Литература:
1.
Алексеев А.Д. История фортепианного искусства: Учебник. В 3-х ч. Ч. 1 и 2. - 2-е изд.,
доп. – М.: Музыка, 1988. – 415 с.
2.
Бражников М. Фортепиано: Научно-популярный очерк. - 2-е изд. – М.: Музыка, 1982. – 63
с.
3.
Гаккель Л. Фортепианная музыка XX века. Очерки. – М.: Советский композитор, 1976. –
296 с.
Хабаршы
№2- 2015 ж.
141
4.
Гофман И. Фортепьянная игра. Вопросы и ответы о фортепьянной игре: учебно-
методическое издание. – М.: Классика XXI, 1998. – 173 с.
5.
Иосиф Гофман Фортепьянная игра Ответы на вопросы о фортепьянной игре. – М.: Музгиз,
1961. – 224 с.
6.
Кременштейн Б.Л. Педагогика Г.Г. Нейгауза: Вопросы, истории, теории, методики. – М.:
Музыка, 1984. – 89 с.
7.
Копченевский Н.А. Клавирная музыка: Вопросы исполнения: Вопросы истории, теории,
методики. – М.: Музыка, 1986. – 96 с.
8.
Михеева Л. Музыкальный словарь в рассказах: издание третье. – М.: Советский
композитор, 1988. – 176 с.
9.
Нейгауз Г.Г. Размышления, воспоминания, дневники, избранные статьи, письма к
родителям: издание второе, исправленное и дополненное. – М.: Всесоюзное издательство
«Советский композитор», 1983.
Потиченко Э.Г.
Пианисттердің-секірменің аттанулары сахнада қазіргі шарттарда
Ғылыми мақалада зертте- өзектілігі және жаңалықты қазіргі фортепиано мектептің
педагогикасында имеет. Тәлім-тәрбие фортепиано ойынға - тәлімдік жұмыс қажетті элементімен күрделі
және көпқырлы үдеріс болып табылады. Басты тақырып ғылыми мақалада - как ара біздің Қазақстан
республикасы, олай және Европада пианисттердің-секірменің жұмысының байқауы. Акцент Италияның
фортепиано музыкасының байқауына, классикалық фортепиано музыканың концерттерінің үшін соңғы 5
жас айтылмыш мақаланың өзінің авторының кейін қатынасу, мастер-классов тыңдауының құрулы.
Кілт сөздер: саз, мектеп, залы, сахнада, концерт, мәдениет, концерттік қызмет, аттанулар сахнада,
фортепиано өнердің дамуы.
Potichenko E.G.
Performances by pianists-classics on stage today.
Scientific article has relevance of research and innovation in teaching of modern piano school. Learning
piano playing is a complex and multifaceted process, an essential element of which is the educational work. The
main theme in the scientific article-the study of piano-classics in our Republic of Kazakhstan, and Europe.
Emphasis on the study of the piano music of Italy raised after attending the hearing master classes, concerts of
classical piano music for the past 5 years, by the author of this article.
Keywords: music, school, hall, on the stage, concert, culture, concerto activity, appearing on the stage,
development of pianoforte art.
ОӘЖ: 37.013
Амантурлина Г.К. – аға оқытушы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ,
(Орал қ., Қазақстан), E-mail:
gulmira_78_78@mail.ru
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЕНГІЗУ
Аннотация. Мақалада модульдік технологияны қолдану арқылы жоғары оқу орындарында білім
сапасын арттыру мүмкіншіліктері қарастырылған. Оқытушының білім беруде жаңа әдістерді пайдалануы
білім алушының білім деңгейін көтеруге, оқу үдерісіне ынталандыруға, оқытудың тәрбие, білім беру
және өркендету мақсаттарын дамытуға ықпалын тигізеді.
Кілт сөздер: модульдік оқыту технологиясы, интерактивті құрылғылар, оқу-тәрбие үрдісі, білім сапасы.
Бізге оқыту әдістемелерін жаңғырту және өңірлік мектеп орталықтарын құра отырып,
білім берудің онлайн-жүйелерін белсене дамыту керек болады.
Н. Назарбаев
Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға
байланысты. Бүгінгі күні білім беру орындары алдында тұрған басты міндет - өзіндік айтар ой-пікірі
бар,
Хабаршы
№2- 2015 ж.
142
жоғары сапалы, белсенді азамат тәрбиелеп шығару. Өйткені қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру
жүйесінің алдына жаңа заманғы адамды қалыптастыру, дамыту мақсаттарын қойып отыр [1].
Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі білім алушыны оқу қызметінің субьектісі
ретінде, өзін-өзі өзектілендіруге, өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы
тұлға ретінде қарастырады. Мұндай жағдайда педагогикалық үдерістің маңызды құрамы оқу ісіндегі
субьектілер – оқытушы мен білім алушының өзара әрекеті болып табылады.
Білім парадигмасы бірінші орынға білім алушының білімін, білігі мен дағдысын емес, оның
тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр [2].
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – білім алушының тұлғалық дамуына
бағдарланған оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
Оқыту технологиясы – бұл білімінің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен
әдістемелердің; оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан
міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр
позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында білім алушының дамуына жағымды жағдайлар
жиынтығын құрайды.
Педагогикалық үдерістің тиімділігінің артуына мүмкіндік беретін білім беру мен тәрбие
бірлігін сақтай отырып, білім алушыларға берілетін білімнің үйлесімділігімен қатар, әрбір жеке
тұлғаның ерекшелігін ескере отырып, білімділігіне сәйкес бағдар беру, танымдық ізденімпаздығын
дамытудағы оқытудың прогрессивтік қадамының бірі – модульдік оқыту.
Модульдік оқыту – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу
мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
Модуль дегеніміз іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған
алдағы нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі
мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып
табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының
шамасы. Жалпы «модуль» сөзі «оқытудың мазмұны мен технологиясын» білдіреді. «Модуль
мазмұны» өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады.
Басқаша айтқанда, модуль – оқу мазмұны мен технологияны біріктіріп тұрған мақсатты
функционалды байланыстырушы.
1.
Модульдік оқытуда білім мазмұны аяқталған кешен ретінде ұсынылады (ақпараттық блок
- модуль), оны игеру мақсатқа сәйкес жүзеге асады. Қалыптасқан дидактикалық мақсат игерілетін
материал әрбір білім алушы оқытушыдан қалай әрекет ету керектігі туралы, қажетті материалды
қайдан табу керектігі туралы кеңестерді жазбаша түрде алады.
2.
Модульдік технология білім алушының нақты қарым-қатынас формасын ұсынады.
Модульдер оқытуда субъекті-субъекті қарым-қатынасын негізге алмастыруға мүмкіндік береді.
3.
Модульдік оқытуда көп уақыт білім алушының өз бетімен жұмыстануына кетеді, ол
өзіндік мақсатына, өзіндік жоспарына, өзіндік ұйымдастыруына, өзіндік бақылау және өзіндік
бағалауына сәйкес оқиды. Бұл өз әрекетін танып білуге, білімді игеру деңгейін өзіндік анықтауға, өз
білімі мен білігіндегі кемшіліктерін көріп, білуіне мүмкіндік береді. Әрине, оқытушы білім
алушылардың оқу-танымдық әрекетін модульдер арқылы үздіксіз басқарып отырады.
4.
Модульдердің болуы оқытушының жеке білім алушылармен жұмысын жекешелендіруге
мүмкіндік береді.
5.
Модульдік оқытуда оқу үдерісінің уақыт бірлігі сабақ емес, оқу аптасы және оқу
материалы бір-екі тақырыпты емес, толық оқу тақырыбының мазмұнын құрайды. Ол оқу үдерісінің
бір бөлігін топтық, тіпті жеке жұмысқа арнауға мүмкіндік береді.
Модульдік оқыту технологиясы Дж.Д. Рассель, В. Гольдшмидт, М.Л. Гольдшмидт, Я.Л.
Клиндштат, В.Б. Закорюкин, В.И. Панченко, Л.М. Твердин, П. Юцявичене, К. Вазина, т.б.
еңбектерінде қарастырылып, зерттелген.
Модульдік технология
белгілері
Жүйелік (оқу үдерісінің
мазмұны және
мақсатының
үйлесімділігі)
Нәтиженің жүзеге асуы
және кепілділігі
Кері байланыс жүйесі
Хабаршы
№2- 2015 ж.
143
1-сурет. Оқыту технологиясының белгілері
Модульдік оқытудың жүйелік құрылымы білім алушыларды тәртіпке үйретіп, олардың
жұмысын үйлестіреді. Нәтижесінде білім сапасын көтереді.
Модульдік оқыту технлогиясының 1-суретте көрсетілген белгілері жоғары оқу орнында
болашақ маманның танымдық-интеллектуалдық әлемін дамытып қана қоймай, кәсіби маңызды
сапаларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан оқыту технологиялары жеке тұлғаның
дамуына, оның рухани тұрғыда жетілуіне маңызды зор, білімдік және психологиялық мәні терең
құндылық бағдар ретінде танудың мүмкіндігі бар.
Жоғары оқу орнында модульдік оқыту арқылы студенттердің ойлау қабілетін дамыту, ой-
пікірінің дербестігі мен еркіндігін кеңейту, олардың өз бетімен білім алуға деген ынтасын арттыру,
оны өз тәжірибелерінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, яғни біліктіліктерін
қалыптастыру және дамытуды көздейді. Модульдік оқыту педагогикалық үдеріс тиімділігінің
артуына мүмкіндік беретін білім беру мен тәрбие бірлігін сақтай отырып, студентке берілетін
білімнің үйлесімді, бағдарлы, әрбір жеке тұлғаның білімдік ерекшелігіне сәйкес танымдық
ізденімпаздығын дамытуға жол ашады.
Жоғары оқу орнында модульдік оқытуды енгізу мектепке қарағанда өзгешеленеді. Өйткені
студенттерге кәсіби бағдарлы пәндер циклі оқытылып, оның практикамен байланысына аса мән
беріледі. Ал, мектепте жалпы білім беретін пәндердің негізгі тақырыптары арасындағы байланыс
сақталуы тиіс. Сонымен қатар, модульдік оқытудың дәстүрлі оқытуға қарағанда пәндерді
мазмұндық және логикалық құрылымына сәйкес интеграциялауға болады. Сол сияқты модульдерді
біріктіріп блок құру да тиімді. Бұл кредиттік оқыту жүйесінде оңтайлы ерекшелік болмақ.
Дегенмен, модульдік оқыту технологиясын біз қазақстандық ғалымдардың мектептік білім беру
жүйесіне енгізген зерттеулерінсіз қарастыруымыз мүмкін емес. М.Жанпеисованың [3] тілдік
ортаны, Ж.Қараевтың, Ж.Қобдикованың [4] физиканы оқытуда енгізген технологияларын негізге
ала отырып, 5В011100-Информатика мамандығы бойынша модульдік оқытуды жоғары оқу орнына
енгізуді қарастырамыз.
Төмендегі кестеде дәстүрлі және модульдік оқыту технологияларын қолдану бойынша
айырмашылық беріледі.
Кесте 1. Оқу жоспарынан үзінді
Цикл
Пән атауы
Кредит саны
Семестр
БП/МК
Педагогикалық кәсіпке кіріспе
1
1
БП/МК
Педагогика
3
2
БП/МК
Этнопедагогика
2
3
БП/МК
Информатиканы оқыту әдістемесі
3
6
БП/МК
Психология және тұлғаның дамуы
3
2
БП/МК
Жас ерекшелік физиологиясы және
мектеп гигиенасы
2
2
БП/МК
Өзі-өзі тану
2
3
Хабаршы
№2- 2015 ж.
144
БП/МК
Кәсіби қазақ (орыс) тілі
2
6
БП/МК
Кәсіби бағытталған шетел тілі
2
6
БП/МК
Информатика
3
1
КП/ТК
Мемлекеттік тілде іс жүргізу
2
7
1-кестеде көрсетілген пәндерді модульдік оқыту технологиясы бойынша блоктық жүйеге
келтіру мүмкіндігіне тоқталамыз.
Кесте 2. Модульдік оқыту бойынша оқытудың тиімділігі
Модуль
Микромодуль
Кредит саны
Сынақ/
емтихан
Дидактикалық
9
3
Педагогикалық кәсіпке кіріспе
1
Педагогика
2
Этнопедагогика
3
Информатиканы
оқыту
әдістемесі
3
Тұлғалық даму
7
2
Психология және тұлғаның
дамуы
2
Жас ерекшелік физиологиясы
және мектеп гигиенасы
2
Өзі-өзі тану
2
Ақпараттық-
коммуникациялық
9
7
Кәсіби қазақ (орыс) тілі
6
Кәсіби бағытталған шетел тілі
6
Информатика
6
Мемлекеттік тілде іс жүргізу
7
Қысқартулар:
БП-базалық пән
МК-міндетті компонент
КП-кәсіптік пән
ТК-таңдау компоненті
Аталмыш технологияның кредиттік жүйедегі қолайлылығы теориялық тұрғыда дәлелденіп,
тәжірибеге енгізу түрлі жоғары оқу орындарында тәжірибеден өткізіліп жатыр. Мысалы, Қыздар
мемлекеттік педагогикалық университетінде, Ш.Есенов атындағы Каспий университетінде бастау
алған. Бұл оқу орындарының бірінде пәндерді интеграциялау арқылы блоктап-модульдеп оқытса,
екіншісінде пәннің аясында модульдер құруға негізделген.
Жаңа технологияны күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін әр оқытушы өзінің алдында
отырған студенттің жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсат-мүддесіне сай, өзінің
шеберлігіне орай таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі,
шығармашылық ізденісі, өз мамандығына сүйіспеншілігі мен алдындағы шәкірттерін бағалауы
ерекше орын алады Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен:
кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады. Әр оқу модулінде сағат саны әр
түрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға
бөлінген сағат санына байланысты. Зерттеулер 7-12 сағаттан тұратын оқу модулінің неғұрлым
тиімді екенін көрсетті. Жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімге 1-2 сағат
беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады. Кіріспе бөлімінде оқытушы
студенттерді оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат – міндеттерімен таныстырады.
Содан кейін оқытушы осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша,
сызба, кесте және тағы басқа белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді. Сөйлесу бөлімі
танымдық үдеріс топты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы, негізінен студенттердің өзара
әрекет етуіне құрылған. Бұл технологияны қолдану барысында оқу материалдарын дайындау көп
уақыт талап ететінін байқадық.
Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істеу алу
Хабаршы
№2- 2015 ж.
145
мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
Модульде 3 деңгейлік тапсырмалар: тест сұрағы, сынақ тапсырмасы, шығармашылық жұмыс
бойынша жұмыс жүргізіледі. 3-ші деңгей – мемлекеттік стандарт деңгейі, бұны барлық студенттер
орындауы, білуі міндетті. 2-ші деңгей бұған қарағанда күрделірек, ал 1-ші деңгейді өзіндік пікірін
жеткізе алатын, өз ойын шығармашылықпен дәлелдей алатын қабілетті, озат студенттер ғана
орындай алады. Студенттердің тапсырманы өз бетімен орындауы – шығармашылық жұмыстың
бастамасы. Сонымен қатар, топ студенттерінің сабаққа икемді екенін байқап, әрі қарай дамытуға
көп көмегін тигізеді. Студенттер 1 деңгейді орындауға еліктеп, сабақтан тыс уақытта да өз бетімен
жұмыс істейтін болды. Бұл технология, біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға
мүмкіндік береді, сондай-ақ білім алушылардың ойлау, елестету мен есте сақтау қабілетінің,
ынтасының, белсенділігінің, білім сапасының дамуына көмектеседі. Әр білім алушының кемінде
кәсіби деңгейде білім алуына кепілдік береді [5].
Қазіргі заманғы интерактивті құрылғылар модульдік оқыту бойынша оқытушы мен
студенттің дайындыққа кететін уақытын шамамен үш есеге азайту мүмкіндігін береді. Сонымен
қатар электронды материалдар қайта өңдеуге, қатесі болған жағдайда тез түзетуге, жетілдіруге өте
қолайлы болып табылады. Сонымен қатар интерактивті құралғыларды сабақта қолдану
студенттердің қызығушылықтарын, белсенділіктерін, дайындықтарын арттыра түседі. Модульдік
оқыту технологиясы білім алушының тұлғалық психикалық қасиеттерін дамытуға мүмкіндік береді.
Ал модульдік технологияны интерактивті құрылғылардың көмегімен жүзеге асыру сабаққа
дайындық кезеңінде көп уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Интерактивті оқыту формасында
студент мен оқытушы арасындағы қарым – қатынас үлгісі де өзгереді: оқытушы белсенділігі
төмендеп, студент белсенділігі артады. Жаңа білім алу үдерісі білім алушы үшін қолайлы
атмосферада жүргізіледі.
Интерактивті технологияның тәрбиелік мүмкіндіктері де маңызды: студенттердің
коммуникативтік қасиеттерін дамыту мүмкіндігін береді. Студенттер өз ойларын еркін жеткізе
білуге, басқалардың пікірін тыңдауға үйренеді. Жасқаншақ студенттер жүйкелеріне түсетін
салмақтан да арылады, өйткені студенттер оқытушы тарапынан ескерту алудан қорықпайды.
Модульдік оқыту технологиясын жоғары оқу орнында қолдану электрондық оқыту
парадигмаларымен ұштастыруды қажет етері сөзсіз. Әсіресе, қашықтан оқитын студенттер үшін бұл
таптырмас технология болып саналады. Электрондық ресурстар білім алушылардың сабаққа деген
ынталарын, назарын, қызығушылықтарын арттырып, білім сапасын жоғарылатады. Бүгінгі күні
жаңа ғасырдың жастарына жан-жақты білім беру, тәрбиелеу – әрбір оқытушының басты борышы.
Инновациялық үдерісті жобалау және кәсіби бағдарлы білім берудегі оқытушылардың
мақсаты шығармашылық ізденістегі педагогтар қатарын толықтыру, білім беру мен оқыту
әдістемесін жаңа технологиялармен байыту, жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бәсекеге қабілетті
жеке тұлғасын қалыптастыру болса, тиімді оқыту технологиясын таңдау жоғары оқу орнының
міндеті болып табылады.
Қорыта айтқанда, білім алушылардың шығармашылығын дамытуға интерактивтік модульдiк
оқыту технологиясының үлесі зор. Жаңаша оқыту жаңа қадамды талап етеді.
Әдебиеттер:
1.
Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы. – Астана, 2012. – http://akorda.kz.
2.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы. –
Астана
, 2010. – http://adilet.zan.kz.
3.
Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. –
Алматы, 2006. – 215 б.
4.
Караев Ж.А., Кобдикова Ж.У. Актуальные проблемы модернизации педагогической
системы на основе технологического подхода. – Алматы: Зерде, 2014. – 312 б.
5.
Маханова Г.Ж. Модульдік оқыту технологиясының элементтерін арнаулы оқу
орындарында
қолдану.
–
Алматы,
2008.
–
http://www.rusnauka.com/20_DNI_2013/Pedagogica/5_142823.doc.htm
Амантурлина Г.К.
Внедрение модульной технологии обучения в вузе
В статье рассматривается использование модульной технологии в высших учебных заведениях,
как средство повышения качества знаний. Описывается использование модульной технологии по двум
направлением: интеграция дисциплин в один модуль и дидактический модуль внутри одной
Хабаршы
№2- 2015 ж.
146
дисциплины.
Ключевые слова: модуль, модульная технология обучения, интерактивное обучение,
обучающиеся, качество знаний.
Amanturlina G.K.
The introduction of modular technology education at the university
The article discusses the use of modular technology in higher education, as a means of improving the
quality of knowledge. Describes the use of modular technology in two areas: the integration of disciplines in a
single module and didactic module within the same discipline.
Keywords: module, the modular technology of training, interactive learning, students, the quality of knowledge.
ӘОЖ: 378.2:371.011.31-051:796
Рысқалиев С.Н. – дене шынықтыру және спорт магистрі, аға оқытушы,
М.Өтемісов атындағы БҚМУ
(Орал қ., Қазақстан), E-mail: sayat813@mail.ru
БОЛАШАҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ СПОРТ МАМАНЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА ДАЯРЛЫҒЫ: КЕЙБІР ӘДІСНАМАЛЫҚ
ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК ЫҚПАЛДАР
Аннотация. Мақалада болашақ дене тәрбиесі және спорт маманының әдіснамалық және
тәжірибелік ықпалдар арқылы педагогикалық шығармашылыққа даярлығын қалыптастыру бойынша
теориялық талдау мен тәжірибелік жұмыстың негізгі компоненттері, спецификасы мен нәтижелері
қарастырылады. Зерттеудің нәтижелері ретінде: өздерінің педагогикалық қызметінің мәні мен
құндылығы жөніндегі студенттердің қайта пайымдаулары; болашақ мамандардың білім позицияларының
өзгеруі; шығармашылық педагогикалық қызмет және болашақ кәсіби ұстанымдар міндеттерін
рефлексифті ұғыну алынған.
Достарыңызбен бөлісу: |