«Графикалық диктант» әдістемесінің нәтижесі (Д.Б.Эльконин). Кеңістіктегі бағдарларды зерттеуге арналған. Оның көмегімен ересек адамның нұсқауларын мұқият және нақты орындау, берілген сызық бағытын дұрыс жаңғырту және ересек адамның бағыты бойынша өз бетінше әрекет ету қабілеті анықталды. Жалпы сынып оқушыларының кеңістікте бағдарлануы, мұғалімді мұқият, назар қойып тыңдауы, өз бетінше әрекет ете алу қабілеті қалыптасуы орташа деңгейде.
1 а сыныбы бойыншажоғары деңгейді - оқушы –3 оқушы 14%, ортадан жоғары – 5 оқушы – 24%, орташа – 10 - 48%, төменнен жоғары – 3 оқушы - 14% көрсетті; 1 ә сыныбы бойынша ортадан жоғары 10 оқушы 42%, орташа деңгейді – 14 оқушы – 58%, төмен деңгейді көрсеткен жоқ.
Логикалық ойлау әдістемесі. «Не артық?» « Не артық?» әдістемесі оқушылардың бейнелік ойлауын, талдау және жалпылау амалдарының орындау үрдісін зерттеу мақсатында алынды, 1а сыныбы бойынша жоғары деңгейді – 7 оқушы - 33%, орта деңгейді – 14 оқушы – 67%, төмен деңгей көрсеткен оқушы анықталмады. Жалпы сыныптағы оқушылардың бейнелік ойлауын, талдау және жалпылау амалдарының орындау үрдісінің деңгейі осы әдістеменің қорытындысына қарап орта деп айтса болады.
1 «Ә» сыныбы жоғары деңгейді – 8 оқушы - 33%, орта деңгейді – 15 оқушы – 63%, төмен деңгей – 1 оқушы - 4 % көрсетті. Жалпы сыныптағы оқушылардың бейнелік ойлауын, талдау және жалпылау амалдарының орындау үрдісінің деңгейі осы әдістеменің қорытындысына қарап орта деңгейде екенін көруге болады.