Ұйымдастырылған қызметінің конспектісі Топ: ересек
Білім беру дағды: Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру.
Түрі: кіріктірілген (Физикалық қасиеттерді дамыту) Тақырыбы: Үй жануарлары мен төлдері.
Мақсаты: Үй жануарлары және оның төлдерімен таныстыру.
Міндеттері: Білімділік: балалардың үй жануарлары туралы, оларға күтім жасау туралы, жануарлардың пайдасы туралы түсініктерін байыту, зат есімнің көпше түрінде қолдана білуге , тірек-суреттер арқылы сөйлем құрастыруға үйрету.
Дамытушылық: Балалардың есте сақтау қабілеттерін, сөйлеуді, зейінді, қабылдауды, шығармашылықты, эстетикалық қабылдауды, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды қоршаған әлемге танымдық қызығушылыққа тәрбиелеу, Үй жануарларына қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: үй жануарлары мен олардың төлдері бейнеленген суреттер, карточкалар.
Алдын ала жұмыс: Үй жануарлары мен олардың балалары бейнеленген суреттерді қарау, ит пен мысықты бақылау. Жануарлар туралы жұмбақтар, әңгімелер.
Барысы: Шаттық шеңбері
Армысың, Әлем!
Армысың, Жарық күн!
(Қолдарын жайып, көкке көтереді.)
Армысың, абзал Адам!
(Қолдарын алға созады.)
Армысың, менің досым!
Тәрбиеші: Балалар, бізге аудиохабарлама келіпті. Тыңдап көрейікші.
Тәрбиеші Зере әженің аудиохабарламасын естіртеді. Балаларым, құлындарым! Мен Зере әжелеріңмін. Көптен бері сендерді көрген жоқпым. Сағынып қалыппым. Сендерге қысқа май сақтап, айран ұйтып қойдым. Келіп кетсеңдер, риза болар едім. Сағынышпен, Зере әжелерің. Тәрбиеші: Балалар, Зере әжелеріңе барғыларың келе ме?
Балалар: Иә, барғымыз келеді.
Тәрбиеші:Жақсы, балалар. Зере Әженің ауылына жету үшін біраз кедергілерден өтуіміз керек.
(Физикалық қасиеттерді дамыту)