Ұйымдастырылған оқу қызыметінің технологиялық картасы Күні, айы, жылы: 3 Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлемді дамыту
Тақырыбы: «Менің тобым» (топқа саяхат)
Мақсаты: Білімділік: Топпен таныстыру,бөлмелердің аттарын үйрету.
Дамытушылық: Сұрақтарға қысқаша жауап беруге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа баулу.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,сергіту сәті,ойын.
Қажетті көрнекіліктер мен құралдар:Балабақшаның суреті,орамал.
Билингвалдық компонент:балабақша-садик,орамал-палотенца,аула-двор,жиһаз-мебель, орындық-стулья,терезе-окно,шешінетін шкаф-шкаф для одежды
Балалармен сәлемдесіп: «Балалар біз таңертең қайда келеміз ?
Дұрыс айтасындар. Онда балабақшамызбен танысайық.
-Балабақшамыз үлкен,әдемі ауласы кең. Балалар,біз қазір топ бөлмесінде тұрмыз деп,балалардың көңілін топ бөлмесінің ішіне аударады.
Топтағы заттармен таныстыру: -Мынау-орындық,мынау-терезе,мынау-ойыншықтар тұратын жиһаз,онда ойыншықты жинайсыңдар. Тобымызда тағы да бөлмелер бар. Мынау-шешінетін бөлме,онда шешінесіңдер, мұнда шешінетін шкафтар тұрады, о,ан сырт киімдерінді қочсындар.
Келесі бөлмеміз ас бөлмесі. Онда ыдыстар тұрады. Ол ыдыстармен тамақ ішесіңдер.
Мынау-жатын бөлме. Жатын бөлмесінде ұйықтаймыз, онда сендер жататын керуеттер тұрады. Әр қайсының керуеттерін бар. Тобымыз үлкен,әрі жарық.