I тәсіл. Х+У=4 ________ Х=4-У
3Х+2У=9 _______ 3(4-У)+2У=9_____12-3У+2У=9
У=12-9_________Х=4-3___________Х=1
У=3 __________Х=1____________ У=3
Жауабы: 1, 3.
Яғни, екі доңғалақты велосипед-3
үш доңғалақты велосипед-1
3*2=6
3*1=3
6+3=9 болады.
31. Дананың ойлаған санынан ең үлкен бір таңбалы санды азайтып, нәтижеге ең кіші екі таңбалы санды қосқанда 100 шықты. Дана қандай сан ойлады?
(Х-9)+10=100
Х-9=100-10
Х-9=90
Х=90+9
Х=99
(99-9)+10=100
100=100
32.Нұрсұлтан саяжайдан алма жинады. Барлық жиналған алманың үштен бір бөлігін, яғни 12 алманы Нұрсәулеге, ал қалғанының үштен бір бөлігін және 1 алманы Кәмшатқа берді. Нұрсұлтанның өзінде 15 алма қалды. Нұрсұлтан неше алма жинаған еді?
Шешуі: (а-12):3+1=15
(а-12):3=14
а-12=14*3
а-12=42
а=42+12
а=54
(54-12):3+1=15
15=15
Жауабы: 54 алма жинаған. 33.Қорапта 200-ден жаңғақ бар.Оларды тең етіп 2,3,4,5,6 балаға бөліп беруге болады. Қорапта қанша жаңғақ бар? 34.«5» цифрын 20 рет қолданып, «+» таңбасын қой. Нәтижесі 1000 шығу керек. 35. 1,2,3,......., 99 сандарында 5 цифры неше рет кездеседі? 36.Сенің жасыңды үш есе арттырса, менің жасымдай болады. Ал менің жасымнан сенің жасыңды алып тастаса 20 қалады. Мен нешедемін? 37.Үстел үстінде 5 май шам жанып тұр еді.Нұржан оның 4-еуін өшіріп тастады. Үстел үстінде неше май шам қалды? 38.10 таяқшаның неше ұшы бар? Ал он жарым таяқшаның ше? 39. 2,3,5 сандарына бөлгенде 1 қалдық қалатын ең кіші санды тап. 40.Диас өзінің ойыншықтарын екеуден, үшеуден топтастыра бастады. Диастың ойыншықтарының саны төмендегі сандардың қайсысына сәйкес келеді.
72,75,93,100. 41. Қосындыны есепте: 1+3+5+7+9+.......+997+999
42.Жаңа жылғы сыйлықтар үшін 270 алма, 675 мандарин және басқа да тағамдар алынды.Әрқайсысындағы алма мен мандарин құрамдары бірдей болатындай етіп, ең көп дегенде неше сыйлық жасауға болатынын төмендегі сандардың қайсысы сәйкес келетінін көрсет. 135,75,125,270 43.Сынып оқушылары 203 оқулық сатып алды. Барлық оқушылардың алған кітаптары саны бірдей. Сыныпта неше оқушы бар? 44.100 санының әртүрлі бөлгіштерінің саны қанша? 45. Бір әтеш екі адамды оятса, 10 адамды ояту үшін қанша әтеш керек? 46. Сыныпта бірнеше ер бала және 16 қыз бала бар. Дене шынықтыру сабағында олар әр қатарда 9-дан 3 қатарға сапқа тұғызылды.сыныпта қанша ер бала бар?