Тәрбие саласындағы мұғалімнің үздіксіз дамуы мектептегі әдістемелік бірлестіктер аясында құндылықтарды қалыптастыру мәселелерін бірлесіп талқылауды, рефлексияны және зерттеуді қамтиды. Педагог үшін білім беру мақсаттарына қол жеткізуде шығармашылық жобалық қызметті, командалық жұмысты, құрдастар арасында өзара оқытуды (peer learning) көтермелеу үшін «төңкерілген сынып», сторителлинг, театр педагогикасы сияқты оқытудың тиімді технологияларын үздіксіз жетілдіру және іздеу маңызды. Сонымен қатар, педагогтерге оқу-тәрбие процесінде білім алушылардың бойында өсуге, өзіне деген сенімділікке, мақсатқа жетуде табандылыққа және осыған сай өзін-өзі бағалауға психологиялық көзқарасты дамыта білу маңызды.
Мектептің тәрбие жүйесін басқару. Мектептің тәрбие жүйесі білім беру процесіне қатысушылармен жасалады. Әрбір мектеп жергілікті қоғамдастықтағы рөлін ескере отырып, өзінің миссиясы мен даму стратегиясын айқындайды, сонымен қатар, тәрбие жұмысының жоспарын әзірлейді. Жоспар білім алушылардың мүдделері мен қажеттіліктерін, мектеп орналасқан аймақтың әлеуметтік-экономикалық және мәдени ерекшеліктерін көрсетуі тиіс жүйені құрайтын іс-шаралар төңірегінде құрылады.
Директордың тәрбие жұмысына жетекшілік ететін орынбасары педагогтармен, ата-аналармен, білім алушылармен, мектеп серіктестерімен тиімді ынтымақтастық құрады; білім алушылардың оқудан тыс қызметін және кәсіптік бағдарлануын ұйымдастыруды үйлестіреді. Сонымен қатар, ол сынып жетекшілерінің қызметін үйлестіреді, мониторинг жүргізеді, әдістемелік қолдау көрсетеді және сапалы кері байланысты қамтамасыз етеді, сондай-ақ сынып жетекшілеріне апта, ай және жылға арналған тәрбие жұмысының жоспарын әзірлеуге көмектеседі.
✓ Орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын басқару туралы толық
ақпарат келесі сілтемедегі әдістемелік ұсынымдарда берілген: https://uba.edu.kz/qaz
2.2. Білім беру ұйымдарында психологиялық қызметті ұйымдастырудың ерекшеліктері Қазіргі білім беру жүйесінде психологиялық қызмет қажетті құрамдас бөлікке айналады. Педагог-психологтармен білім алушыларды оңалту, түзету және басқа да медициналық-психологиялық-педагогикалық қолдау және көмек көрсету жұмыстары жүргізіледі.
Психологиялық қызметтің мақсаты – оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың психологиялық салауаттылығы үшін жағдайларды қамтамасыз ету.
Мақсатқа жетудің негізгі құралы білім беру ұйымында әр баланың психикалық және жеке дамуын қамтамасыз ететін психологиялық жағдайларды құру және қолдау болып табылады.
Психологиялық білім беру қызметінің бағыттары: білім беру процесіне қатысушылардың жас, психологиялық және гендерлік ерекшеліктерін ескере отырып, тұлғаның зияткерлік және адамгершілік дамуын тиімді қамтамасыз ету, білім берудің барлық деңгейлерінің кеңістігіне жеке, мәдени, әлеуметтік және кәсіби даму бағыттарын кіріктіру.
Педагог-психологтың негізгі қызметтері: психологиялық білім беру, психологиялық кеңес беру, психологиялық диагностика, психологиялық түзету, психологиялық оңалту және әлеуметтік-психологиялық бейімдеу.
«Орта білім беруде мектеп климатын бағалау үшін индикаторларды әзірлеу» әдістемелік ұсынымдары; «Оқушылардың репродуктивті денсаулығын және қауіпсіз мінез-құлқын қорғау» туралы әдістемелік ұсынымдар Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА сайтында орналастырылған uba.edu.kz