Сынып: 1
Пән: ана тілі
Тақырыбы: Жуан дауысты дыбыстар
Мақсаты: Білімділік: Дауысты, дауыссыз дыбыстарды еске түсіру. Жуан дауысты дыбыстар туралы білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелік: Сауаттылыққа, адамгершілікке, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мақтау, кубизм, жеке, топтық жұмыс, жұмбақ.
Көрнекілігі: суреттер, дауысты, дауыссыз дыбыстар, кубик, сөзжұмбақ, үлестірмелі материалдар, қасқырдың, тиіннің суреттері, бұлттар, жаңдыр тамшылары, ермексаз, аралар, гүлдердің суреттері, бағалауға арналған геометриялық фигуралар.
Сабақтың типі: Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Армысың асыл күн!
Армысың асыл жер!
Армысың көк аспан!
Армысың жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Міне менің қолым!
Кіріспе:
Блалар, бүгін біз сендермен «Әріптер бағына» саяхат жасаймыз. Саяхатқа шығу үшін не керек?
Дұрыс, көлік. Балалар сендер қандай көлікпен барар едіңдер? Ал, мен сендерге «Білім» көлігімен баруларыңды сұраймын. «Білім» көлігіне міну үшін біз сендермен осы жердегі «Сиқырлы сандар» құпиясын ашу керекпіз. Осы сандардың артындағы сұрақтарға жауап беру керекпіз. Сендер дайынсыңдар ма? Кім бірінші шығады?
1 санының сұрағы: Дыбыс дегеніміз не?
2 санының сұрағы: Дыбыстар нешеге бөлінеді?
3 санының сұрағы: Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? Оларды ата.
4 санының сұрағы: Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? Оларды ата.
Балалар енді бізге «Білім» көлігіне отыру үшін жол ашық. Қанеки бәріміз көзімізді жауып, көлікке отырғанымызды көз алдымызға елестетейік. Енді балалар, «Әріптер бағына» кіру үшін бізге мына қақпаны ашу керек. Оны ашу үшін біз сендермен жұмбақ шешу керекпіз. Сол жұмбақтың жауабына дыбыстық, буындық талдау жасау керекпіз. (жұмбақтың жауабы: құлып)
Енді біз сендермен «Әріптер бағына» кірдік. Мына ағашта қандай құс отыр екен?
Балалар, ол әліпбидің әріптерін танымайды екен. Біз сендермен әліпбидің әріптерін айтып берейікші. (әліпбиді айту, тізбектеп).
Жақсы балалар, енді әрі қарай жылжимыз. Алдымыздан кім кездесті?
Қасқыр.
Дұрыс, қасқыр қандай аң? Ол немен қоректенеді? Қасқырдың қасында қандай әріптер ілулі тұр? Олар қандай дыбыстар? Қандай түспен белгілейміз?
Жақсы, жарайсыңдар, әрі қарай кеттік. Балалар жоғарыда не көріп тұрмыз? Бұлттар. Балалар қазір жаңбыр жауайын деп тұр. Жаңбырдың тамшылары сиқырлы, рлардың үстінде әріптер жазылған? Қанеки сол әріптерді айтайықшы. (тамшылардың үстінде жазылған әріптерді атау, түрін ажырату.