Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Тобы : Күні : Тәрбиеші : Білім саласы



бет1/87
Дата06.01.2022
өлшемі115,11 Kb.
#15471
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   87
Байланысты:
сабақтың технологиялық картасы


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Тобы :

Күні :

Тәрбиеші :

Білім саласы: «Таным»

Бөлім саласы: ҚМТҚ

Тақырыбы: «Жиын. Бір-көп.»

Мақсаты:Заттарды белгілі бір қасиетіне қарай «үлкен», «кіші» деген топтарға біріктіре алуға үйрету; бір жеке затты тауып көрсету; бір элементтен тұратын жиын туралы түсінік қалыптастыру.

Керекті құралдар: Суреттер, дәптер, ойыншықтар

Билингвалдық компонент:

Әрекет кезендері


Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациалық қозғаушы

«Анамызға дастархан жаюға көмектесейік» ойыны.

Себетке жазық немесе көлемді материалдар салып әкелеміз (жемістер, көкөністер, тәтті тағамдар, қарбыз). Балаларға ойын ойнауды ұсынамыз.




Балалар ойынға құлшына кіріседі.




Іздену ұйымдастырушы

-Анамызға себеттегі заттарды шығарып, оларды топтастыруға көмектесейік. Бәріміз бірге орындайық. Балалар, сендер қандай ұсыныстар айтар едіңдер?

Жиынды ішкі жиындарға бөлуге көмектеседі: көкөністер, жемістер, тәтті тағамдар, қарбыз.

-Біздің қолымызда неше жеміс бар?

Олар көп пе әлде бірнешеу ме?

-Көкөніс, тәтті тағамдар нешеу екен?

-Қарбыз туралы не айтуға болады?

Қарбыз нешеу екен?

Педагог балаларға жаңа дәптерді қарап шығуды ұсынады. Екі бетке орналасқан сабақ тапсырмаларымен таныстырылады. Дәптерді қалай пайдалану керектігін үйретеді. Бірінші шартты белгімен («қоршап сыз») таныстырады және балаларды тапсырманы шартты белгі бойынша «оқып шығуға» үйретеді. Ұжымдық жұмысты жалғастыру үшін 1-тапсырманы орындауға уақыт береді.

Балалардың қолындағы ұсақ бұлшық еттерді дамыту үшін сергіту сәтін өткізеді.

Балаларға төмендегі жаттығуларды орындауды ұсынады:

1) «Қоян»-жұдырығымыз түюлі.

Содан соң сұқ саусақ пен ортаңғы саусағымызды шығарамыз. «Қоян» құлағын шығарды.

2) «Сақина» -жұдырығым түюлі. Басбармақ пен сұқ саусақтарыңды бір-біріне қосыңдар.

3) «Саусақтардың сәлемдесуі»-алақанымызды жоғары көтеріп, саусақтарымызды бір-бірімен айқастырамыз.

Балаларға 2-тапсырманы орындауды ұсынып, «боя» деген шартты белгімен таныстырады. Тапсырманы жеке орындауға және алмалар мен алмұрттарды белгісіне қарай топтастыруға уақыт беріледі. Содан соң сұрақ қояды:

-Әр топта неше үлкен және кіші алма бар екен?

Балаларды сөз арасында: «бірнеше» немесе «көп», «бір» деген сөздерді қолдануға итермелейміз.

Сергіту минутын өткіземіз.




Заттарды көкөніс, жемістер, тәтті заттар деп бөлу керектігін айтады.

Қарбыздың қандай топқп жататынын табуға қиналады.

Қарбызды бөліп қояды-ол біреу.

Сөз арасында «көп» және «бірнеше» сөздерін қолданады.

Оларды санына қарай бір-біріне қарама-қарсы қояды: жеміс-көп, ал қарбыз-біреу. Көкөніс көп, ал қарбыз біреу және т.б.

Дәптерді ашып, 1-тапсырманы орындайды.

Саусақтарды жаттықтырады.

2-тапсырманы орындайды, бір зат пен көп (бірнеше) затты бояйды. Заттарға: «Кішкентай алмалар мен бір үлкен алма», «Кішкентай алмұрттар мен бір үлкен алмұрт» деген атаулар береді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет