Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы Алтын адам, Түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы тарауларын талдаңыз



бет313/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   354
Байланысты:
100 сұрақ

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы Алтын адам, Түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы тарауларын талдаңыз.

4. АЛТЫН АДАМ Біздің түп-тамырымызға жаңаша көзқараспен қарауға жол ашып, əлемдік ғылым үшін сенсация саналған жаңалық – 1969 жылы Қазақстанның Есік қорғанынан табылған, өнертанушы ғалымдар арасында «қазақстандық Тутанхамон» деген атқа ие болған «Алтын адам». Бұл жауынгер талай тылсым құпияның бетін ашты. Біздің бабаларымыз әлі күнге дейін өзінің асқан көркемдігімен тамсандыратын аса жоғары деңгейдегі көркем дүниелер жасаған. Жауынгердің алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын өңдеу техникасын жақсы меңгергенін аңғартады. Сонымен бірге бұл жаңалық Дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын әйгілейтін бай мифологияны паш етті.

Дала халқы өз көсемдерін осылайша ұлықтап, оның мәртебесін күн секілді құдірет деңгейіне көтеріп асқақтатқан. Қорымдағы сән-салтанатты жасау-жабдықтар ежелгі бабаларымыздың зияткерлік дәстүрлерінен де мол хабар береді. Жауынгердің жанынан табылған күміс кеселердің бірінде ойып жазылған таңбалар бар. Бұл – Орталық Азия аумағынан бұрын-соңды табылған жазу атаулының ішіндегі ең көнесі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет