Абсолют қара дененің сәуле шығару заңын Стефан 1879 жылы эксперимент жүзінде, ал Больцман 1884 жылы аналитикалық формула түрінде ашқан болатын.
Йозеф Стефан
Людвиг Больцман
Стефан − Больцман заңы
Абсолют қара дененің толық сәуле шығару қабілеті оның абсолют температурасының төртінші дәрежесіне тура пропорционал. Дененің сәуле шығару қабілеті деп белгілі температурада оның бір өлшем беткі ауданынан бір өлшем уақытта барлық жиілікте шығаратын электромагниттік сәулелерінің энергиясын айтады.
Абсолют қара дененің сәуле шығару қабілеттілігінің толқын ұзындығына тәуелділігі. Денелердің сәуле шығару қабілетін әр түрлі температурада өлшей отырып,ғалымдар XIX ғасырдың аяғында аса мол эксперименттік мәлімет жинады. Алайда тәжірибеден алынған жылулық сәулелердің λ толқын ұзындығына байланысты Е(λ) энергия өзгерісі қисығын (1-қисық,143-сурет) Ньютонның да,Максвеллдің де теориялары түсіндіре алмады. Классикалық теорияға негізделіп салынған Е(λ) тәуелділігінің қисығы 3 ультракүлгін аймағында шексіздікке кетеді. Ал эксперименттік қисық 1 көрінетін ақ жарық тұсындағы максимумнан өтіп, ультракүлгін аймағында,керісінше, минимумге ұмтылады. Эксперименттік нәтиже мен классикалық теориялар арасындағы мұндай қарама – қайшылық физика тарихында “ультракүлгін апаты” деген атаққа ие болды.
Физикалық диктант
1. Қызған денелердің сәуле шығарып, электромагниттікэнергия таратуын деп атайды.
2. Электр шамының вольфрам қылын 3000ºС – қа дейін қыздырғанда,ол сәуле шығарады.
3. Өзіне түскен әртүрлі жиіліктегі сәулелердің энергиясын толық жұтып алатын денені деп атайды.
4. Абсолют қара дененің оның абсолют температурасының төртінші дәрежесіне тура пропорционал.