Жыныс жолдары арқылы жұқтырылатын инфекциялар



бет3/3
Дата05.08.2023
өлшемі24,29 Kb.
#105056
түріҚұрамы
1   2   3
Хламидиоз — жыныстық қатынас арқылы жұғатын жұқпалы ауру. Хламидиоздың қоздырғышы — хламидия бактериясы (лат. Chlamydia trachomatis). Жұқпалы жыныс ауруларының ішіндегі ең кең таралғаны болып есептеледі.
Хламидия (лат. Chlamydia trachomatis) — жұқпалы хламидиоз ауруын тудыратын бактерия. Хламидиядың қауіптілігі-ағзада ешбір белгі білдірмейтіндігі жатыр. Індеттің бар-жоғын анықтау үшін арнайы медициналық тексерулерден өту қажет. Егер жұқпалы ауруды уақытылы ауыздықтамасаң оның зиянды салдарына душар боласыз. Сол үшін дер кезінде емделу қажет-ақ. Хламидия жатыр түтікшелерінің қызметін бұзып, оның салдары бедеулік пен жатырдан тыс жүктілікке әкеп соқтырады. Инфекцияның алғы белгісі іштің төмен жағына ауырлық түсіретіндігінде. Ол басқа мүшелердің ауруын қоздырады. Хламидиядан қорлық көріп жүрген еркектердің жұмыртқасына суық тиіп, қуық жолары ісініп, кей жағдайда қызарып, дәрет сындыра алмайтындай жағдайға түседі.
Хламидиоздың алғашқы белгілері
Сұйықтық түсінің өзгеріске ұшырауы, іштің төмен жағының бүріп ауыруы әйелдер организміндегі асқынған хламидияның көрсеткіші болып табылады. Еркектерде де сұйықтық мөлшерден көп бөлінеді. Хамидия әрқашан жаныстық қатынас арқылы жұғады. Берекетсіз жыныстық қатынасқа түсетіндерде бұл қауіпті індетке шалдығу мүмкіншілігі зор. Әсіресе 20 мен 30 жас аралығындағы ер азаматтар көп емделеді. Емделу процесі ұзақ инфекциядан сақтанудың бірден бір жолы-сауатты сақтану, әрі медициналық жолмен тексеріліп тұру. Ауруды жұқтырған адам міндетті түрде екі тарап та емделу керек. Бірі емделіп, екіншісі ем қабылдаудан бас тартса уақыттың зая кеткені. Тағы бір ескеретін жайт инфекцияның қайталануына жол бермеу. Әйтпесе, оның ауыртпалы көп болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет