1-оқушы: Ойыңда мейірім, ақ тілек,
Бойында ақ сүт, тәтті леп.
Анадай пейіл қайда бар?
Бәріне тұрған бақ тілеп.
Арадай балын жиятын,
Ақылы дария құятын.
Ана көңілі – кеңістік,
Бүкіл әлем сиятын.
Валентина: Құттықтау сөзін Нина апайға береміз.
Аяулы анашым (қыздар)
2-оқушы: Мектеп үшін намысын еш бермеген,
Еңбектен мектеп үшін жерімеген.
Біздер үшін ол кісі – жүрегіміз,
Қиындықта сол кісі – тірегіміз.
Мақтаныш қой осындай басшы Мереке апаймен,
Қол ұстасып оқушы боп жүргеніміз.
3-оқушы: Сәуле апайға:
Күлімдеп жанары,
Біздерге жиі кеп.
Сынақтар алады,
Оқысаң нашарға,
Түйілер қабағы
Бестікті көп алсаң,
Мәз-мейрам болады.
Асланбек: Құттықтау сөзі мектеп директоры Бекқалиева Мереке Мәдениетқызы және мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Оспанова Сәуле Құсманқызына беріледі.
Ән: «Тұлпарым» (ұлдар)
Айбек: Бастауышым – балбұлағым,
Алдым сенен білім дәнін.
Әріп танып, білім алып,
Алғысымды жаудырамын.
Алтынай: Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым – балбұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
Әсем: Әр баланың жүрегіне жол тапқан,
Қиын екен ұстазбенен қоштасқан.
Біздер өсіп, алға баса береміз,
Саналы шәкірт боламыз деп сенеміз.
«Ұстазым» әні
Асланбек: Қош бол, қош бол бастауыш,
Жаңғырады сан дауыс.
Ешқашанда бір өзіңді,
Ұмытпаймыз бастауыш.
Валентина: Бір ата, бір ананың түлегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек жүрегіміз.
«Бірлік барда, тірлік бар» деген бабам,