Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы



бет20/28
Дата31.10.2022
өлшемі85,2 Kb.
#46550
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28
Байланысты:
мүсіндеу

Білім беру саласы: Шығармашылық, таным.
Бөлімі:Мүсіндеу.
Тақырыбы: «Сылдырмақ»
Мақсаты: сылдырмақ туралы түсініктерін кеңейту,оның дыбыс шығаруының сырын түсіндіру; домалақ және сопақша пішіндерді жасауды, тегістеп екі бөлікті біріктіре білуді, ұнаған түстерін таңдай білуді дамыту; ұқыптылыққа және еңбектене білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құрал жабдықтар мен көрнекіліктер: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, тақтайша, ермексаз, сулық, мысықтың суреті, ыдыс үлгі, ермексаздан жасалған үлгі, сылдырмақ.
Сөздік жұмыс: сылдырмақ
Билингвальды компонент: сылдырмақ погремушка.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Тәрбиеші балаларға сылдырмақ туралы өлең жолдарын тыңдауды ұсынады.
Сылдырмақ
Сылдырмақ сылдырлап
Бесікке тұрады
Бөпешім былдырлап
Бас салып, қолға алып
Ауызға салады
Сол кезде сылдырмақ
Сөйлемей қалады.
Ж. Смақов
(сылдырмақты сылдырлатып көрсету)
Билингвальды компонент: сылдырмақ погремушка.

 Балалар өлең жолдарын тыңдайды, не туралы айтылғанын айтады.

«сылдырмақ погремушка» сөздерін балалар қосылып қайталап айтады.





Ұйымдастыру-іздестіру

Тәрбиеші:
Бұл сылдырмақтың сыры неде? Бұл қалай дыбыс шығарады, зерттеп көрейік.
Сөздік жұмыс: сылдырлайды.
Пластмасадан жасалған ойыншықтың ішіне салынған моншақтарды ашып көрсету, қайта жауып, шайқап, сылдырлату. Осылай әртүрлі ұсақ заттар салу арқылы дыбыс шығарылатынын балаларға түсіндіру.
Сылдырмақ не үшін керек?
Кімнің үйінде сылдырмақ бар?
Кімнің үйінде кішкентай іні қарындасы бар?
Сол бөбектерге сылдырмақ жасап берсек қайтеді.
Тәрбиеші балаларға өзі дайындаған үлгіні көрсетеді.
Алдымен саусақ жаттығуларын жасап алайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет