ҰЙЫМНЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ
БЕЙБІТШІЛІКТІ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ӨҢІРЛІК ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУ, ҰЖЫМДЫҚ НЕГІЗДЕ МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІН, АУМАҚТЫҚ ТҰТАСТЫҒЫ МЕН
ЕГЕМЕНДІГІН ҚОРҒАУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.
ҰҚШҰ-ның құжаттары қару-жарақтарды, әскери және арнайын техникаларды жеңілдікті бағалармен сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл біздің Әскери Күштерімізді, құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерді қазіргі заман үлгісіндегі қару-жарақтар мен техникамен қаржылай қаражаттарды үнемдеп қайта қаруландыруға жол береді.
Соңғы жылдары әскери- экономикалық ынтымақтастық саласындағы өзара ıс-қимыл өзектıлıгıн көтеруде. 2016 жылы мемлекет басшыларымен 2018 жылға дейıн және одан арғы болашақтағы
Әскери-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы бекıтıлдı. Осы құжатты жүзеге асыру шеңберıнде қару-жарақтар мен әскери техникаға қызмет көрсету бойынша қызметтıк орталықтардың жүйесıн құру жоспарлануда. Бұл отандық әскери өнеркәсıптıң әлеуетıн жоғарылатуға мүмкıндıк бередı. Ұйым шеңберінде коалициялық және өңірлік негіздегі топтасуларды, бітімшершілік күштерді, құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің, сондай-ақ ТЖМ органдарының арнайы мақсаттағы
бөлімшелерін қамтитын ұжымдық қауіпсіздік жүйесі құрылған. Аталған бөлімшелердің әскери дайындығын жетілдіру және дамыту, сондай-ақ әскери реттілік тетіктерін пысықтау мақсатында жоспарлы түрде әртүрлі жаттығулар өткізіледі
Қазақстанның 2012 жылы төрағалық ету кезеңіндегі басымдықтарын іске асыру мақсатында 2015-2020 жылдарға арналған ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің есірткіге қарсы стратегиясы қабылданды. Бұл құжатпен ірі ескірткі дилерлерін
және олардың билік құрылымдарымен байланыстарын анықтау, жеткізу арналарын жабу бойынша бірлескен жедел іс шараларды өткізу қарастырылған
2017 жылдан бастап ҰҚШҰ тұрақты қызмет ететін жұмыс органдарының қызметтік тұлғаларын ротациялаудың жаңа механизмі қолданыла бастады. Атап айтқанда, 2015 жылғы 21 желтоқсандағы ҰҚК Шешіміне сәйкес ҰҚШҰ Бас хатшысы Ұйымға мүше мемлекеттер азаматтарының қатарынан атауларының орыс әліпбиі тәртібінде ротациялық негізде тағайындалады. 2016 жылғы 31 желтоқсанда ҰҚШҰ Бас хатшысы Н.Бордюжаның уәкілеттіктер мерзімінің аяқталуына байланысты, 2016 жылғы 26 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында өткен ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кездесуі нәтижесінде, ҰҚШҰ Бас хатшысының уәкілеттіктері ҰҚШҰ Бас хатшысы бойынша ҰҚК шешім қабылдаған мерзімге дейін ҰҚШҰ Бас хатшысының орынбасары В.Семериковқа жүктелді.
Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасы халықаралық құқыққа негізделе отырып, жаңа сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы іс-қимыл жасауға және туындап отыратын қауіптердің алдын алу мен сақтандыруға, олардың негізінде жатқан фундаменталды себептерді жоюға мүмкіндік беретін жағдайларды жасауды дәйекті түрде қолдайды.