Басқаша айтқанда, әлеуметтік рөл дегеніміз, қоғамдағы адамдардың белгілі бір қызмет атқарған жағдайда белгілі бір тәртіп нормаларын сақтауын айтамыз. Ал рөлдік жүйе дегеніміз-адамның қоғамдағы алатын орнына, жағдайына, тұрмысына сәйкес істейтін қызметінің жиынтығы. Адамдардың әлеуметтік рөлдерді бойына сіңіріп,игеріп, меңгеру тұлғаны әлеуметтендіру процесінің бір бөлігі, оның қоғамға, топқа толық енуінің негізгі қажетті шарты. Әлеуметтік рөлдердің мысалы ретінде адамдардың мамандыққа байланысты рөлін айтуға болады. Әлеуметтік рөлдерді игеріп, меңгеруде адам әлеуметтік тәртіп стандарттарын игеріп, меңгеруді, өзін өзі бағалап, бақылауды іске асырады.

Енді бұларға толығырақ тоқталған жөн:
Енді бұларға толығырақ тоқталған жөн:
Мысалы: Әрбір адам әлеуметтік жүйеде бірнеше қызметтерді атқарады. Осыны статус дейді. Әрбір адамның бірнеше статусы болуы мүмкін, бірақ оның жағдайын бір ғана статус анықтайды. Бұл жалғыз статус басты немесе интегралды деп атайды. Еңбегі арқылы қол жеткізген статус адамның қажырлы еңбек етуіне байланысты. Статустың табиғи деген түрі болады. Тұлғаның табиғи статусы адамның мәнді, тұрақты сипатты белгілеріне байланысты (ер адам, әйел, бала,жасөспірім, қарт,т.б.) Кәсібіне байланысты статус тұлғаның базистік яғни негізгі статусы болып есептеледі.