып келетін этностардың өзара әрекетін этникалық процесс деп атайды. Оның эволюциялық және трансформациялық бағыттары болады. Эволюциялық бағыты этностың негізгі элементерінің, ең алдымен тіл мен мәдениеттің сапалы өзгерісін білдіреді. Трансформациялық этникалық процесс ұлттық тиесілікті алмастыруға алып келетін өзгерістерді қамтиды, оның негізгі этапы этникалық өзіндік сананың алмасуы болып табылады. Трансформациялық біріктіруші процестер консолидация, ассимиляция және интеграция түрінде жүзеге асады.

Консолидация — тіл мен мәдениеті жағынан бір-біріне жақын бірнеше дербес халықтардың біртұтас ірі этносқа бірігуі. Мысалы, XV ғасырда түрік тілдес тайпалардың қазақ этносына бірігуі. Ассимиляция — көбіне саны аз халықтың өзге ірі этностың құрамына сіңіп кетуі, нәтижесіне өзінің этникалық қасиеттерін жоюы. Мысалы, монғол тілдес тайпалардың Алтын Орда заманы тұсында қыпшақтармен ассимиляцияланылуы. Интеграция — тілі мен мәдениеті әртүрлі бірнеше халықтардың ортақ белгілері пайда болуына байланысты бірігуі, бірақ олардың тұрақтылығы мен беріктілігі шамалы, ұзақ өмір сүрмейді. Мысалы, Австро-Венгрия, Осман империясы, КСРО, Югославия және т.б.

Демографиялык жагдай

2019 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан халқының саны 18 034,3 мың адамға жеткені, оның ішінде қала тұрғындары 10 339,4 мың (57,3%), ауыл тұрғындары - 7 694,9 мың адамды құрағаны (42,7%) баяндалды.

Бұған дейін президент Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылы Қазақстан халқының санын 20 млн-ға жеткізу қажет екенін айтқан. Ал БҰҰ 2050 жылға қарай ортақ отанымыздың аумағында өмір

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 33 жылға алдын ала болжам жасап, 2050 жылы Қазақстанды мекендейтін адамдардың саны 24,5 млн-ға жететіні жайлы мәлімет таратты.

Айта кетейік, 1989 жылы елімізде жүргізілген халық санағында халық саны 16 млн 537 мың адам болды. 1993 жылы Қазақстан тұрғындарының саны 16 млн 986 мыңды ғана құрады. 1994 жылы 16 млн 942 мың болған адам саны 2001 жылы 14 млн 800 мыңға түсіп қалды.



2020 жылы Өзбекстан халқы 32 млн болады деген дерек бар. Ал 1897 жылы біз олардан екі есе көп болғанбыз. Ресей де қазір халық санын өсіру үшін жанталасып жатыр. Олар «ана капиталы» деген мемлекеттік бағдарлама арқылы демографиялық дүмпу жасауға мықтап кірісті. Бұл елде отбасында екінші сәби дүниеге келсе, бірден 250 мың рубль төленеді. Ал бізде ана мен бала мардымсыз жәрдемақы мен жөргекпұлға жалтақтайды. Олар күндердің бір күнінде Қазақстанда Ресейдегідей «ана капиталы» сынды жарқын жоба жүзеге асады деген ойдан үміт үзіп қойған. Себебі жыл басында тілшілерге берген сұхбатында еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваана капиталы мәселесі талқы таразысына салынғанын және ол біздің елге енгізілмейтінін тұспалдаған.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет