Жіті жүрек шамасыздығы, жүрек астмасының диагностикалық критерийлері. Жүрек шамасыздығы


Ж: Асқынған Гипертон Криз ( энцефалопатия )



бет22/33
Дата07.01.2022
өлшемі75,61 Kb.
#20375
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33
Ж: Асқынған Гипертон Криз ( энцефалопатия )

1. Тыныс жолдарын санациялау.

2. Оксигенотерапия.

3. АҚҚ тез жəне абайлап төмендету.

- Эналаприлат (АПФ ингибиторы) 0,625-1,250 мг 5 минут ішінде шамамен 20 мл 0,9% натрий хлориді ертіндісіне ерітіп көк тамырға баяу ертіндісіне.


28

Науқас В., 43 жаста, шағымдары: күнделікті тұншығу ұстамалары, әсіресе, қиын дем шығару, жалпы әлсіздік, дімкәстік. Ұстамадан кейін аз тұтқыр шыны тәрізді қақырық бөлінеді. 2 жылдан бері ауырады, өршуі күз айында басталады. Науқаста пенициллинге аллергиясы бар. Объективті: жағдайы орта ауырлықта. Науқас столдын қырына сүйеніп отырады. Тері таза, цианозды. Кеуде қуысы бөшкетәрізді, қабырға аралықтар кеңейген, мойын веналарының ісінуі байқалады, тыныс алуда қосалқы бұлшықеттері қатысады. Тыныс алуы шулы, 22 тыныс алу қозғалысы минутына. Перкуссияда қорапты дыбыс байқалады, аускультацияда әлсіреген везикулярлы тыныс және құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. ТАЖ 22 рет минутына. Жүрек тондары ырғақты, анық, 92 соққы/мин, АҚҚ 140/70 мм. сын. бағ.

Науқастағы шұғыл жағдайды анықтаңыз

Шұғыл көмек көрсету алгоритмін құрастырыңыз, әр кезеңді негіздеңіз.
Ж: Бронх астма


  • Қан қысымын өлше, тыныс алуын және пульсін қадағала. 

  • Науқасты ыңғайлы етіп жартылай отырғыз, бөлмені таза ауамен желдет. 

Жеңіл ұстамада ингаляция жаса: алупент, астмопент, сальбутамол, беротек, вентолин, тербуталин, дитек және басқаларды 1 сағатта 3 ретке дейін. 

Орташа түрінде бронхоспазмолитиктерді инъекция түрінде қолдану қажет. 0,5 мл 0,05% алупент немесе адреналин ерітіндісін бұлшық етке немесе тері астына енгіз (бұл дәрілер тахикардияда, артериялық гипертензияда, қарт адамдарға және жүкті әйелдерге қарсы көрсетілген). 
10 мл 2,4% эуфиллинді 10 мл 0,9% натрий хлорид ерітіндісімен баяу көк тамырға енгіз. 


29

Науқас А., ЖИА, күштемелі стенокардия II ФК диагнозы бойынша "Д" есепте тұрады. "жедел жәрдем" дәрігеріне жағдайының нашарлауына: ұстаманың күніне 5-6ретке дейін жиілеуіне , 200м жүргенде ұстама пайда болуына шағымданды. Нитроглицеринді бұрын қабылдаған дозада қабылдағанымен ангинозды ауырсыну басылмайды.

Обьективті : жағдайы орташа ауырлықта. тері жамылғысы қалыпты тері түсі. Жүрек соғуы ритмді. ЖСЖ рет минутына. АҚҚ 110/70 сын.б.б.

Өкпеде везикулалық тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ 22рет минутына. Іші жұмсақ , ауырсынусыз. Бауыр және көкбауыры ұлғаймаған.

ЭКГ қалыпты, бұрынғы түсірілгенімен салыстырғанда өзгеріс жоқ.

Науқастағы шұғыл жағдайды анықтаңыз

Шұғыл көмек көрсету алгоритмін құрастырыңыз, әр кезеңді негіздеңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет