Абылай және патшалы Ресей: өзара қарым-қатынастарының ерекшеліктері
Абылай хан — қазақ ханы , ұлы мемлекет қайраткері, дипломат және қолбасшы болған тұлға. Шын есімі Әбілмансұр. 1711-1781 өмір сүрген жылдары. Абылай ханның әскери қайраткерлігі, қолбасшылық қабілеті 1730 ж - 1740 жылдардағы шайқастарда ерекше байқалған. 1738-1741 жылдары Абылай хан бастаған қазақ әскерлері жоңғар басқыншыларына бірнеше рет соққы берді. Абылай хан жақсы саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан шаршаған елінің есін жиғызу үшін дипломатиялық жолдарды да дұрыс пайдаланған.
1771 жылы Әбілмәмбет хан қайтыс болды. Қалыптасқан дәстүрлер бойынша Орта жүздің ханы Әбілмәмбеттің інілерінің бірі немесе үлкен ұлы Әбілпейыз сайлану тиіс болатын. Бірақ басты старшындардың, сұлтандардың және Әбілпейіздің қалауымен үш жүздің басшылары Түркістанда Абылайды хан сайлауға келісті. Абылай хан жалғыз орта жүздің ғана емес жәнеде бүкіл қазақ ордасының ұлы ханы . Аңыз-жырлар, Тарихи деректерде Абылайдың үш жүздің басшысы ретінде ардақталғанын көрсетеді.
Абылай хан Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Қазақ елінің саяси жағдайына саясат жүргізген. Қытай әскерлері жоңғарларды жойып, Орта Азия мен Қазақстанға біріге бастағанда мұсылман елдерінің басын біріктіруге ұмтылдырған.
Абылай ханның саяси көз қарастарының негізгі идеясы – тәуелсіз, күшті, бір орталықтан басқаратын қазақ мемлекетін қалыптастыру болған.
Әбілмәмбет хан және сұлтан Абылай, орын алған оқиғаларды ескере отырып, мүмкін болатын жоңғар шапқыншылығынан Қазақстанды қорғау үшін ұмтылып, Ресей бодандығына қабылдауын айтты. Кіші және Орта жүздердің сұлтандары мен старшиндері тобының 1740 жылғы қабылдаған анты, Ресейге тек қана Орта жүздің кейбір бөліктерін кіргізуге мүмкіндік берді, ал Қазақстанның өзге де Солтүстік-Шығыс және Орталық өңірлері тек қана XIX ғасырдың 20-40 жылдарында, патшаның әскери-саяси акциялары салдарынан империя құрамына кірді.
Қазақстанды Ресейге қосу көшпенділер мен келімсектер арасында шаруашылық өзара қарым-қатынас жасау үшін мүмкіндіктер туғызды, сауаттылықты, сауданы жандандыруды тарату, қазақ ауылдарын осы жерден шығатын барлық салдармен бірге, капиталистік-өнеркәсіптік қатынастың орбитасына енгізу үшін мүмкіндіктер орнатты.
XVIII ғасырдың 20 жылдары қазақ халқы үшін тарихта ел басына күн туған кезең болды, көршілес елдер тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты, әсіресе жоңғарлардың шығыстан ойран салып ірі соққылар беруі, қазақтардың әлеуметтік-экономикалық өміріне қиындата түсті. Сыртқы саясаттағы жағдай қазақтарды орын алған жағдайдан шығу жолын іздеуге мәжбүр қылды. 1731 жылы 19 ақпанда императрица Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақтарын Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға (ресми құжатқа) қол қойды.
Толғамалы тарих бедерінде Абылайдың жауынгерлік ерліктері, қан майдандағы жеңістері, Ресей, Қытай және басқа да көршілес елдермен белсенді дипломатиялық, сауда-саттық байланыстары Қазақ хандығы мен әйгілі ханның Орталық Азия халықтарының саяси өміріндегі халықаралық беделін арттырды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылы 2 қазанда жарық көрген «Абылай аңсаған азаттық» атты мақаласында: «Алмағайып сұрапыл заманда есеңгіреген елге ес кіргізіп, бір тудың астына біріктіре білген Абылай ерлігі мен ақыл-парасатын қатар жұмсаған сарабдал саясаткерлігінің арқасында қазақ халқын жойылып кетуден сақтап қалды. Осылайша, туған халқының кемел болашағын аңсаған ол өз дәуірі артқан ұлы жүкті қайыспай көтеріп, ел алдындағы перзенттік парызын атқарып кетті», – деп жазады. Ендеше, бүгін біз тәуелсіз ел, байрақты жұрт ретінде барша қазақтың ұранына айналған арыстандай айбатты Абылай бабамызға құрмет көрсетіп, аруағы алдында бас иеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |