1-кедергі «Жылан ізімен жүріп өт»
Текшелер арасынан жыланша жүреді.
2-кедергі Ұлдар: Доғал арасынан өрмелеп өтеді.
Қыздар: Гимнастикалық орындық үстімен жүріп өтеді.
Тәрбиеші: Жақсы, балалар кедергілерден өттіңдер. Зере әженің де ауылына жетіп қалдық.
Әже шығады. (Коммуникативтік дағдыларды дамыту)
Әже: Амансыңдар ма, құлындарым! Көптен бері сендерді көрмедім. Ауылыма қош келдіңдер. Сендерге дайындап қойған қысқы майым бар. Сендерге деп айран ұйтып қойдым. Балалар, айран ішіп жайғасқанға дейін сендермен «Кім тапқыр?» ойынын ойнағым келіп тұр. Ол үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер жауабың айтып қана қоймай, құрастыруларың керек. Дайынсыңдар ма, балаларым?
Балалар: ия, дайынбыз
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар (Қой)
Тақтада үй жануарларының суреттері ілінеді.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар. Ал қойдың төлін қалай атаймыз?
Балалар:қозы деп атаймыз.
Әже: Төрт бұлағы сүт
Баққанға ол құт (Жылқы)
Тәрбиеші: Балалар, ал жылқының төлін қалай атаймыз?
Балалар: құлын деп атаймыз.
Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар,
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар (ешкі)
Тәрбиеші: Ал ешкінің төлін қалай аталады?
Балалар: лақ деп атаймыз.
Әже: Үстінде қос қорабы,
Мінсең көлік болады,
Жақындасаң қасына,
Қорқытады баланы (Түйе)
Тәрбиеші: Ал түйенің төлін қалай аталады?
Балалар: ботақан деп атаймыз.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар, балалар. Үйц жануарларын және оның төлдерін білесіңдер.
Балалар 3 топқа бөлінеді. 1-топ: Қошақандар 2-топ: Құлыншақтар 3-топ: Ботақандар «Құрастыр және ата» дидактикалық ойыны.
Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Үй жануарларын құрастыра білу дағдыларын қалыптастыру. Бөлікті бүтінге құрастыру қабілеттерін жетілдіру. Тапсырманы ұқыпты, мұқият орындауға тәрбиелеу.
Үстел үстіне үй жануарларының қиынды бөліктері орналасқан. Балалар үш топ болып суреттерді құрастырады.