Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


-1920 жж. Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар («Алаш», «Үш жүз»)



бет73/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   354
Байланысты:
100 сұрақ

1917-1920 жж. Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар («Алаш», «Үш жүз»)

«Алаш» партиясының құрылуы

Саяси партия құру үшін қажетті алғышарттар тек 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін ғана қалыптасты. Алғашқы жалпықазақ съезін өткізу үшін «Қазақ» газеті жанынан құрылған ұйымдастыру бюросы күн тәртібіне «Қазақ саяси партиясын жасау мәселесін» ұсынып, оған мынадай негіз келтірді: «Ресейде осы күнде түрлі саяси партиялар бар. Олардың көздеген мақсаттары бағдарламасында жазылған. Оны білетін адамдарға мағлұм: қай партияның да болса бағдарламасы түп-түгел қазақ мақсаттарына үйлеспейді. Сондықтан біздің қазақ мақсаттарын түгел көздейтін өз алдына партия жасалмайынша болмайды».

1917 жылғы 21—26 шілде аралығында Орынбор қаласында өткен Жалпықазақ съезі қазақ саяси партиясын құру туралы мәселе қарап, мынадай шешім қабылдайды: «Қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуын тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды съезд «Шуро-и-Исламға» сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізі демократиялық федеративтік парламенттік республикаға құрылмақ...».

Съездің соңғы күні жаңа қалыптаса бастаған партияның басшысы Ә.Бөкейханов ресейлік Кадеттер партиясына мүшеліктен шығатынын және оның себептерін мәлімдеді. Партияның ұйымдық тұрғыдан құрылуы күзге, яғни Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау науқанына тұспа-тұс келді. «Қазақ» газеті өзінің бас мақаласында партияның атын «Алаш» қойып, оған тілектестерді Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидаттар тізімін осы партияның атынан жасауға шақырды. Сонымен бір мезгілде «Қазақ» басқармасынан барлық облыстардағы Қазақ комитеттеріне қазақ саяси партиясының атын «Алаш» деп қою туралы жеделхаттар жіберілді.

Алаш партиясының облыстык ұйымдары 1917 жылдың қазан айынан қалыптаса бастады. Ә.Бөкейхановтың тікелей ұйымдастыруымен және басшылығымен қазанның 12—20 аралығында партияның облыстық ұйымдары алдымен Семейде, кейін Омбыда, ал карашаның 10-на қарай Орынборда ашылды. Семей облыстық партия комитетінің төрағасы болып Халел Ғаббасов, Омбы обкомының төрағасы болып Айдархан Тұрлыбаев, ал Торғай обкомының төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. Партияның арнайы съезін шақырып, баскару орындарын сайлауға, жарғысы мен бағдарламасын бекітуге қолайлы жағдайдың болмауынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат есебінде тіркелген топ партияның басқарушы ұйытқысы саналды.

1905 жылы басталған Алаш қозғалысы 1917 жылы қайта Алаш партиясы болып жалғастырылды. Партияның негізгі бағыты — реформистік жолмен қазақ елін жаңа белестерге көтеру. Алаштықтардың мақсаты қазақ халқын отарлық негізден азат ету, автономиялық ұлттық мемлекет құру. " Қазақтарға, жаңарған Ресей азаматтарына" деген мәлімдеде Ә. Бөкейханов былай деді: " ... Ресейдің барлық халықтары үшін бостандықтың, теңдіктің және туысқандықтың күні туды. Жаңа қоғам мен жаңа үкіметті қолдау үшін қазақтар ұйымдасуы керек. Жаңа қоғамды қолдайтын барлық ұлттармен байланыса жұмыс істеу қажет...

Үндеу авторының, алдағы атқарылар негізгі үш саласы бойынша басты мақсат—міндеттерді айқындағандығын аңғару қиын емес. Олар:

1. Саяси әрекетте бірінші орында жалпыресейлік проблемалар, әсіресе үкімет туралы және мемлекеттік құрылыс мәселелері тұра керек.

2. Көшпелі және отырықшы халықтардың мүдделерін есепке алып, аграрлы мәселелердің жиынтығын ешбір кешіктірмей саяси күрестің күн тәртібіне қою.

3. Құрылтай жиналысына тиянақты дайындықтар жүргізу бұрыңғы қорғалықтық пен бас июшшіліктен құтылу жолында халықтың бірлігін нығайту қажеттілігі. 1917 жылы 28 наурызда " Речь" газетінде Ә. Бөкейханов " Заңсыз тартып алынған жерлерді қазақтарға дереу қайтарып беруді" талап етті.

«Үш жүз» партиясы

1917 жылы қарашада Мұқан Әйтпенов және Шаймерден Әлжанов бастаған бір топ Омбы зиялылары «Үш жүз» аталатын саяси партия құрағандарын мәлім етті. Бұл партияның өмірге келуі қазақ зиялылар тобының білімі мен саяси мәдениеті түрғысынан біркелкі емес, сондай-ақ түрлі саяси ұстанымда екенінің айғағы. Келесі жылдың басына қарай бұл саяси ұйымдағы басшылық Көлбай Тоғысовтың қолына көшеді. Өздерін саяси партия ретінде жариялаған алғашқы күннен бастап-ақ үшжүздіктер Алаш партиясына қарсы ұстанымда болды. Бүкілресейлік Құрылтайға депутаттар сайлау науқанына дербес тізіммен түсіп, сайлауда бірде-бір өкілін өткізе алмады. Үшжүздіктердің қазақ қоғамы арасында беделінің жоқтығы басшылығында ел мойындаған саяси тұлғаның болмауына, сондай-ақ партияның халықты соңына ерте аларлық нақты бағдарлама ұсына алмауына байланысты еді. «Үш жүз» қазақ арасындағы мұсылмандықты қолдайтындығын және қорғайтындығын айта отырып, сонымен бірге атеистік ұстанымдағы большевиктермен қоян-қолтық жұмыс істеуге күш салды. Өз ретінде большевиктер үшжүздіктерді Алаш партиясының беделін түсіру мақсатында пайдалануға тырысты. Өзін социалистік ұстанымдағы партия санаған «Үш жүздің» қызметінде үйлесімсіз қайшылықтар көп еді, сондықтан да оның қызметі ұзаққа созылған жоқ. 1917 жылы құрылған саяси ұйымдардың бірі «Ислам жолындағылар кеңесі» («Шуро-и-Ислам») болды. Орталығы Ташкент қаласында құрылған бұл ұйымның қызметі жалпы Түркістан өңіріне ықпалды болды, сондай-ақ оның басшылығында Мұстафа Шоқай, Сералы Лапин болды.

XX ғасыр басындағы қазақ мәдениетінің аса маңызды, ерекше құбылстарыны бірі еуропалық деңгейде, көбінесе Ресейде білім алып, ағарған қазақтардың әлсіздеу, бірақ бастамшыл және беделді тобының пайда болуы еді. Қазақ санасы оянып, интеллегенцияның пайда болған уақыты. Патша үкіметі қазақ халқының жалпы мәдени деңгейінің өсуіне мүдделі болған жоқ, керісінше, қараңғылықта үстау оған тиімдірек көрінді. Сонымен бірге отаршыл әкімшілік ресейлік оқу орындарынан бірлі-жарым орынды қазақ жастарына бөлуге мәжбүр болды. Мұндай қадамға бара отырып, ол жыл сайын өсе түскен басқару жүйесінің жергілікті ұлттан шыққан мамандарға мұқтаждығын канағаттандыруды көздеді. Осы мақсатта генерал-губернаторлык кеңселері жанынан қазақ студенттеріне жылына 3-4 стипендия белгіленіп отырды. Міне, осы белгіленген стипендияға және қазақ ауқатты топтарының өз еркімен жәрдемге жиған қаржысына сүйеніп қазақ жастары Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Орынбор, Омбы, Варшава сияқты қалалардағы оқу орындарында түрлі мамандыктар бойынша білім алды. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қазақ жастары үшін ірі білім орталығы міндетін Санкт-Петербург қаласы атқарды. Империяның саяси өмірінің де астанасы болған бұл қалада осы мезгілде Ә. Бөкейханов (Орман шаруашылығы институты), Мұхамеджан Тынышпаев (Темір жол көлігі институты), Х.Досмұхамедов, С.Асфендияров (Дәрігерлік академиясы), Б.Қаратаев, Ж.Досмұхамедов, М.Шоқай (Санкт-Петербург университеті) сиякты ұлт-азаттық қозғалысында өшпес із қалдырған қайраткерлер білім алды. Қазақ жастары, сондай-ақ Стамбұл, Каир университеттерінде де оқыды.

Сайлау науқанына араласқан қазақ зиялылары отарлық тәуелділіктегі қазақ халкының мүддесі тұрғысынан қоғамдык үгіт-насихат жұмысын жүргізіп, депутат сайлап, оған аманат тапсыру ісіне мұрындық болатын саяси ұйымның қажеттігін айқын аңғарды. Қазақ зиялылары тарапынан жалпыұлттық саяси партия құру әрекеті 1913 жылы тағы да бой көрсетті. М. Сералин бастаған «Айқап» журналы төңірегіне топтасқан зиялылар ең өзекті қоғамдық мәселелерді талқылап, белгілі бір бағдарламалық тұжырымдарға келу үшін Жалпықазақ съезін шақыру жөнінде бастама көтерді. Бірақ қазақ даласында орнаған катаң әскери-отарлық тәртіппен есептесу қажеттігін айтқан Ә.Бөкейханов бастаған топ мұндай әрекеттерге көшуге үзілді-кесілді қарсы шықты.

Ұзақ дайындықтан кейін шілденің -28-де Орынборда өткен Жалпықазақ съезінде партия құру, бағдарлама жасау және Құрылтай жиналысына сайлауға дайындалу туралы шешім қабылданып, қазанның 5-де партия қазақтардың аңызға айналған ата-бабасының атымен «Алаш» деген атау алды. Алаш партиясының ұлт-азаттық қозғалысының көшбасшылары – Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов, М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Х.Ғаббасов басқарды. Алаш партиясының орталығы Семей қаласы болды. Партияның баспа органы "Қазақ" газеті Орынборда шығатын.

"Алаш" партиясының бағдарламасы жобасы.

І. Мемлекеттік қалпы.

ІІ. Жергілікті бостандық.

ІІІ. Негізгі. Құқық.

IV. Дін ісі.

V. Билік және сот.

VI. Ел қорғау.

VII. Салық мәселесі.

VIII.Жұмысшылар.

IX.Ғылым-білім үйрету.

X. Жер мәселесі.

ХХ ғасырдағы басындағы қазақтардың ұлт-азаттық қозғалыс өзінің даму барысында қазақтың ұлттық мемлекеті Алашорда үкіметін құруға алып келген еді, қозғалыстың негізгі өзегі – қазақ халқын отарлық езгіден азат ету, эволюциялық-конституциялық жолмен автономиялық ұлттық мемлекет құру еді.

«Үш жүз» партиясы. Қазақ «Үш жүз» социалистік партиясы большевиктерге ниеттес бағыт ұстап, Алаш партиясына елеулі қарсылас болды. Партияның негізін 1917 жылдың 17 ұарашасында Мұқан Айтпенов құрды. Оның орынбасары – К.Тоғысов, хатшысы Ы.Көбеков болды. Партияның баспа органы – аттас «Үш жүз» газеті, оның редакторы К.Тоғысов болды. Әлеуметтік негізі бойынша ол ұсақ буржуазиялық ұйым болатын.

1917 жылдың көктемі мен жазында Қазақ өлкесінде жұмысшы және революцияшыл-демократиялық жастардың ұйымдары мен саяси партиялар құрыла бастады. Сол кезеңде Верныйда «Мұсылман жұмысшыларының одағы», Түркістанда «Мұсылман еңбекшілер одағы» құрылды. Зиялы қауымды, оқушы жастар мен мұғалімдерді біріктірген астам қоғамдық ұйымдар құрылды. Олардың арасында Сәкен Сейфулиннің басшылығымен Ақмолада "Жас қазақ" ұйымы, Меркеде Тұрар Рысқұлов ұйымдастырған "Қазақ жастарының революциялық одағы", Спасск зауытында "Жас жүрек", Петропавлда "Талап", Семейде "Жанар" ұйымдары белсенді қызмет атқарды.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет