Жыраулардың сөз жасаудағы әдіс-тәсілдері


Хандық дәуірдегі шешендік өнердің майталмандарына тоқталыңыз



бет7/40
Дата31.12.2021
өлшемі74,94 Kb.
#23493
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40
Байланысты:
Документ (178)

Хандық дәуірдегі шешендік өнердің майталмандарына тоқталыңыз

Қазақ көшінің бастаушысы, халықтың корғаушысы бола білген бұл билер — салт заңын бұқара былай тұрсын, хандарға да, байларға да, батырларға да бұздырмауға тырысқан, тіпті тілін алмаған хандарды, бір кезде, тақтарынан қуыршақша алып тастап та отырғандығын дәлелдеп жазады. Бұл орайда Сәкен Сейфуллин Тоқтамыс ханды ордадан қуалаған Едіге би, Шағатай ұлысындағы хандарды қуыршақша ұстаған Ақсақ Темір биді мысалға келтіреді. Сәкен

Сейфуллин билер дәуірінің әдебиетін сөз еткенде, билер мен шешендердің көрегендік, көсемдік қасиеттерін жете танығанын әрі заманының соққан желін дұрыс аңғарғанын, Ресейдің отарлау саясатының ызғар-ықпалын, жат елдің шеңгеліне, құрсауына түсе бастағанын білгірлікпен баяндайды.

Әлбетте, С. Сейфуллиннің тамаша, ажарлы ой-пікірлеріне социалистік идеологияның, тұрпайы социологияның көлеңкесі түспей қалған жоқ. Ол осы оқу кұралының кіріспесінде сол ескіліктегі үстем таптың заң ережелерінің тұтқасының жуан ортасын ұстаған, үстем таптың санасының ұлы күзетшісі, ұлы үгітшісі билер болған сияқты деп жазады.

Әрине, Сәкен биді халық таңдап сайлайтынын, мұндай атаққа өз өнерінің, еңбегінің, ақылының арқасыида кететінін жетік білсе де социалистік қоғамныц тұзағынан шыға алмаған. Әйтпесе, ұлттық ой-сананың ұлы күзетшісі екенін білмеген деу әбестік болар еді. Осында шешен мен тыңдаушының ара-қатынасына байланысты да пікір бар. Соған ой жүгіртелік:

Бұрынғылардан қалған үлгілі сөздерді жинап, екшеп айтып отырған шешендердің, билердің сөздерін тыңдамағандарды- меңіреулер дейді.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет