Жұқпалы аурулар адамнын ағзасына бірқатар микроағзалардың енуі нәтижесінде пайда болады. Микроағзалар бірнеше топқа бөлінеді:
1) бактериялар немесе аударғанда таяқшалар деп аталатын бір жасушалы микроорганизмдер, мөлшері 0,5 мкм ден 8-10 мкм-ге дейін, олардың формалары әр түрлі: шар тәрізді, таяқша, сопақша, үтірше, иілген, спираль тәрізді болады.
2) вирустер, олардың мөлшері өте шағын 0,08 мкм-ден 0,35 мкм-ге дейін. Вирустер тек тірі жасушаның ішінде паразиттік өмір сүретін, жай микроскоппен көрінбейтін, ең қарапайым тіршілік иесі. Вирустар кептіруге, төмен температураға төзімді келеді. Күн сәулесі, ультракүлгін сәулесі, 60-тан жоғары температура, формалин, хлорамин, хлор вирустарды тез жояды. Вирустар 75 шақты аурулар тұдырады.
3) риккетсиялар, олардың мөлшері 0,3-0,5 мкм, спораға айналмайды, кептіруге, аязға тұрақты келеді, қайнатқанда, залалсыздандырғанда тез өледі. Тудыратын аурулар риккетсиоз деп аталады (бөртпе сүзегі, қайталама сүзек, Ку қызбасы).
4) саңырауқұлақшылар – мөлшері едәуір 3-5 мкм, түрі созылған жіп тәрізді көп жасушалы микроорганизмдер, қолайсыз жағдайда спораға айналады. Бұл топ микоздар деген ауру туғызады, адамға қауіпті гистоплазмоз, бластомикоз және т.б.
5) спирохеталар, олар мерез, лептоспироз деген ауруларды қоздырады.