6. ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ Еліміздің географиялық тұрғыдан ұтымды, яғни Еуразия құрлығының кіндігінде орналасуы ежелден əртүрлі мемлекеттер мен өркениеттер арасында транзиттік «дəліздердің» пайда болуына септігін тигізді. Біздің дəуірімізден бастап бұл құрлық жолдары Үлкен Еуразияның Шығысы мен Батысы, Солтүстігі мен Оңтүстігі арасындағы сауда жəне мəдениет саласындағы байланыстардың трансконтинентальды желісіне – Ұлы Жібек жолы жүйесіне айналды.
7. ҚАЗАҚСТАН – АЛМА МЕН ҚЫЗҒАЛДАҚТЫҢ ОТАНЫ Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыдан дəлелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл əлем үшін өзіндік мəн-маңызы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған.