Жыныс гормондары


Овариальды оралымы (циклі)



бет10/11
Дата10.12.2023
өлшемі138,5 Kb.
#136604
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Жыныс гормондары. Репродуктивті жүйесі физиологиясы.

Овариальды оралымы (циклі)
Жұмыртқа жасуша анабез фолликулдарында түзіледі.
Фолликулдардың дамуы 4 фазада өтеді:
1) Пісіп-жетілу (әр 28 күн сайын гипофиздің ГТГ анабезде 8-ден 12-ге дейін біріншілік фолликулдардың өсуін шақырады). Фолликулдардың өсуі кезінде эстрогендер көп мөлшерде бөлінеді. Олардың дамуы келесі схема бойынша жүзеге асады: примодиальды →біріншілік→екіншілік→үшіншілік (пісіп жетілген фолликул, грааф көпіршігі).
2) Овуляция (пісіп жетілген фолликулдардың жарылып, одан пісіп жетілген жұмыртқа жасушаның шығуы).
3) Овуляцияланған фолликулдың орнына сары дененің түзілуі. Сары дене прогестерон мен эстроген синтезейді.
4) Сары дененің сіңірілу фазасы.
Циклдың бірінші жартысында – фолликулярлы (ФСГ ықпалымен примордиальды фолликулдың бір бөлігі дамиды), екінші жартысы – лютеиндеуші (ЛГ әсерінен овуляцияланған грааф көпіршігінен эндокринді без түзіледі - сары дене). Овуляция шамамен циклдың ортасына тура келеді.
Менструальды оралымы (циклі)
Гормондар әсерінің өзгерістері эндометрий, жатыр түтігінің кілегейлі, цервикальды канал, қынапқа әсерін тигізеді. Жатырдың кілегей қабығы циклды өзгерістерге ұшырайды. Әр циклда эндометрий менструальды, пролиферативті, секреторлы фазадан өтеді.
Менструальды фаза – эндометрийдің функционалды қабатының сылынып түсіп, қан шығуы. Сары дененің атрофиясы мен өліміне сай келеді. Менструальды қан ағу тоқтағанда жатырдың кілегейлі қабатының жылдам регенерациясы басталады.
Пролиферативті (фолликулярлы) - овуляцияға дейін жүреді, осы кезде эстроген (көбіне эстрадиол) ықпалынан базальды қабат жасушаларының пролиферациясы мен эндометрийдің функционалды қабатының қалпына келуі жүреді.
Секреторлы (лютеиндеуші) фаза – овуляциядан менструацияға дейін созылады. Сары дене бөлетін прогестеронның жоғары мөлшерінен ұрықтың имплантациясына қолайлы жағдай жасалынады. Кілегей қабығының бездері жоғарылап, секрет бөле бастайды. Дененің базальды температурасы 37˚С жоғары.
Ұрықтану
Ұрықтану деп аталық пен аналық жыныс жасушаларының қосылу процесін (сперматозоид пен жұмыртқа жасуша) атайды. Ұрықтану кезінде аталық пен аналықтың гаплоидты гаметалары қосылады. Осы кезде олардың ядролары (пронуклеустары) байланысады, хромосомалары қосылып, жаңа ағзаның бірінші диплоидты жасушасы – зигота түзіледі. Овуляцияға ұшыраған жұмыртқа жасушаның максимальды ұрықтануға қабілетті мерзімі 4-5 күн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет