Жүйке жүйесінің аурулары Жоспар



бет12/12
Дата07.01.2022
өлшемі1,46 Mb.
#18571
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
жүйке жүйесінің аурулары

Негізгі  патологиялық  ошақ  –  көбінесе мидың «жас» бөлімдерін, ерікті қозғалыстарды, сөйлеуді сонымен қатар басқа да әрекеттерді реттейтін мидың үлкен жарты шарлары зақымданады. Негізгі клиникалық синдромы – қимыл-қозғалыс бұзылыстары.

Мидың зақымдану аймағына қарай БЦС түрлері (Семенова К.А. бойынша):

1) Сіреспелі диплегия (Литтл ауруы, параплегия) – мидың аяқ-қол қимыл-қозғалысына жауап беретін аймақтардың зақымдануымен сипатталатын жиі кездесетін түрі.

2) Сіреспелі гемиплегия – қимыл-қозғалысқа жауап беретін мидың бір жарты шарының қыртыс және қыртысасты құрылымдарының зақымданумен сипатталады.

3) Қосарланған гемиплегия – мидың екі жарты шарлардың зақымдануымен сипатталады, БЦС ең ауыр түрі.

4) Гиперкинездік түрі БЦС басқа түрлерімен (сіреспелі диплегия) жиі қосарланады, мидың қыртыасты орталықтардың зақымдануымен сипатталады.

5) Атониялы-астатикалық түрі – мишықтың зақымдануымен сипатталады, бұлшық ет тонусының төмендеуі мен қимыл үйлесімділігінің бұзылуы байқалады.

6) Атаксия түрі – дененің атаксиясы отыру, түру, жүру тұрақсыздығымен білінеді.

ЖАБЫҚ бас сүйек-ми жарақаттарының жіктемесі

  • Ми шайқалуы – мидың ең жеңіл зақымдануы.
  • Ми жарақаты (соғылуы), ми шайқалуына қарағанда, әр деңгейде білінетін ошақтық неврологиялық симптомдармен сипатталады.
  • Ми қысылуы көбінесе бас сүйек қуысына қан құйылудан (бас сүйек іші гематомасы) немесе мидың кенеттен ісінуінен, кейде бас сүйектерінің миды ығыстыруынан, сирегірек қатты қабық астына қан құйылудан пайда болады.
  • Эпидуралдық гематомалар мидың қатты қабығы мен сүйектер арасынга қан құйылуынан (50-70 мл) пайда болып, 0,4-10% жағдайларда кездеседі

АШЫҚ бас сүйек-ми жарақаттары

  • Остеомиелит – сүйек миында болатын инфекциялық қабыну процесі
  • Эпидуритке – борпылдақ дәнекер тін аймағында шешек ауруы
  • Эпендиматит – мидың қарыншаларының ішкі қабығының қабынуы (эпендима).
  • Жараның инфекциялануы

БАС СҮЙЕК-МИ ЖАРАҚАТТАРЫ

Бас сүйек-ми жарақаттарының зардаптары.

  • Мидың диэнцефалдық-бағандық құрылымдары зақымдануынан болтын астения синдромы.
  • Бас сүйек-ми жарақаттарының аралық және алшақтанған кезеңдерінде вегетативтік дистония синдромы өте жиі байқалады.
  • Бас сүйек-ми жарақатының жиі кездесетін зардаптарының бірі – гидроцефалия (мидың сулануы).
  • Гидроцефалия дегеніміз – ми-жұлын сұйығының шамадан тыс қатты тасып, басқа құйылып жиналуынан пайда болатын ауру
  • Микроцефалия – гректің «микро» - «кішкентай» және «цефал» - «бас» сөздерінен бірігіп, бас сүйегі мен миы жетілмей қалған деген ұғымды білдіреді. Микроцефалия ақыл-ой кемістігінің ең ауыр түріне жатады

Назарларыңызға рахмет!)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет