Педагог топтардағы заттарға ортақ атау берңп,оларды көлңк деп атауға болатынын айтқан балаларды мадақтайды. Карттиналарды мұқият қарап шығуды ұсынады.(8-сурет)
-Картиналарда ненің суреті салынған?
-Автобус нешеу?Трактор нешеу екен?Картинада неше жүк көлігі бар?
-Суреттегі заттарға қандай ортақ атау беруге болады?(Бұл-көлік)
-Көліктің басқа қандай түрлерін білесіңдер?(Мотоцикл,велосипед және т.б)
-Мұнда неше автобус бар?(Біреу) және т.б
Бүгін біз 1санымен және цифрымен танысамыз. 1 туралы өлең оқып береді. 1-бейнесіне ұқсайтын суреттер көрсетуге болады.
«1»-ге ұқсайтын бұл не?
Ол- кәдімгі ине.
Сабақтан жіп іл де,
Қада онымен түйме.
Дәптерлеріңді ашыңдар. 1-тапсырмада ненің суреті салынған? Жүк көлігі нешеу?Ол қандай цифрмен белгіленген? Санға қараңдар. Ол туралы тақпақтар тыңдаңдар (бір саны туралы балалар білетін 1-2 тақпақты айтады.)
-Дәптердегі жаңа шарты белгіні қараңдар және оны саусақпен сызып шығыңдар. Кәне, оң қолымыздағы сұқ саусағымызды дайындаймыз. Енді 1цифрфның бойымен бірінші жоғары қарай,сосын төмен қарай саусақпен сызамыз. Цифрлардың бәрін саусағымызбен сызып шығайық. Ал енді қарындашымызды алып, цифрларды төменгі жағынан бастап сызамыз. Ізбе-ізділікті сақтаймыз.Қай жақтан бастап жазамыз?
Саусағымызды жаттықтырамыз.(№1 технологиялық картаны қараңыз.).Содан соң 2-тапсырманы орындауға кірісеміз.1-цифрын тауып,оны қалаған түспен бояймыз.
|