Дәптерімізді ашып, 1 тапсырманы шиелерді санаймыз.
Санды цифрмен белгілейміз. 9 цифрын табамыз.
Педагог 9 саны мен цифры туралы тақпақ оқып береді.
Акробат қыз мықты
Сахнаға шықты.
Бүктеліп белі қайысты
«9» болып майысты.
Цифрды бастырып сызамыз.
Санды ауаға « жазамыз».Содан соң аяғымыздың ұшымен еденге саламыз. Енді қарындашты алып, дәптердегі санды салып шығамыз: алдымен дөңгелек сызықты жоғарыдан төмен түсіп, сызықты солға бұрамыз. 9 санын қолды үзбей жазуды үйрету.
Сергіту минутын ( 9 рет секіру,оң аяқпен 9 рет, сол аяқпен 9 рет жерді тебу, 9 рет қол шапалақтау, парталас досыңмен 9 рет алақан соғу және т.б.) өткізгеннен кейін, тапсырманы орындайды. Цифр,сан және нүктемен берілген сан үлгісін суретпен сәйкестендіру қажет. Бұл сабақта жазба үлгіден жасалған текшемен жұмыс істеуді бастаймыз (нүкте арқылы 1- ден 9- ға дейін, 9-дан 1-ге дейін тура және кері санау). Содан соң балалардан көзді жұмып, сандар тізбегіне қарамай санауды сұрайды.
№2 тапсырманы орындауға береді. Балалар тиісті цифрды көрсетілген орынға жапсырады.
1- ден 9-ға, 9-дан 1-ге дейін тура және кері санауды ұсынады.
Топ деңгейіне қарай нәтижесі 9 болатын мысалдар құрастыруға болады.
|