Адамның миы орталық жүйке жүйесінің ең негізгі маңызды бөлігі. Одан 12 жұп нервтер шығып, миды көптеген ішкі мүшелермен, беттің, мойынның еттерімен, тілмен, көзбен байланыстырады және сезім мүшелерінен келетін мәліметтерді жеткізеді. Бұларға 1. иіс, 2. көру, 3 көз қимылдатқыш, 4. шығыршық, 5. үшкіл, 6. бұру, 7. бет, 8. дыбыс, 9. тіл-жұтқыншақ, 10. кезеген, 11. қосымша, 12. тіласты нервтері жатады. Адамның миы ми сауытында орналасқан. Ми сопақша ми, мишық, ортаңғы ми, аралық ми және үлкен ми сыңарларынан тұрады
Жаңа туған сәбидің миының салмағы орта есеппен 360-390 гр. Алғашқы жылы мидың салмағы екі есе, 3 жаста үш есе ұлғаяды. Бастауыш сынып оқушыларының миының салмағы 1250-1300 гр, ересек адамда 1400-1450 гр. Алғашқы 6-7 жылдың ішінде баланың миының салмағы ересек адамның миының салмағының 4/5 бөлігіндей болады. Мидың толық жетілуі 17-20 жаста байқалады. Адамның ақыл-ойы оның миының салмағымен тікелей байланысты емес.
Сопақша ми - жұлынның үстіңгі жағында орналасқан. Оның ұзындығы 2,5-3 см, салмағы 7 г. Ол екі түрлі қызмет атқарады: рефлекторлық және өткізгіштік. Сопақша мида тыныс, қан айналым, сору, шайнау, жұтыну, жөтел, түшкіру, сілекей шығару, қарын және қарын асты бездерінің сөлдерін шығаратын нерв орталықтары орналасқан және ІХ-ХІІ ми нервтерінің ядролары орналасқан. Вароли көпірі— сопақша мидың үстінде орналасқан. Оның ұзыңдығы 2,5 см. Ол үстіңгі жағыңда ортаңғы мимен, бүйір жақтарында мишықпен шектеседі. Сопақша ми мен вароли көпірін артқы ми деп те атайды. Мұның қызметі де сопақша ми тәрізді: рефлекторлық және өткізгіштік қызметтерін атқарады.
Сопақша мидың арт жағында мишық орналасқан. Ересек адамның мишығының салмағы 150 г, оның негізгі қызметі - белгілі бір қозғалысқа қатысатын бұлшық еттердің жиырылуының жылдамдығын үйлестіру арқылы барлық қозғалыстарды реттеу, яғни қозғалыстар кезінде бұлшық еттердің тонусын сақтау. Қорытып айтсақ, мишық - тонустық рефлекстердің жоғары дәрежелі реттеушісі болып есептеледі.
Ортаңғы ми вароли көпірінің үстіңгі жағында орналасқан. Мұндағы сұр заттар 4 төбешік түрінде шоғырланған: көзді қозғаушы және шығыршық нервтерінің, қызыл және қара субстанцияның ядролары бар. 4 төмпешіктің алдыңғыларында алғашқы көру орталығы, артқы төмпешіктерінде алғашқы дыбыс орталықтары орналасқан.
Аралық мидыңдамуы 13-15 жаста аяқталады. Ми бағанасының ортаңғы бөлігін торлы құрылым деп атайды. Ол әртүрлі пішінді және мөлшерлі, бір-бірімен шырмалып жатқан нейрондардан тұрады. Микроскоппен қарағанда торға ұқсас болғандықтан оны торлы құрылым деп те атайды. Торлы құрылым негізінен орталық жүйке жүйесінің 3 бөліміне әсер етеді: жұлын, мишық және үлкен ми сыңарлары. Ол жұлынның белсенділігін арттырып немесе тежеп отырады.
Үлкен ми сыңарлары(ми жарты шарлары). Үлкен ми сыңарлары мидың ең үлкен, ең маңызды бөлімі. Адам миының барлық салмағының 80%-ын ми сыңарлары алып жатыр. Ми сыңарлары қызметін жоғары жүйке әрекетіне жатқызады. Ол өзінен төмен орналасқан орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерінің қызметін реттеп отырады. Бұған қоса, біздің санамыз, ойлау қабілетіміз осы ми сыңарларының қызметіне негізделген. Құрылысы жағынан ми сыңарлары бір-бірімен сүйелді дене арқылы жалғасқан екі жарты шардан тұрады. Әрбір жарты шар 5 бөлімнен түрады: маңдай, орталық, төбе, шүйде және самай.
Шеткі жүйке жүйесі. Шеткі жүйке жүйесі ми мен жұлыннан шығып бүкіл мүшелерге, олардың ұлпаларына, клеткаларына тараған нерв клеткалары мен нерв талшықтарынан тұрады. Шеткі жүйке жүйесі с о м а т и к а л ы қ (сома — дене; анималдық деп те атайды) және в е г е т а т и в т і к (ішкі мүшелерді нервтендіретін) жүйке жүйелеріне бөлінеді.
Соматикалык жүйке жүйесіқозғаушы және сезгіш нерв талшықтарынан тұрады. Олар организмнің сыртқы мүшелерін және сырт тұлғасын нервтендіреді.