2-жұмыс. П.Г.Снякин әдісі бойынша тер шығуын микроскоппен зерттеу
Жұмыстың мақсаты: П.Г.Снякин әдісі бойынша тер шығуын микроскоппен зерттеп жүргізуді үйрену.
Жұмысқа қажетті заттар: капилляроскоп, бал қарағай майы.
Жұмысты орындау:Тері бездерінің тер шығару қабілеті, олардың саныденедегі зат алмасуына, сырттағы температураға, адам денесінің температурасына, атқарылатын жұмыс түріне, оның қарқыны мен ауыр – жеңілдігіне, адамның көңіл күйіне (эмоцияға) байланысты.
Тәжірибе адамға жасалады. Ауа температурасы 180С – 200С градус болуы керек. Зерттелуші адам екі қолын сабындап жуып, тазартады да, сүлгімен содан соң, сорғыш қағазбен сүртіп, әбден құрғатады: сол қолының 4-шісаусағының ішкі жағын бал қарағай майымен сылайды. Май кеуіп қабыршақ пайда болған соң тері құрылымы айқын көрінетіндей етіп саусақты капилляроскоптың астына қояды. Енді қаз қатар жатқан жұмыр төмпешіктерді, олардың үстіндегі маржан тәрізді тер тамшыларын көруге болады.
Зерттелуші адамға есеп шығартса, немесе қиын бір сұрақ берсе, тер шығаратын бездердің саны көбейе бастайды.
3-жұмыс. Тері температурасын электротермометрмен медициналық термометрмен өлшеу
Жұмыстың мақсаты: Сынапжәне электротермометр әдісімен тері температурасын өлшеумен танысу.
Қажетті заттар: медициналық термометр, жоғары сезімталэлектротермометр, тоқ көзі (батарейкалар), электротермометр қабылдағышы.
Жұмысты орындау: Тері температурасы дененің әр жерінде әр түрлі. Өте сезімталэлектротермометрмен өлшеп, температура терінің қай жерінде қанша екенін білуге, яғни температуралық топография жасауға болады. Электротермометр тоқ өткізетін қабылдағыштан (термистордан), өлшеуіш бағаннан (микроамперметрмен градусына бөлінген өлшеуіш сызық – шкаласымен), тоқ көзінен (батарейкадан) тұрады.
Сурет 2.А.Д. Слоним бойынша дене бетінің әр түрлі бөлімдерінің температурасы (Т° С).
Температура өлшеу термистордың жартылай өткізгіштік (полупроводник) қасиеті мен терінің кедергілерін салыстыруға негізделген.
Температура төмендесе кедергі күші көбейеді де, температура жоғарласа, керісінше азаяды. Электротермометрмен сондай-ақ ішкі ағзалар мен қуыс ағзалар температурасын да өлшеуге болады. Зерттелетін ағзаға қарай әр түрлі қабылдағыштар пайдаланылады. Тері қабылдағыштарын саусаққа, алақанға, шынтаққа, қол сыртына тигізіп, олардың температурасы әр түрлі екенін байқау қиын емес.
Достарыңызбен бөлісу: |