Жыныстық циклдің феномендерін балаудың клиникалық әдістері



бет10/15
Дата11.12.2023
өлшемі1,19 Mb.
#137755
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
stud.kz-33305

Овуляциядан кейін 4-5 күннен кейін-ақ сары дене (corpus luteun) аналық ұрық безінің үстінен бултиып біліне бастайды. Егерде овуляциядан кейін мал тоқтап кетіп, буаз болса, сары дене мал төлдегенге дейін өзінің қызметін тоқтатпай сақталып қалады. Мұндай сары дененің буаздықтың сары денесі деп атайды. Ал егерде мал буаз болмай жыныстық цикл қайталанатын болса, пайда болған сары дене 7-10 күннің ішінде ыдырап, сіңіп кетеді де, аналық ұрық безінде қайтадан фолликулдер өсіп жетіле бастайды. Мұндай жағдайда сары денені жыныстық циклдің сары денесі деп атайды. Буаздықтың сары денесі мал төлдегеннен кейін 30 күннің ішінде, ал жыныстық циклдің сары денесі 15-20 күннің ішінде ыдырап сіңіп кетпей тұрып қалса, ондай сары денені тұрып қалған немесе персистенттік сары дене деп атайды. Бұл жыныстық жүйедегі қандай да бір патологияның белгісі.

  • Овуляциядан кейін 4-5 күннен кейін-ақ сары дене (corpus luteun) аналық ұрық безінің үстінен бултиып біліне бастайды. Егерде овуляциядан кейін мал тоқтап кетіп, буаз болса, сары дене мал төлдегенге дейін өзінің қызметін тоқтатпай сақталып қалады. Мұндай сары дененің буаздықтың сары денесі деп атайды. Ал егерде мал буаз болмай жыныстық цикл қайталанатын болса, пайда болған сары дене 7-10 күннің ішінде ыдырап, сіңіп кетеді де, аналық ұрық безінде қайтадан фолликулдер өсіп жетіле бастайды. Мұндай жағдайда сары денені жыныстық циклдің сары денесі деп атайды. Буаздықтың сары денесі мал төлдегеннен кейін 30 күннің ішінде, ал жыныстық циклдің сары денесі 15-20 күннің ішінде ыдырап сіңіп кетпей тұрып қалса, ондай сары денені тұрып қалған немесе персистенттік сары дене деп атайды. Бұл жыныстық жүйедегі қандай да бір патологияның белгісі.

Овогенез деп аналық ұрық безінде аналық ұрық торшасының пайда болып, өсіп-даму үрдісін айтады. Ұрық торшасы аналық ұрык безінің сырткы қыртысты қабатында примордиалдік фолликуллдердің арасында пайда болады. Овоцитті сыртынан бір қабат фолликулярлық торшалар қоршап тұрады. Бұл алғашқы фолликула. Овоциттер эмбрионалдық кезеңде-ақ пайда бола бастайды. Бұл үрдіс жыныстық жетілу мерзімінде біршама қарқынды, ал одан кейін сол баяулап қартайғанға дейін жүріп отырады. Примордиалдық фолликулдердің жалпы саны сиырларда бірнеше ондаған мыңға жетеді, оның тек азғана бөлігі толық пісіп-жетіліп, овуляциямен аяқталады да, қалған фолликулдер атрезияға ұшырайды. Атрезия деп фолликулдің дамуы тоқтап, ішіндегі ұрық торшасы өліп, фолликулярлық сұйықтың ыдырып сіңіп кетуін айтады.Бұл кәдімгі физиологиялық құбылыс.

  • Овогенез деп аналық ұрық безінде аналық ұрық торшасының пайда болып, өсіп-даму үрдісін айтады. Ұрық торшасы аналық ұрык безінің сырткы қыртысты қабатында примордиалдік фолликуллдердің арасында пайда болады. Овоцитті сыртынан бір қабат фолликулярлық торшалар қоршап тұрады. Бұл алғашқы фолликула. Овоциттер эмбрионалдық кезеңде-ақ пайда бола бастайды. Бұл үрдіс жыныстық жетілу мерзімінде біршама қарқынды, ал одан кейін сол баяулап қартайғанға дейін жүріп отырады. Примордиалдық фолликулдердің жалпы саны сиырларда бірнеше ондаған мыңға жетеді, оның тек азғана бөлігі толық пісіп-жетіліп, овуляциямен аяқталады да, қалған фолликулдер атрезияға ұшырайды. Атрезия деп фолликулдің дамуы тоқтап, ішіндегі ұрық торшасы өліп, фолликулярлық сұйықтың ыдырып сіңіп кетуін айтады.Бұл кәдімгі физиологиялық құбылыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет