Федоров с. 2016 ж. «Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№2 орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Л.М. Уристимбаеваның «Бастауыш сыныптарға арналған дидактикалық материалдар жинағы» тақырыбында лицензиялық жұмысына жазылған РЕЦЕНЗИЯ
Ойлау – баланың таным әрекетінің ең жоғары түрі. Баланың ойлау қабілеттерін дамыту әр ұстаздың басты мақсаттарының бірі болып табылады. Сабақ барысында ойын түрлерін, логикалық есеп-тапсырмаларды, жұмбақтарды, құзыретті тапсырмаларды пайдаланудың маңызы зор. Қазіргі таңда баланың тілін дамыту, тілді меңгерту жолдары өте көп. Бастауыш сынып мұғалімі Л.М.Уристимбаеваның «Бастауыш сыныптарға арналған дидактикалық материалдар жинағы» тақырыбында жазылған жұмысында ойындар, логикалық есеп-тапсырмалар, жұмбақтар, метаграммалар, құзыретті тапсырмалар жинағынан тұрады. Аталған жұмыс әр түрлі жастағы балалардың ойлау мен сөйлеу қабілеттерін дамытуға арналған. Дидактикалық материалдарды орындау барысында балалардың ойлау, сөйлеу, жүйелеу, өздігінен жұмыс жасау, салыстыру, қорытындылау қабілеттері қалыптасады. Л.М.Уристимбаеваның алып отырған дидактикалық материалдар арқылы ойын - тіл дамытудың ең тиімді құралы табылатыны сөзсіз. Л.М.Уристимбаева әр сабағында оқушылардың сөздік қорын молайтуға, дұрыс сөйлеуге, сөйлеу мәдениетіне айрықша назар аударып отырады және оқудың жаңаша әдіс-тәсілдерін сабақтарында тиімді қолдана біледі. Л.М.Уристимбаеваның лицензиялық жұмысы бастауыш сыныптарда өтетін сабақтарында пайдалануға тиімділігі зор. Балаға тілді меңгерту, сол тілде өз ойын жеткізуге қалыптастыру, тілге деген қызығушылығы мен танымдылық қабілеттерін, құзыретті қабілеттерін дамыту мәселесі кеңінен қойылып жүр. Сөзімді қорыта келе, аталған жұмыстың баланың дамуында пайдасы зор жұмыс екенін айтқым келеді.
Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№2 орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Құмарова Б.Р. ______________ (қолы)
Мазмұны: Түсінік хат................................................................... 4-бет
Мақсаты мен міндеттері ......................................... 5-бет
Дидактикалық материалдар арқылы жеке тұлғаны дамыту 6-7-бет
Ойын түрлері және шарттары.................................. 8-16-бет
Логикалық есеп-тапсырмалар..................................... 17-23-бет
Ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар............... 40-62-бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................ 63-бет
Түсінік хат Ұсынылып отырған «Бастауыш сыныптарға арналған дидактикалық материалдар жинағы» мұғалімдерге әдістемелік нұсқаулық ретінде арналған. Аталмыш дидактикалық материалдар жинағының мақсаттары: оқушылардың құзыреттіліктерін дамыту, пәндерге деген қызығушылықтарын арттыру, дидактикалық материалдар арқылы сапалы білім беру, қызықты сабақ өткізу. Дидактикалық материалдар – қоғамдық тәжірибені қалыптастыру бағытындағы іс-әрекеттің бір түрі, өзін-өзі басқаруды жетілдіреді. Білім беру саласында жиі көтеріліп жүрген мәселелердің бірі –оқушыларды өзін-өзі басқаруға үйрету. Осы мақсатты алға қойып, өз тәжірибеме оқыту жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында әрбір сабағымда ұсынылып отырған дидактикалық материалдарды түрлендіріп өткізу әдістерін еңгіздім. Жаңа технология әдістері оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді. Ұсынылып отырған «Бастауыш сыныптарға арналған дидактикалық материалдар жинағы» сауат ашу, қазақ тілі, математика сабақтарында қолданатын ойындардан, жұмбақтардан, логикалық есептерден, метаграммалардан және бірнеше сабақ әзірлемелерінен тұрады. Осы жинақта берілген материалдар мен тапсырмалар бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне негізделіп құрастырылған. Мақсаты: Оқушыларды ойын арқылы жеке тұлға ретінде дамытуға көмектесу.
Ойын барысында балалардың жан дүниесін тану, оны сыртқа шығару жолдарын меңгерту.
Әр баламен жеке жұмыс жасауға мүмкіндік беру.
Бірлікке, достыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Міндеттері: Жеке тұлғаны өнегелі бағытта болуын тәрбиелеу.
Жеке тұлғаны шығармашылық қабілеттілігінің дамуына жағдай жасау, білім алуға қызығушылықтарын арттыру.
Оқушылардың ойын, құзыретті тапсырмалар арқылы өздігінен білім алуларына, ізденулеріне мүмкіндік беру.
Дидактикалық материалдар арқылы жеке тұлғаны дамыту. Әр адамның болашақта жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінен бастап, балабақша, мектеп, жоғары оқу орнында алған тәрбиесі мен білімнің маңызы зор. Баланы ұлттық рухта қалыптастыруда басты нысана жас ұрпақтың кішкентайынан өз тілін меңгеріп, ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп, қазақы болмысты сезіне өсуі. Ұлт болып қалыптасу жолында барлық соған апарар мүмкіншіліктерді пайдалана білу қажет. Әрбір педагогтың белсенді іс-әрекеті, түйінді шешімі, үлкен ізденісті рухани дамыған, бәсекелестікке дайын, құзыретті қабілеттері дамыған жеке тұлға ретінде жетілдірген ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған жөн. Жеке тұлға белгілі бір әрекеттер нәтижесінде қалыптасады. Тұлға үнемі даму үшін әрекет шығармашылықпен байланыста болу керек. Менің ойымша, жеке тұлға қалыптастыруда негізгі құралдардың бірі – дидактикалық материалдар (ойын, логикалық есеп-тапсырмалар, жұмбақтар, метаграммалар, анаграммалар, құзыретті қабылеттерді қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар). Дидактикалық материалдар бастауыш сынып оқушыларына өте тиімді. Дидактикалық материалдардың негізгісі – ойын. Ойын арқылы оқыту мен тәрбиелеу баланы жалықтырмайды, қызығушылығын оятады, белсенділіктерін арттырады, денсаулықтарын нығайтады. Балалардың ертеңгі үлкен азаматтыққа жалғасатын жеке басының ерекшеліктері, беделдері оның бүгінгі ойын әрекеті үстінде қалыптаса бастайды. Ойын арқылы баланың шығармашылық мүмкіндіктері, эмоционалдық көңіл-күйі және ерік-жігері бүршік атып, білінеді. Ойын – баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады. Сонымен қатар, ойын – тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат беретін ғажап нәрсе. Дидактикалық материалдар бастауыш сынып оқушыларының сабаққа белсенді де қызығушылықпен қатысуына әсерін тигізеді. 12 жылдық білім беруге көшу мақсатында мұғалім құзыретті болуы тиіс. Осыған байланысты оқушылардың да құзыретті қабілеттерін дамыту қазіргі заман талабы. Құзыретті тапсырмалар арқылы бала өмірге бейімделіп, ақпаратты қабылдап, қарым-қатынас жасай білуді үйренеді. Дидактикалық материалдарды пайдалану нәтижесінде оқушылардың бойында ойлау, тапқырлық, шыдамдылық, белсенділік, өмірге бейімделуі, құзыретті қабілеттері, ұйымдастырушылық қасиеттері қалыптасады. Ойындар және шарттары.. «Дыбыстар әлеміне саяхат» ойыны. Ойынның мақсаты:әріптер туралы білімдерін тексеру, ойлау қабілеттерін дамыту. Ойынның шарты: Әр балаға жеке-жеке әріптерді тарату. Сол әріп туралы айту. Сөз құрау.
Сөз ойла, тез ойла! Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту. Ойынның шарты: Шашылған әріптерден бірнеше сөз құрау.
«Достасқан буындар» Ойынның мақсаты: оқушылардың ойау қабілеттерін дамыту. Ойынның шарты: Қатар отырған оқушылар ауызша орындайды. Орындау тәртібі бойынша бірінші оқушы қа буынын айтса, екінші келесі буынын тауып сөз құрауы керек
“Жоғалған сөз” Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін, ауызша тілдерін дамыту. Ойынның шарты: берілген мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қою
... келді. ... еріді. Құстар жылы жақтан ... ... . Ағаштарда ... жарылды. Гүлдер ... . Адамдар ... киінді. Малдар ... ... .
«Кім көп біледі?» ойыны. Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ойынның шарты:
1. «Б» дыбыстан басталатын сөзге мысал ойла.
2. Білгіштің хаты.
Біз Білгішбектен хат алдық. Ол өзенге барып балық аулапты. Жинаған балықтарының атында «б» дыбысы бар екен. Ол сендерден көмек сұрайды. Қандай балықтар екенін айтып жіберейік. (бекіре, табан, алабұға, камбала) (Дыбыс таңдау» ойыны. Сөйлемдегі сөздер бірдей дыбыстан басталу керек.
Мысалы: Оспан орманнан оралып, орындыққа отырды. «Жоғалған әріп» ойыны. Ойынның мақсаты: ойлау қабілеттерін дамыту. Ойынның шарты: Берілген сөздерде көп нүктенің орнына жоғалған әріпті таңдап қою керек. ... ор, ... алық,...ота, та... а,... оран.
«Кім тапқыр?». Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Ойынның шарты: Антонимдері бар мақал-мәтелдер жазу. Мысалы:
Ашу-..., ақыл-... «Жалғасын тап» ойыны. Ойынның мақсаты: оқушылардың ауызша тілдерін дамыту. Ойынның шарты: Оқушылар мақал-мәтелдің жалғасын тауып, түсінгендерін ауызша айтады.
1. Отанды сүю... ... ... 2. Досы көпті жау алмайды, ... ... ... ...
«Сөзден сөз тер» ойыны. Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Ойынның мақсаты: Кез келген сөздер беріледі. Оқушылар берілген сөздегі әріптерден бірнеше құрастыру керек. Мысалы: бБауырсақ сөзі - бауыр, бал, су, ара, ар, ауа, қас, бақ ас, қар, сақ, қуыр, рас, сау.
“Сөйлем қуаласпақ” Ойынның мақсаты: оқушылардың көру, есту, ойлау қабілеттерін, ауызша тілдерін дамыту. Ойынның шарты: Сынып екі топқа бөлінеді. Әр топқа суреттер үлестіріледі. Әр топтың оқушылары бір-бір сөйлемнен айтып, сол сурет бойынша ауызша мәтін құрастырады.
«Синтаксистік касса» ойыны. Ойынның мақсаты: ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ойынның шарты: Карточкада бірнеше суреттер көрсетіледі (адам, құс, т.б.) беріледі және қойылатын сұрақтар карточкасы жасалады. Суреттің үстіне сұрақтары айтылып қойылады.
«Кедергіден өту» ойыны. Ойынның мақсаты: ойлау қабілеттерін дамыту. Ойынның шарты: Интерактивті тақтадан «кедергілер» көрсетіледі. Әр кедергінің өз тапсырамасы тақтадан көрінеді. Тапсырмалар топқа беріледі. Осылайша ойын соңында кедергілерден өтіп мәреге жеткен топ жеңіске жетеді.
«Шашылған әріп» ойыны Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Ойынның шарты: оқушыларға бірнеше әріптер беріледі. Сол әріптерден оқушылар сөз құрастырып шығарады. Мысалы, заж (жаз); ақба(бақа); рақ (қар); ғаша(ағаш); лмаа (алма); Аталау (Алатау); іпл (піл). «Вагон құрау» ойыны. Ойынның мақсаты: Оқушыларды шапшаңдылыққа тәрбиелеу. Ойынның шарты: Әр топқа бірнеше вагондар беріледі. Әр балаға 1 вагоннан. Вагонның артындағы тапсырманы орындаған оқушы вагонды ретімен тақтаға келіп іледі. Қай топтың вагондары алдымен құралса, сол топ жеңіске жетеді.
«Атын айт» ойыны. Ойынның мақсаты. Оқушылардың сөздік қорларын молайту. Ойынның шарты: Интерактивті тақтадан бір-бірімен араласқан бірнеше суреттер тұрады. Оқушылар кезекпен шығып суреттерді «белгісі» арқылы топтан себебін түсіндіреді. «Тізбек» ойыны Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін арттырады. Ойынның шарты: ойын жүргізуші кез-келген бір сөзді айтады., ал келесі оқушы сол келтірілген соңғы әрпінен басталатын сөзді тауып айтуы қажет.
Мысалы: Бақша-ана- Асхат- тарақ- қалам
Берілген уақытта ең көп сөз атаған оқушы жеңімпаз атанады. «Алтыбақан» ойыны Ойынның мақсаты: ойлау қабілеттерін дамыту. Ойынның шарты: сөздердің басқы әріптері қағаздың екі жағына жазылады. Топ мүшелері әріп таңдап алады. Қай топ көп сөз айтса , сол топ жеңіске жетеді.
«Адасқан дыбыстар» ойыны Ойынның мақсаты: есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ойынның шарты: бастауыш сынып оқушысына оқи отырып сөз мағынасын түсінуге көмек береді. Ойын ережесі бойынша, оқушы адасқан әріпті тауып, керекті әріппен ауыстырады. Мысалы: Күл деген жазуы бар көл суреті. Осы ойынға арналған сөздік материал: қыс- қыз, жас-жаз, қас- қаз, төрт-торт, орман –арман, «Шекараны сыз» ойыны. Ойынның мақсаты: ойлау қабілеттерін дамыту. Ойынның шарты: оқушыға әртүрлі сөз жазылған парақтарды таратып беру, бұл сөздер Кім? Не? елдеріне, үй жануарлары мен жабайы аңдарға, үй құстары мен дала құстарына, ... тиесілі. Оқушыға басқа елде бір сөз қалмайтындай екі ел арасында шекара жүргізу тапсырмасы беріледі. Оқушы тапсырманы орындау үшін, оқып қана қоймай «даулы» жағдайда сізден кеңес сұрауы мүмкін. Аю- кім? немесе не?
“Заттың атын айт” Ойынның мақсаты: көру қабілеттері, ауызша тілдері дамытылады. Ойынның шарты: Бірнеше балаға суреттер үлестіріледі. Әр оқушы өзінің суретін қалған оқушыларға сипаттайды, бірақ атын айтпайды. Заттың атын оқушылар тауып, айту керек.
“Сиқырлы сандықша” Ойынның мақсаты: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ауызша тілдерін дамыту. Ойынның шарты: Оқушылар шеңберге тұрады. Музыка ойнап тұрады. Шеңбер бойымен “сиқырлы сандықшаны” оқушылар бір-біріне жібереді. Музыка тоқтаған кезде, кімнің қолында сандықша қалады, сол бала сандықшаның ішіндегі берілген тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер, әндер, өлеңдер айтады. «Орамал тастамақ» Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ауызша тілдерін дамыту. Ойынның шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады.Бастаушы балаларды айнала жүріп бір баланың артына орамал тастап кетеді. Артына орамалды тастағанын сезген бала менің артмда деп жауап береді. Артына орамалдың тасталғанын сезбесе ол өлең,тақпақ айтуы керек. Балалар шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек.Ойын осылай жалғаса береді. «Жаңа ертегі» Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін, ауызша тілдерін дамыту. Ойынның шарты: Жүргізуші отырған балаларға ертегі кейіпкерлерін атайды, суреттерін көрсетеді. Мысалы: кемпір, шал, түлкі, арыстан, тышқан т.б. Аталған кейіпкерлерді біріктіре отырып жаңа ертегі мазмұнын құрастырып айтуды ұсынады. Балалар ертегі құрастырады. Ең қызықты ертегі ойлап тапқан бала жүргізуші болып ойын жалғастырады.
«Ойлан тап» ойыны Ойынның мақсаты: Оқушы буындар арқылы сөзді қатесіз, анық айтуға дағдыланады. Ойынның ережесі: Бірнеше буындар жазылған қима қағаздар таратылады. Сол буындарға сәйкес буындар тауып жаңа сөз құрайды.
«Өлең шумағын дұрыс оқы» ойыны. Ойында оқушылар Абай Құнанбаевтың жасырылған өлең шумағын табады. Мұғалім ойын ойнамас бұрын оқушыларға ойын ережесін таныстырып, Абай Құнанбаевтың басқа да білетін өлеңдерін айтып беруді талап етеді. Оқушылар Абай Құнанбаевтың өмірі мен өлеңдеріне тоқталып өтеді. Және содан кейін тақтаға таңдалған өлең шумағы жазылған тор көзді іліп қояды. Ойынның мақсаты: Оқушылардың дыбыстардан сөз құрау, сөздерден сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру. Өлең шумағында кездескен дауыссыз дыбыстардың тіркесу жолдарын үйрету, ауызша тілдерін дамыту. Ойын ережесі: Оқушылар тор көзде жасырылған өлең шумағын дыбыстарды дұрыс тіркеу арқылы өлеңді оқиды. Табылған өлең шумағының мағынасын өз сөзімен айтып береді. Дауыссыз дыбыстарға талдау жасайды. «Дыбыс таңдау» ойыны Ойынның мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, сөздік қорын дамыту. Ойын ережесі: Оқушылар таңдаған дыбыстан басталатын сөз тіркесінен сөйлем құрайды. Ойын кезеңдері: Ойын екі кезеңнен тұрады. Мұғалім ойын ережесімен таныстырады. Бірінші кезең: балалар дыбыс таңдайды; Екінші кезең: сол дыбыстан басталатын сөз тіркестері арқылы сөйлем құрайды. Ойын тиімділігі: Оқушылардың ой - өрісі, сөздік қоры дамиды, белсенділігі артады. Мысалы: Ойын нәтижесінде мынандай сөйлемдер құрауға болады: Талғат таңертең тұрып, тауға тартты. Бақыт бүгін бақшаға барды.
"Синонимін табайық" ойыны. Ойынды "Синоним" тақырыбын бекіту сабағында немесе сабақтың мақсатына қарай өткенді еске түсіре отырып өткізуге болады. Ойынның мақсаты. Оқушылардың "Синоним" тақырыбынан меңгерген білімдерін тексеру, жылдам ой қорытуға баулу, сөздік қорын байыту. Ойынға синонимдік қатар түзуге болатын мақсаттағы сөздерді интерактивті тақтаға еңгізеу. Ойынның шарты. Оқушыларға бір уақыт аралығында синонимдік қатар тузу тапсырылады. Ойын соңында ауызша синонимдік қатардан сөйлемдер құралады.
«Кім тез?» ойыны Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін, ауызша тілдерін дамыту. Ойынның шарты: Интерактивті тақтада бірнеше суретті көрсету. Әр қатардан 4 оқушы сурет бойынша сөйлем ойлап айтады. Интерактивті тақтадағы суреттерді (қозы, аңшы, бор, нан, алма, бота, күн, қыз, сүргі, ай, тышқан) қатыстырып тез сөйлем ойлайды. Қозы, аңшы, бор, нан т.б. сөздерден дыбыс құрамын, нан т.б. сөздерден дыбыс құрамын, буын санын айтады.
«Зымыран сұрақ». Үш топқа бір уақытта бірдей сұрақтар қойылады. Әрбір топ мүшелері жылдам жауап беруі қажет. Бұл бөлімде біліммен қатар жылдам ой қорытып, нақты жауап беруі талап етіледі. Ойланып жауап беруге 15 секунд белгіленеді. - Сөйлем мүшелері неше түрге бөлінеді?
- Бастауыш қай сөз табынан жасалады? Мысал келтір.
- Баяндауыш қай сөз табынан жасалады?
- Тұрлаусыз мүше дегеніміз не?
- Бастауыштан кейін қай уақытта сызықша қойылады? «Ой жинақта, талдаумен»
Тапсырмаларды таратып береді. Берілген нұсқа бойынша сөйлем құрау. Сөйлемнен сұрақ қойып тұрлаулы, тұрлаусыз мүшені тап. Ойлануға 2 минут беріледі. Ауызша орындалады. 1 топ тапсырмасы: Кім? Нені? Не істеді? (Зайра шәй жасады)
2 топ тапсырмасы: Не? Неден? Не істеді? (Мал төлден өседі)
3 топ тапсырмасы: Кім? Қайда? Не қылды? (Мұғалім сыныпқа кірді)
«Сиқырлы жапырақтар» ойыны Ойынның мақсаты: Оқушылаодың ойлау қабілеттерін дамыту. Ойынның шарты: Тақтада ілулі тұрған ағаштың кез келген жапырағын алып, сол жапырақтың тапсырмасын орындайды. Тапсырмалар: жапырақта жазылған. Дыбыс деген не?
Дыбыс ауызбен айтылады, құлаққа естіледі.
Әріп деген не?
Естіген дыбысты таңбалап жазсақ ол әріп болады. Әріпті оқимыз, жазамыз.
Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
Дауысты дыбыстар созылып, әндетіп айтылады, өзі буын құрай алады.Мысалы: ы, а, ә, і.
Даусыссыз дыбыстар қалай айтылады?
Дауыссыз дыбыстар созып, әндетіп айтуға келмейді. Ауыз қуысында кедергіге ұшырап, қысқа айтылады. Өз бетімен буын құрай алмайды. Мысалы: с, ш , л, р.
«Қыз қуу» ойыны. Мақсаты: оқушылар бір-біріне сұрақ оқып, келесі оқушы сол сұраққа жауап береді.. Сол сұраққа жауап берген соң, келесі оқушыға сұрақ оқиды. Осылай жалғастырады.
Қос сөздер дегеніміз не?
Қос сөздің арасына қандай тыныс белгі қойылады?
Қайталама қос сөздер дегеніміз не?
Қайталама қос сөздерге мысал келтіріңіздер.
Қосарлама қос сөздер дегеніміз не?
Қосарлама қос сөздерге мысал келтіріңдер
«Орнын тап» ойыны: Мақсаты: Қос сөздердің түрлерін ажырата білуге үйрету, тездікке, аңғарымпаздыққа тәрбиелеу.
Қосарлама қ айталама Күйшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер
«Тақия тастамақ» ойыны Ойынның мақсаты. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Ойынның шарты: Бір оқушы тақияны шеңбер бойымен жүріп, кез келген баланың басына кигізеді. Басында тақиясы бар бала түбір және туынды сөзді айтады. Ойын осылай жалғаса береді.
«КІМ БІЛГІР?» ойыны Тақтадан заттардың, жан-жануарлар суреттері көрсетіледі. Суретке байланысты айтылған мақал-мәтелдерді кім біледі? (көп айтқан оқушы жеңімпаз болады)
«КІМ ТАПҚЫР?» ойыны
Ішінде антоним сөздері бар мақал-мәтелдерді тауып айтыңдар. Ашу-...,
Ақыл-... Ақылдан... жоқ.
Ашудан... жоқ. ... тауып айтады,
... қауып айтады. Дос...
Дұшпан... ... жарқырап жүреді,
.... қалтырап жүреді. ... дос жанынды сақтайды,
... дос малыңды сақтайды. Математика «Кім жылдам?» ойыны Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.Ойынның шарты: сыныпты 2-3 топқа бөлуге болады. Топтарға бірдей тапсырма беріледі. Топтар берілген тапсырманы жылдам есептеп шығаруы тиіс. Бірінші шығарған топ, ең жылдам атағына ие болады. «Қалқанқұлақтың қатесін тап» ойыны. Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Ойынның шарты: тақтаға өрнектер жазылған парақтар ілінеді. Оқушылар қате жазылған өрнектерлі табуы тиіс. 8 + 2 = 9 3 + 3 = 9 10 < 5
6 - 2 =4 4 + 2 =6 4 > 6
5 + 3 = 7 7 - 5 =2 2 < 3
« Көрші санды тап» ойыны. Ойынның мақсаты: сандар қатарын еске түсіру, ойлау қабілеттерін дамыту. Ойынның шарты: тақтаға сандар ілінеді. Кез келген санды атап, сол санның көршілерін атауы керек. Мысалы, 4 десе, 4 санының көршілері 3 пен 5 деп жауап беруі керек. «Артық фигураны тап» ойыны Ойынның мақсаты: геометриялық фигураларды естес сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Ойынның шарты: тақтаға геометриялық фигуралар ілінеді. Мысалы, төртбұрыштардың саны 4 болса, үшбұрыштың 1-еуін ғана ілу керек. Содан соң оқушылар үшбұрыш артық фигура деп атайды. Бұл төртбұрыштарды өткен кезінде пысықтауға арналған дидактикалық ойын.