Көрнекілігі: Қанатты сөздер, қазақтың ұлттық бұйымдары.
Өту барысы:
Анар:Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпыраған.
Балғын шақты біз бақытты балалар!
Нурканат: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар!
Анар: Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық.
Мерекесі халықтың
Наурыз тойын бастайық!
Құтты болсын мереке,
Болсын думан береке!
Нурканат: Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Жас балаша нұрланып,
Жадырасып бәріміз.
Күннің жаңа нұры бар,
Мұның ғажап сыры бар.
Халық сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!
«Наурыз келді» әні
Жаңа жыл: Наурыз тойы тамаша,
Наурыз тойы жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
Наурыз тойы салтанат,
Наурыз тойы мархабат.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап.
Анар: Шашу, шашу шашайық,
Ән думанға басайық.
Наурыз келді далама,
Жаңа жыл келді ауылыма.
(Қыздар шашу шашады)
Нурахмет: Көңілдің құлпыларын ашайық та,
Қиялмен қияларға асайық та.
Қасиетті наурыз тойы елдігіңнің,
Ерке бір қуанышы десе айып па?
Бекболат: Желпіген аққу құстың қанатындай,
Бақ келіп ақ үйлерге қонатындай.
Қасиетті наурыз тойы пәктігіңнің,
Тойы деп айтуға да болатындай.
Олег: Салтымен ата – бабамның
Жаңғырды қайта заманым.
Жаңа жыл басы – бұл Наурыз
Қайырлы болсын қадамың!
Анар: «Қошақаным» әнін қабыл алыңыздар!
«Қошақаным» әні.
Нурканат: Ұлы күнде халайық,
Қалай қарап қалайық,
Сәйгүліктей ағайық,
Жасын болып жанайық.
Ортамызға шақырып,
Бабамыздың Қыдырдай
Ақ батасын алайық!