Тәрбиеші: Жақсы, балалар үй жануарлары қайда мекендейді?
Балалар: қорада, оларды адамдар күтіп-баптайды.
Әже: Балалар, жарайсыңдар. Үй жануарларының адам баласына пайдасының зор екенін ұмытпаңдар. Мысалы: сиырдың сүтін ішеміз, етін жейміз, құрт қайнатамыз, май шайқаймыз, Терісінен де пайдаланады. Жылқының қымызын ішеміз, етін жейміз. Қызы-қарта, жал-жаясын жейміз. Жылқы төзімді, біздің ауыр заттарымызды көтереді.Жылқы-қасиетті жануар. Даладағы жаман шөпті жемецйді, лас суды ішпейді. Түйе де төзімді, шөлге шыдамды жаунуар. Түйенің сүтінен шұбат ішеді. Жүнінен қолғап, т.б киімдер тоқиды. Терісінен де әртүрлі заттар жасайды. Ал қой болса, бізге етін береді. Қой жүнінен шұлық, шәпке, т.б киімдерді тоқуға болады. Терісін де адамдар пайдаланады. «Қой өсірсең, мал өсір, пайдасы оның көл-көсір», деп таларымыз тегін айтпаған. Сондықтан балалар, үй жануарларына үнемі қамқорлық танытыңдар. Күтіңдер.
Тәрбиеші:Балалар, үй жануарлары туралы көп мағлұмат алдыңдар. Ендігі кезекте үй жануарларын қатыстырып, тірек-суреттердің көмегімен сөйлем құрастырайық.
Мнемокарточкалармен жұмыс
Балаларға мнемокарточкалар таратылады. Балалар тірек-суреттермен сөйлем құрастырады, оқиды.
Доппен сергіту сәтін жасау. Әже: Балалар, жарайсыңдар. Үй жануарлары көп болса қалай атаймыз? Білеміз бе?
Тәрбиеші: Балалар, әжемізге білетінімізді дәлелдеу үшін «Не, нелер» атты дидактикалық ойын ойнайық.
«Мынау не? Мынау нелер?» дидактикалық ойыны.
Мақсаты: Балаларды зат есімнің жекеше, көпше түрін қолдануды үйрету. Танымдық қабілеттерін қалыптастыру. Сөздік қорды толықтыру, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту. Тиянақтылыққа және ұқыптыллыққа тәрбиелеу.
Шарты: Балаларға карточкалар таратылады. Тәрбиеші балаларға суреттерді көрсетіп, «Мынау не?» деп жекеше түріндегі зат бейнеленген суретті көрсетеді. Балалар: мынау «жылқы», ал мынау «жылқылар» деп карточканы орналастыру керек.
Әже: Балалар, жарайсыңдар. Үй жануарлары туралы білесіңдер. Ақылды, алғыр баласыңдар. Мен сендерге құрт қайнатып қойғам.
Әже балаларға құрт таратады. Тәрбиеші: Әже, біздің балабақшаға қайтатын уақытымыз келді. Сізге рахмет. Балаларға үй жануарлары туралы көп мағлұмат бердіңіз.
Тәрбиеші балалармен топқа оралады.
Тәрбиеші: Балалар, әженің ауылында қызықты болды ма?
Балалар: ия, қызықты болды.
Ендеше, ұйымдастырылған қызметімізді қорытындылау үшін үстелде орналасқан ою түрлерін түске сәйкес алуларың керек. Не себептен сол түсті таңдағандарыңды айту керексіңдер.
Егер ҰҚ өте көңілді, қызықты мағлұмат алдым десеңдер, 1 қызыл оюды алыңдар. Ал егерҰҚ тағы білгім келеді дегендерің жасыл оюды таңдайсыңдарАл егер ҰҚ көңілсіз өтті дегендерің көк оюды таңдаңдар.
Балалар оюларды бір-бірден таңдап болған соң, барлық балалар неліктен сол түсті оюды таңдағанын айтады.