«Жыраулар поэзиясы-халқымыздың асыл мұрасы»



Дата26.03.2023
өлшемі31,88 Kb.
#76190
Байланысты:
Демесінова Ақмерей (1)


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

СӨЖ

Тақырыбы: «Жыраулар поэзиясы-халқымыздың асыл мұрасы»
Орындаған: Демесінова Ақмерей Есімкулқызы (ҚТӘ-201)
Қабылдаған: Дәрібаев Самал Дәрібайұлы


2022-2023 оқу жылы
«Жыраулар поэзиясы – халқымыздың асыл мұрасы»

Қазақ поэзиясы әрқашан жалынсызға от беріп, мұратсызға дем беріп отыратын алапат күшке ие.Оның ішіндегі «Жыраулар поэзиясы» төрелік етуімен басқа поэзиялардан ерекшеленеді.Ақыл іздеген халыққа жыраулар керек кезде әділдігін айтып, қара қылды қақ жаратын сөздерін поэзия арқылы жеткізген.Сұм заманның өзінде сүңгітіп әкететін тереңдік осы жыраулардың поэзиясынан табылды.Содан да болар, олардың жыры адуынды, жігерлі келеді.Қай жыраудың поэзиясын алып қарасақ та жігерсізі жоқ.Жаугершілік болған кезеңдерде төрткүл дүниені билеп отырған хан болсын,қаймықпас қайратты батыр болсын жыраулардың ақылына жүгінді.Жыраулар барша халықтың атынан сөйлеп, сөздің патшасы өлеңмен ақыл беріп отырған.




Жыраулар қарапайым халықтан бір саты жоғары тұрды.Бойына ақылмен қоса ақындық дарыған,әділ,әрі адал кісілер ғана «жырау» атанды. Халықтың ішінен мыңнан бірі ғана оза шығып, ханның өзіне қарсы шыға алатын адамдар ғана «жырау» болған.Олар ханнан жоғары болмаса, ханнан төмен болған жоқ.Қарсы алдынан шыққан ханның өзі жыраулардан именетін.Сондықтан шығар, жыраулар «әулие» атанған.Оған дәлел: Абылай ханның кезінде өмір сүріп,оған ақылшы болған Бұқар жырауды халқы «көмекей әулие» деп биік санады. Көмекейі бүлкілдеп, әр сөзін өлеңдетіп айтқан соң халық оны әулиеге теңеген. 


Әр жыраудың жыры төгілген маржан, бағалы қазына десең артық емес. Олардың жырындағы әр сөздің өзінде қасиет бар, ақыл бар. Текке отырып, ұйқас қуалап, шабытпен жыр жазған жоқ.Олар әр жырын халыққа арнады, халықтың атынан ханға арнады.Әр өзенді бастаушы бұлақ болса, әр халықты бастайтын осы жыраулар.


Жыраулардың поэзия әрқашан кемелдікке шақырып, адамдыққа үндеді. Әр жырауда шабыты шалқыған дастаны бар.Олардың ең ұлы қасиеті - жырау екенін, ақылшы екенін ұмытпай, адам тағдырына байсалды түрде қарады. Олардың жыры үндестік тапты.Бар-жоғы 33 жыл өмір сүрген Доспамбет: 
«Тоғай, тоғай, тоғай су,
Тоғай қондым, өкінбен.
Толғамалы ала балта қолға алып,
Топ бастадым, өкінбен»,- деген рухты жырын мұра етіп қалдырды.Тереңіне бойлап, түсіне қарасақ өлеңнен рух сезіледі.Қатаң дауыссыз дыбыстардан құралған сөздердің өзінен естіген құлақ та жасқанады.
Есім ханға еңселі жырын арнаған Жиембет жырау да жырларын асқан шеберлікпен жаза білген.Ғылым дамымаған заманның кезінде Жиембеттің Есім ханға арнаған өлеңдерінде аллитерация,ассонанс тәсілдерін кеңінен қолданған.Соның әсерінен өлеңдері әрқашан өтімді болып,өзегін жоймады.Осындай асқан шеберлікпен жазған жырлардың арқасында жыраулар өз биігінде қала бермек.

Тіпті музыкалық өнерге де жол ашқан жыраулар боп саналады.Оған мысал ретінде ел арасында «Шертпе күйдің шебері шебері» деп танылған Тәттімбет жырауды айтуға болады.Ол әлеуметтік өмірге өз көзқарасын білдіріп, үндеу жасағанымен қатар күйшілік өнерді де дамытты.Түрлі шебер шертпе күйлерді дүниеге әкелді.Аз ғана сүрген ғұмырында жырау 40-тан астам күй шығарды. Бұл 40 күйдің өзі, қазақ музыка өнерінің дамуына 40 қадам жасағанмен тең еді.



Жауға қылышын, ханға өлеңін сермеген Махамбеттің өзін біз «жырауға» теңейміз.Махамбет адуынды жырымен, яки батырлығымен ғана емес, күмбірлеген күміс күйімен де белгілі.Дәл осы мысалдардың өзінен біз жыраулардың жан-жақты өнерлі екен, дара тұлға екенін байқаймыз.Батыр болып қол бастады, ақын болып сөз бастады, күйші болып күмбірлетті. Барлық өнер, барлық жақсылық атауы осы жыраулардың болмысынан табылды. Біз үлгі алатын да, рухына табынатын да бірден-бір кісілер - осы жыраулар.


Жыраулар поэзиясы әрқашан өзегін жоймайды.Қашан оқысаң да, іштегі рухты оята біледі, шабыт сыйлайды.Ертеңге деген, болашаққа деген сенімді ұялатып, ұлтқа деген сүйіспеншілігімізді оятады. 

Қанша ғасыр өтсе де қасиеті жоғалмаған жыраулар поэзиясы - бізге асыл мұра.Қазақ халқы ежелден-ақ баба мұрасын қастерлеген.Мұрасын жоғары қойып, бағалай білген.Біз де жыраулар поэзиясын дәл солай құрметтеуіміз керек.Бізге табыстаған мұрасын келешек ұрпаққа табыстай алуымыз үшін оны қастерлейік.Жыраулардың рухты өлеңімен рухани дамиық!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет