Жүйке жүйесінің аурулары


жүйке ұштары - рецепторлар (латынша - қабыл-даймын, қабылдаушы)



бет4/5
Дата15.12.2023
өлшемі0,61 Mb.
#138262
1   2   3   4   5
Байланысты:
f603cd51e60e9c 2

жүйке ұштары - рецепторлар (латынша - қабыл-даймын, қабылдаушы);

сезгіш нейрондар (қозуды орталық жүйке жүйесіне өткізеді);

жүйке орталығы (орталық жүйке жүйесі);

қозғалтқыш нейрондар;

тітіркендіруге жауап қайтаратын мүшелер (бұлшықеттер және т. б.).

Жүйке жүйесінің құрылымын, қызметін, дамуын зерттейтін ғылым неврология деп аталады.

Адам организміндегі жүйкенің сезімталдығы мен қызметінің бұзылуы – жүйке жүйесінің ауруларын тудырады. Оларға орталық және шеткі жүйке жүйесі құрылымдарының өзгерістері, жүйке-психика аурулары (нервоз) жатады. Жүйке жүйесінің белгілі бір жеріндегі рефлекс процесіне қатысты организмнің белгілі бір тіршілік әрекетін реттейтін нейрондар тобы – жүйке орталығы болады. Жүйке орталығын құратын нейрондар қозу және тежелу синапстері арқылы өзара байланысып, нейрон торлары деп аталатын күрделі жүйе құрайды.

Невралгия (грек тілінен neuron – жүйке және algos – сырқырау, ауырсыну) – шеткі жүйкенің ұстамалы ауруы. Невралгияның пайда болуына жүйкенің қабынуы, жүйкенің шоғырланған жері мен омыртқа жотасының аурулары немесе тіндер мен органдардың жарақаттануы, инфекция түсуі (тұмау), қатты суық тию, т.б. әсер етеді. Невралгияға үш тармақты, желке және қабырға аралық жүйкелер жиі шалдығады. Үш тармақты жүйкенің Невралгиясы сәбидің алғаш тісі шыққан кезде қиындықтар туғызса, жұлған тістің орны қабынып, қатты суық тисе не инфекция түссе, сондай-ақ пульпит (тіс тінінің қабынуы) және периодонтиттің (тіс түбінің сыртқы қабығының қабынуы) асқынуынан болады. Бұл кезде беттің бұлшық еті тітіркеніп, адамның аузын ашуы, жұтынуы, жөтелуі қиындайды, ауру ұстамасы кенеттен болып, бірнеше минуттан бірер сағатқа созылуы мүмкін. Желке Невралгиясы кезінде негізінен мойын ауырады. Ал қабырға аралық жүйкенің Невралгиясы омыртқа жотасының ауруынан, әсіресе адамға қатты суық тиюден болады. Емі: Невралгияны туғызған ауруларды емдеу, поливитаминдер егу, физиотерапия, т.б. қолдану. Көп жағдайда үш тармақты жүйкенің Невралгиясына хирургиялық операция жасалады. Шизофрения, биполярлық аурулар мен қояншық ауруы (эпилепсия) кеңінен мәлім және көбінесе невролог дәрігердің немесе психиатрдың іс тәжірибесінде жиірек кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет