Жыныстық жетілу кезеңдері пубертат; II) жыныстық жетілген кезең; III) жыныс әрекеттің бәсеңдеуі.
I. Пубертат – әйел мен еркек жыныс ағзаларының репродуктивті жүйе қызметінің құрылу кезеңі. Ол жыныстық жетілумен аяқталады - ұрпақ өрбітуге қабілетті болады. Ол өз кезегінде 3 фазадан тұрады:
1) Балалық фаза (препубертатты фаза) - жыныс жетілу алдындағы 2-3 жыл мерзімді жатқызады. Ұл балаларда 10 жасында, қыздарда 8 жасында аяқталады. Пубертат белгілерінің дамуында бүйрекүсті бездерінің гормондары қатысады.
Адренархе -жыныс жетілуінде бүйрек үсті без гормондары қатысатын уақыты мерзімі. Бұл кезең бүйрек үсті бездерінің белсенділігі төмен андрогендер синтезі мен секрециясы жоғарлауымен сипатталады. Олар қолтықасты мен шат аймағында түктер пайда болуына, қолтықасты және май бездерінің қызметтеріне әсер етеді. Қыз балаларда адренархе 6-8 жасында басталады.
2) Бейтарап фаза (меншікті пубертатты кезең) – ұлдарда шамамен 10 жастан 14 жасқа дейін, қыздарда 9-дан 12 жасқа дейін созылады. Осы шақтан жыныс бездерінің, ішкі және сыртқы жыныс ағзаларының дамуы, екіншілік жыныс белгілерінің пайда болуы тез жүре бастайды. Аталық безде эпителиальды қабаттың және интерстициальды тіннің өсуі болады.
Анабезде фолликулдардың жылдам өсуі болады,гормональды активтілік жоғарылайды. Бейтарап фаза шап аймағында түктердің өсуінен бастап (пубархе), ұлдарда атабездің үлкеюінен, сүт бездерінің қыздарда ісінуімен және олардың аздап ауыру сезімімен жүреді. Ұлдарда ол алғашқы поллюцияга (бозбалалар мен еркектерде еркінен тыс шәуеттің бөлінуі, кейде қатты ұйықтап төс көру кезінде) дейін және қыздарда алғашқы менструацияға дейін кездеседі.
Телархе- қыздарда сүт бездерінің дамуы 8-10 жас аралығында болады.
Менархе - алғашқы менструацияның пайда болуы, орташа жасы 12,8±1,2жас.
3) Ересек (постпубертатты кезең) – ер балаларда 14-тен 18-ге дейін, бойжеткендерде орташа 13-тен 16 жасқа дейін созылады. Жыныс әрекеттің кезекпен дамуы және екіншілік жыныс белгілерінің толық түзілуі болады. Жігіттің организмі жыныстық қатынасқа түсуге, жұмыртқа жасушаны ұрпақтандыруға, эякуляцияға қабілетті болады. Қыздарда жыныстық циклдың дамуы аяқталып, менструациялық және овуляциялық цикл жүреді.